Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет. Қазақ тілі, 10 сынып, презентация.


1-тапсырма

Әртүрлі стильде мәтіндер құрастыру

ТЖ.

1. Оқушылар топтарда репортажға тән ерекшеліктермен танысып шығады.

2. «Жастар дәстүрлі құндылықтар үшін. Қарағандыда халықаралық форум өтуде» бейнематериалын көріп, қоғам құндылықтарын сипаттайтын сөз тіркестерін түртір жазып алады.

3. Қарағандыда халықаралық форум өтуде, сол жерде талқыланып жатқан қоғам құндылықтары мәселесі туралы «Тілшілер» репортаж жазады. «Редакторлар» репортажды өңдейді, толықтырады .

Оқушылар репортаж дайындау барысында тыңдармандарға әсер ету үшін репликалар мен эпизодтардарды, публицистикалық және ғылыми стильдің жанрлық, стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолдануы қажет.

https://www.youtube.com/

Жастар дәстүрлі құндылықтар үшін.

Бағалау:

• публицистикалық және ғылыми стильдің жанрлық, стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолдана алады

• қоғам құндылықтарын сипаттайтын сөз тіркестерін тақырыпқа сай қолдана алады

2-тапсырма.

Ж4. Эссе жазу

С. Оқушылар дискуссивті эссе ерекшелігімен танысады. Дискуссивті эссе жазу барысында екіжақты пікір тұрғысынан қарастыру.

Оқушылар дискуссивті эссе жазу барысында қойылған мәселе/тақырып бойынша жан-жақты көзқарастарды білдіреді. Кіріспесінде аталмыш мәселе неліктен маңызды екенін жазып, мысалдарға сүйене отырып, мәселені жан-жағынан қарастырады да, қорытындысында өз пікірін жазып, екі жақтың біреуіне де бет бұрмағандығын аңғартады.

Эссенің тақырыбы: « Қазіргі қоғам құндылықтары мен дәстүрлі құндылықтардың айрмашылығы бар ма?»

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Жұмыс жеке бағаланады.

қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолдана алады

көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазады

Кері байланыс: Үш қадам әдісі

Мен үшін қиын болды..........................

Мен үшін қызықты болды..................

Мені ойландырған ақпарат.................



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу