Мәдениет және өркениет. Қазақ тілі, 10 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Пән: қазақ тілі

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10 Т1

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Бөлім

Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет

Оқу бағдарламасына сілтеме

Ж4 Қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу («келісу, келіспеу» эссесі)

Оқу мақсаттары

Жазба жұмысында қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазады

Бағалау критерийі

Мысалдар келтіре отырып, дәлелді сөйлейді.

Жазба жұмысында қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, өз ойын дәлелдеп эссе жазады

Клишелер арқылы жұбының көзқарасын анықтайды

Тілдік мақсаттар

Менің байқауымша..

Соған қарағанда...

Атап айтсақ...

Мен ... келісемін

Алдыңғы білім

Қазіргі қоғам құндылықтары. Мәдениет пен өркениеттің байланысы.

Жоспар

Уақыт

Жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Қызығушылықты ояту:

Сыныпты қалыпқа келтіру

Ой сергек

«Есімнен сөйлем құрастыру».

Оқушылар жазбаша бір сөйлем құрастырады. Сөйлемнің әр сөзі олардың есімдерінің келесі әріптерінен басталуы қажет. Мысалы, Қанат есімі бойынша мынандай сөйлем құрастыруы мүмкін. Қадірлі адам – нағыз ақылды тұлға.

Сабақтың ортасы

30-35 минут

Мағынаны ажырату

Ойқозғау.

Қазіргі жаһандану дәуірі өршіп тұрған қоғамда

өркениетті қоғам көшіне ілесе алатын ұлтжанды

ұрпақты тәрбиелеу – бүгінгі күннің басты талабы.

Тақырып болжау

Сабақтың мақсатымен таныстыру

Ж4 Қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу («келісу, келіспеу» эссесі)

Мақсатқа негізделген тапсырмалардың бағалау дескрипторын шығару, тарату.

Жазылым алды тапсырма

Топтық жұмыс. Жіптерді әртүрлі ұзындықта қию.

Таңдаған жіптерінің ұзындықтарына қарай топтасу.

Сұрақтарға жауап беріп, бос ұяшықтарды толтырыңыздар

1.Клишелер дегеніміз не?

2.Оның қандай түрлері болады?

3.Жазба жұмысында қалай қолдануға болады?

Бағалау.

Жазылым тапсырмасы

Мәтінді оқып, тапсырмаларды орындаңыз.

ХХ ғасыр басында алаш азаматтары қазақ журналистикасының негізін қалады. Халықтың қоғамдық санасы мен саяси көзқарасы, мәдениет пен өркениеттің қалыптасуына ықпал етті деуге болады. Сондықтан ағартушы-ғалым Ахмет Байтұрсыновтың газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі деп атауы бүгінде қанатты сөзге айналды.

Ақпарат дәуірі аталатын бүгінгі заманда журналистика көз ілеспес жылдамдықпен дамуда. «Журналистика – бұл миссия» дейді журналистика мен мультимедианың бүгінгі үрдістерін бағалаған жазушы, журналист Дебора Кемпбелл.

БАҚ, сондай-ақ журналистика қоғам дамуында, қоғамды басқаруда айтарлықтай жаңа рөлге ие болды.

Журналистика енді кәсіп, қызмет, мамандық болудан гөрі үлкен міндеттер арқалаған миссияға айналды. Бұл өзгерістер тілімізге инновациялық журналистика деген атауды енгізді. Инновациялық журналистика бір оқиға аясындағы жаңалықтар мен хабарларды тарату концепциясынан бас тартып, бұқараға сол оқиғаны түрлі көзқарас тұрғысынан талдауға мүмкіндік берді. Журналистика азаматтардың назарын аударуға, қоғамдық пікірсайыстар туғызуға, жаңа ізденістердің бастамашысы ретінде, медиатор ретінде қызмет атқаруда.

Тапсырма

Журналистика өркениетті қоғам көшіне ілесе алатын

ұлтжанды ұрпақты тәрбиелеуде медиатор дегенге келісесіз бе?

Келісу, келіспеу» жөнінде көзқарасыңызды білдіріп, өз

ойыңызды дәлелдеп, эссе жазыңыз. Қажетті клишелер

мен лексикалық құрылымдарды қолданыңыз

Жазылымнан кейінгі тапсырма

Жұптық жұмыс. Дорбадағы ұқсас заттарды таңдау арқылы жұбын табады.

Жұбыңыздың жазған клишелерін оқып шығып, сол арқылы көзқарасын анықтап, кері байланыс беріңіз.

Тілдік қолданыстар:

Менің байқауымша..

Соған қарағанда...

Атап айтсақ...

Мен ... келісемін/келіспеймін

Бағалау критерийі

Дескриптор

Білім алушы

Балл

1

Жазылымға дейінгі тапсырма.

Мысалдар келтіре отырып, дәлелді сөйлейді.

Мәтін бойынша сұрақтарға нақты жауап береді;

1-сұрақ

2-сұрақ

3-сұрақ

Мысалдар келтіріп, ойын дәлелдейді

1

1

1

1

2

Жазылым тапсырмасы.

Жазба жұмысында қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, өз ойын дәлелдеп эссе жазады

эссе құрылымын сақтайды

клишелерді орынды қолданады

лексикалық құрылымдарды дұрыс қолданады

грамматикалық нормаларды сақтайды

өз ойын дәлелдеп жазады

1

1

1

1

1

3

Жазылымнан кейінгі тапсырма.

Клишелер арқылы жұбының көзқарасын анықтайды

клишелерді оқып, анықтайды

жұбының көзқарасын анықтайды

ойын еркін жеткізеді

1

1

1

Барлығы

12

Бағалау

Бағалау

Сабақтың соңы

5 минут

Кері байланыс Рефлексия

Қосымша мағлұматтар

 Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

ӘБ жетекшісі ______________________



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу