Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет. Қазақ тілі, 10 сынып, сабақ жоспары.

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Пән: Қазақ тілі мен әдебиеті

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10 Т1

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

1-тарау. Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет

Оқу мақсаттары

Ж4.

Қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу (дискуссивті эссе).

Бағалау критерийі

  • публицистикалық және ғылыми стильдің жанрлық, стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолдана алады
  • қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолдана алады
  • көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазады

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология: құндылықтар, зайырлы мемлекет,өркениет, қоғам құндылықтары, дәстүрлі құндылықтар, игі істер т.б.

Алдыңғы білім

Жоспар

Уақыт

Жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Сабақтың ортасы

30-35 минут

Сабақтың соңы

5 мину

Сәлемдесу.

Оқушылар топқа бөлінеді.

«редакторлар» және «тілшілер» болып екіге бөлінеді.

1-тапсырма

Әртүрлі стильде мәтіндер құрастыру

ТЖ.

1. Оқушылар топтарда репортажға тән ерекшеліктермен танысып шығады.

2. «Жастар дәстүрлі құндылықтар үшін. Қарағандыда халықаралық форум өтуде» бейнематериалын көріп, қоғам құндылықтарын сипаттайтын сөз тіркестерін түртір жазып алады.

3. Қарағандыда халықаралық форум өтуде, сол жерде талқыланып жатқан қоғам құндылықтары мәселесі туралы «Тілшілер» репортаж жазады. «Редакторлар» репортажды өңдейді, толықтырады .

Оқушылар репортаж дайындау барысында тыңдармандарға әсер ету үшін репликалар мен эпизодтардарды, публицистикалық және ғылыми стильдің жанрлық, стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолдануы қажет.

Топтар бірін –бірі бағалайды.

  • публицистикалық және ғылыми стильдің жанрлық, стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолдана алады
  • қоғам құндылықтарын сипаттайтын сөз тіркестерін тақырыпқа сай қолдана алады

2-тапсырма.

Ж2. Эссе жазу

С. Оқушылар дискуссивті эссе ерекшелігімен танысады. Дискуссивті эссе жазу барысында екіжақты пікір тұрғысынан қарастыру.

Оқушылар дискуссивті эссе жазу барысында қойылған мәселе/тақырып бойынша жан-жақты көзқарастарды білдіреді. Кіріспесінде аталмыш мәселе неліктен маңызды екенін жазып, мысалдарға сүйене отырып, мәселені жан-жағынан қарастырады да, қорытындысында өз пікірін жазып, екі жақтың біреуіне де бет бұрмағандығын аңғартады.

Эссенің тақырыбы: « Қазіргі қоғам құндылықтары мен дәстүрлі құндылықтардың айрмашылығы бар ма?»

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Жұмыс жеке бағаланады.

  • қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолдана алады
  • көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазады

Кері байланыс:

Үш қадам әдісі

Мен үшін қиын болды..........................

Мен үшін қызықты болды..................

Мені ойландырған ақпарат.................

Үйге тапсырма: « Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет» тақырыбында ақпараттар жинақтау.

https://www.youtube.com/

Жастар дәстүрлі құндылықтар үшін. Қарағандыда халықаралық форум өтуде.

Репортаж жазу қағидасы /қосымша материал/

 Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

Репортаж жазу қағидасы

Репортаждағы басты мақсат — оқиғаны елестету, көрсету, суреттеу болып табылады. Мысалы, газет репортажы ең қиыны. Себебі, оқырман оны оқып отырып, оқиғаны көз алдынан еткізуі шарт. Бұндағы оқырманның оны көз алдынан өткізіп, сезінуі, бір сөзбен айтқанда, барлығы да автордың жазу шеберлігіне байланысты. Ал, керісінше, радио мен теледидарда салыстырмалы түрде жеңілірек. Өйткені, эфирден дауыс, көңіл-күй естіледі, теледидардан әрі көріп, әрі естиді.

Репортаж негізінен 3-ші жақта баяндалады. Әйтсе де, онда автордың «мені» айрықша білініп тұрғаны шарт. Өйткені, оның осы «мені» репортажда оны және бір қырынан көрсетуге көмектеседі. Автор мұнда мәселенің тек сыртына ғана үңіліп қоймай, «өзінің» «мені» арқылы оқиғаның ішкі тылсымын да түсіндіруге тырысады. Яғни, бұл жерде репортаждың басты кейіпкері-автордың өзі. Басқа хабарлама жанрлар негізінен болған оқиғаны хабарлаумен шектелсе, репортаж қысқа жазылатынына қарамастан, құбылысты жан-жақты, барлық көрінісімен суреттеуге тырысып, әрекет жасайды.

Енді репортаждың тілдік қүрылымына келетін болсақ, онда репортаж жазу барысында көптеген нәрселер қамтылады. Мысалы, хабарлау, суреттеу, көрсету, бағалау т.б. Бұл қасиеттерді қамту автор тілінің тартымдылығын талап етеді. Сондықтан да біз репортаждан басқа да газет жанрларына тән элементтерді кездестіріп отырамыз. Бұл жөнінде орыс зерттеушісі Е.Рябчиков: «Репортаж басқа жанрлардың арасында көрнекті орын алады. Ол бойына очерк, интервью, есеп, корреспонденция сияқты түрлі жанрлардың ең жақсы белгілерін жинай білген. Оның басқалардан айырмашылығы — белсенділігі мен күрескерлігінде, өмірдің алуан түрлі тақырыптарын қозғай білуінде. Кез келген оқиғаны жаза отырып, репортер оқиға көріністерін әдемі суреттейді, қатысушы адамдарға мінездеме беріп, олардың бет-бейнесін шебер жасайды. Сондай-ақ, оқырманға олардың тілдік белгілерін көрсетуге, езі жазып отырған (завод, цех, т.б.) органдарының ауасымен тыныстатуға тырысады», — деп жазған.

Репортаж, әдетте, бір оқиға төңірегінде жазылғандықтан нақты фактіге құрылуы керек. Басты міндет — шындықты көрсету. Жалпы алғанда, репортаж ауызекі сөйлеу және кітаби стилмен жазылады. Ал, ауызекі сөйлеу стилі болса, автордың «менімен» тығыз байланысты. Бәрімізге белгілі бұл екі стилдің жазылуы өте жеңіл әрі баршаға түсінікті болып келеді. Бұған себеп, репортаж қысқа болған соң, оған түсінікті, қарапайым тілмен жазылу тән. Тегі, репортажды жақсы жазамын деп әрсіз метафора, эпитет, қиын да күрделі метонимия, әлсіз әсерлі ету құралдарын қолдану дұрыс емес. Себебі, дұрыс қолданыс таппаған тіркестер, материалдың шынайы реңін, әрін жояды. Бұл жерде тағы бір ескеретін жай репортажды әсерлі етіп жазудың екінші бір жолы — диалогты қолдану. Егер автор өзінің айтар ойын оқырманға диалог арқылы ұқтыра алса, репортаж көркемдігі одан әрі арта түсері сөзсіз

Қалыптастырушы бағалау.

Оқушының аты-жөні:__________________________________________________

Сыныбы: ________ « »

Күні:___________

Ж4.

Қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу (дискуссивті эссе).

Бағалау критерийі

  • қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолдана алады
  • көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазады

Эссенің тақырыбы: «Қазіргі қоғам құндылықтары мен дәстүрлі құндылықтардың айырмашылығы бар ма?»

Сөз саны. (300-350 сөз).

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇

Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу