Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет. Қазақ тілі, 10 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Пән: қазақ тілі | Мектеп: | |||||||||||||
Күні:
| Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||||
Сынып: 10 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||||||
Бөлім | 1-бөлім Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет | |||||||||||||
Оқу бағдарламасына сілтеме | О2 Ғылыми-көпшілік стильді тілдік құралдар арқылытану (терминдер, тілдік оралымдар, өзге стиль элементтері) | |||||||||||||
Оқу мақсаттары | Барлық оқушылар стиль түрлерін ажыратады Оқушылардың көбі ғылыми –көпшілік стилі туралы біледі Оқушылардың кейбірі ғылыми –көпшілік стиліне тән тілдік құралдарды өз бетінше таба біледі және оның қолданысына түсінік береді | |||||||||||||
Бағалау критерийі | 1.Ғылыми-көпшілік стиль туралы түсінік қалыптастырады 2.Ғылыми-көпшілік стильді тілдік қолданыстар арқылы түсінеді 3.Ойларына дәлел келтіріп айтады | |||||||||||||
НЗМқұндылықтары | Өз білімін жетілдіру, топта жұмыс жасау | |||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Сөздер мен сөз тіркестер: мәдениет, ғылыми-көпшілік, ғылыми термин, ұлттық мәдениет, ұлттық рух, ұлтшылдық,жаһанданудың құралыт, дискотека, музыка т.с.с Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер; менің ойымша, себебі, оны мен былай дәлелдей аламын, қорыта келе... | |||||||||||||
Алдыңғы білім | ||||||||||||||
Жоспар | ||||||||||||||
Уақыт | Жоспарланған жұмыс түрлері | Ресурстар | ||||||||||||
Сабақтың басы 5 минут | Қызығушылықты ояту: .
Суреттер бойынша 4 топқа бөлінеді. Өз топтарына тән сурет бойынша өз ойларын ортаға салады, сабақтың тақырыбына, мақсатына болжам жасайды. 1 Сурет сізге қандай ой салады? 2. Суреттер қай саламен тығыз байланысты? Неге? 3.Бұл саланың стилі қандай болып келеді? Неге? Сабақтың мақсатымен таныстыру. | |||||||||||||
Сабақтың ортасы 30-35 минут | Мағынаны ажырату Оқылым алды тапсырмасы. Бөлісейік. Т/ЖЖ Оқушылар топта ғылыми стиль туралы білетін ақпараттары туралы топат 1 минут талқылайды. Топ алдында таныстырады. Осылай әр топ өз білген ақпараттарымен бөліседі. Топта талқылауда төменде берліген сұрақтарды әр топқа бөліп беруге де болады. Ғылыми стиль қайда қолданылады? (Мүмкін болатын жауаптар) Ғылыми баяндамалар мен лекциялар, ғылыми конференциялар мен кездесулерде сөз сөйлеу сөздің ғылыми стилінің мысалы болып табылады. Сонымен қатар, ғылыми журналдар мен жинақтарда, монографияларда, диссертацияларда, энциклопедияларда, сөздіктерде, анықтамалықтарда, оқу әдебиетінде мақалалар. Түсіндіріуді, дәлелдеуді қажет ететін сөздерді атап шығыңыздар. Қандай сөздер қолданылады? (Мүмкін болатын жауаптар) ...көмегімен, сапасына қарай, нәтижесінде..., себебі..., соған сәйкес, ... негіздей отырып, соған байланысты...., салыстыратын болсақ... Ғылыми стильдің функционалдық міндеттері қандай? (Мүмкін болатын жауаптар) 1.Ойды дәл және тұжырымды етіп жеткізуді көздейді. 2.Ойды тұжырымды түрде хабарлауға талпынады. 3.Осы талаптарға жету үшін эмоцияға,экспрессияға көп жол берілмейді Ғылыми стильдің тілдік ерекшеліктері қандай? (Мүмкін болатын жауаптар) 1.Ғылыми ұғымдарды дәл атайтын ,соған арналған терминдер мол орын алады. 2.Процестерді ,тұжырымды ойларды бір терминге келтіріп ,түйіндеп айту негізгі тәсіл болады. 3.Тұрақты үлгідегі сөздер,сөйлемдер ,сөз тіркестері молынан жұмсалады. 4.Баяндауыштары ауыспалы осы шақ формалы етістіктен жасалады. Аллюмений тез балқиды. Ырықсыз етістіктен жасалған баяндауыштар көп жұмсалады. Бидай құнарлы жерде егіледі. Білгенге маржан. Оқушылар ғылыми стиль туралы білімдерін толықтырады. Ғылыми-көпшілік стильдің мақсаты - қалың көпшілікке білім-ғылымның әр саласынан хабар беру және оны жұрттың сауаттылығы, білім дәрежесімен санасып, түсінікті, жеңіл, «жалпақ» тілмен білдіру. Мұнда баяндаумен қатар, түсіндіру сипаты кең орын алады. Ғылыми стильге тән ерекшеліктер:
Оқылым тапсырмасы Ұлттық мақтаныш сезімі дегеніміз не? Ұлттық мақтаныш сезімі дегеніміз белгілі бір ұлт адамының жеке мақтаныш сезімі, белгілі бір немесе басқа бір ұлт адамының көптеген жеке мақтаныш сезімінің жиынтығы болып табылады, ұлттық мақтаныш сезімі әрбір ұлт адамдары үшін бұзылмас заң. Кімде кім өз ұлтын сыйламаса және оны мақтан тұтпаса, ол сөзсіз барып тұрған арамза, отансыз қаңғыбас. Өзін сыйлай алған адам өзгені де сыйлай алады, белгілі бір ұлттың толық азаматы болып әрі өз ұлтыңды мақтан ете отырып, сен басқа халыққа да лайықты қарай аласын. Екі түрлі ұғым бар: ұлттық рух- бұл асыл қасиет, ұлтшылдық- бұл ұлт ішіндегі жеке адам бойындағы көркеуделік. Кейбіреулер ұлттық рухты немесе ұлттық патриотизмді ұлтшылдықпен оп-оңай-ақ шатастырып алады. Бұл жерде міндетті түрде ұғыну қажет. Ұлттық рух тамаша қасиеттерге ие, өз ұлтыңды тануға көмектеседі, ал бізге осы асыл қасиеттерді дамыта түсу қажет, осындай адам ғана отандастарының алдындағы өз халқының және ең алдымен халықтардың бауырластығы алдындағы өз борышын терең де жоғары сезінеді»- деп Бауыржан Момышұлы атамыз айтқан. Жаһанданудың құралы болған ақпарат толқынымен тек қана әрбір адам бойындағы өзіндік жеке мәдениет қана қарсы тұра алады. Қай уақыт, қай кезең болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттердің ең бастысы - өз ісін, ұлттың өмірін жалғастыратын, салауатты ұрпақ тәрбиелеу. Бұл міндет бүгінгі күні де қатты назар аударуды талап етеді, қажет етеді. ХХ ғасырдағы қазақ жастары ұлттық мәдениет, төл өнер, әдет-ғұрыптармен сусын қандырып, әлемде өз бейнесі мен орны бар елге айналу орнына нашақорлық, жезөкшелік пен неше түрлі атыс-шабыс, порнографиялық өнімдермен сусындап, сонымен өсуде. Бес саусақ бірдей емес, көпке топырақ шашуға да болмас. Американдықтар өз жастарын алуан түрлі құбыжықтар, қансорғыш кейпіндегілермен тәрбиелесе, түркі халқы жас жеткіншектерін қанішер кейіпкерлермен тәрбиелемеген. Бұл нені көрсетеді? Бұл Америка деген жеке ұлттың жоқтығын, оның түп-тамыры мен менталитетінің құрамды екендігін, ұлттық нышанда еліктеп өсер бейнелердің жоқтығын айғақтайтын тағы бір дәлел. Батыстың өздері көрмейтін боевиктерімен сусындап жүрген жастардан, өсіп келе жатқан еліктегіш жеткіншек ұрпақ өзінің ұлттық дәстүрі мен ұлттық өнерінен бірте-бірте қол үзіп, адамдық қасиеттерден жұрдай етіп қана қоймай, мәңгүрттікке апаратын шетелдік ұятсыз әдебиеттер, жауыздық пен қанішерліктің жастар арасында таралуын насихаттайтын туындыларға ет үйретіп, соны мәдениетке балап бауыр басып алды. Мәдениет - біздің жастар түсінігіндегі түнгі клуб пен дискотека емес, мәдениет – салт-дәстүр, тіл, діл, тарих, музыка, әдебиет т.б. Сондықтан біз жастардың төл мәдениетті сақтап, дамытуын қадағалаған жөн. Бұл жаһандануға жұтылмаудың жалғыз амалы. Қоғамымыздың жастарының парасат биіктігі мен рухани деңгейінің мықтылығы жоғары болған сайын мемлекет негізінің іргетасы да соғұрлым берік болмақ. Біліммен қаруланған, экономикасы мен демократиясы дамыған елдердің бүгінгі таңда әлемдік аренада өз мәдениетін, тілі мен ділін сақтап қалғанын, жаһандануға қарсы тұрарлық қайраты бар екенін өз көзімізбен көріп, куә болып отырмыз. Бұның сыры аталмыш өз әдет – ғұрпын сақтауға тырысқан өркениетті елдерде жастарына БАҚ- да көрініс табатын жаһандану сипаттарын реттеп отыру жұмысын қоғамдық кеңестер атқарады. Міне, осындай бақылау мен ұлттық рух, патриотизмді жастайынан сіңіріп, болашағына кепіл бола алатынына сенім білдіреді. Сондықтан да бүгінгі жаһандану уақытында жастарды осындай рухани азғындаудан шығатын жолдарды қарастыру күн тәртібіне шығып отырған күрделі мәселелердің бірі. Бұл ретте ата-бабаларымыздың сан ғасырлар бойы көздің қарашығындай сақтап, аманат ретінде қалдырып кеткен жер тұтастығы, бодандық жағдайында біраз әлсіреген салт-дәстүр, әдет-ғұрып, дін, тіл тарихы мен руханият тұтастығы еліміз үшін, оның «қожайыны» - жастар үшін аса маңызды жауапкершілік екенін естен шығармауымыз керек. Қазақ жастарының арасында ұлттық идеясы сапалы деңгейде қалыптасуда деп кесип айта алмаймыз. Оны тіл, діл, дін, салт-дәстүр, мәдениет салаларындағы келеңсіздіктерден байқауға болады. Олардың санасы жеке меншіктік, бай және кедей психологиясы дәрежесінен аса алмайтын жағдайда. Оларды отансүйгіштік рухта, әртүрлі саяси күштердің жетегінде кетпейтіндей етіп тәрбиелеу қажет. ЖЖ Оқушыларға оқылым мәтіні беріледі. Мәтін мазмұнымен танысады. Жұпта төмендегі сұрақтарға жауап әзірлейді. Жауаптарын сынып алдында айтады. Оқушылар жұптың жауаптарын бағалау критерийі бойынша бағалайды.
Бағалау критерийі:
Оқылымнан кейінгі тапсырма. Ж «Ғылыми-көпшілік стильдің мақсаты - қалың көпшілікке білім-ғылымның әр саласынан хабар беру және оны жұрттың сауаттылығы, білім дәрежесімен санасып, түсінікті, жеңіл, «жалпақ» тілмен білдіру. Мұнда баяндаумен қатар, түсіндіру сипаты кең орын алады.» деген пікірді мәтіннен мысалдар келтіре отырып, дәлелдеп шығыңыз. «ПОПС» формуласы арқылы дәптерге жауабын жазады. Пікір...... Себебі..... Дәлел...... Қорытынды..... Бағалау критерийі:
Мұғалім 2-3 оқушының жауабын оқытады. Кері байланыс береді. | http://group-global.org/kk/publication/57575-kazirgi-kogamdagy-zhastardyn-ruhani-mdeni-bet-beynesi Бағалау | ||||||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Кері байланыс. Рефлексия. Не үйрендім? Не қиын болды? Нені түсінбедім? | Ауызша кері байланыс | ||||||||||||
Қосымша мағлұматтар | ||||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | ||||||||||||
Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. | Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз. | Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе? Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме? Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма? Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар? | ||||||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| |||||||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?