Cөз мәдениеті. Қазақ тілі, 10 сынып, сабақ жоспары. 2 нұсқа.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет. Сөз мәдениеті. Кітаби тіл. Сөйлеу тілі | Мектеп: | |||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||||||||
Сынып: 10 Т1 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет. Сөз мәдениеті. Кітаби тіл. Сөйлеу тілі (2-нұсқа) | |||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 10.4.1.1 мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу | |||||||||||||||||
Сабақтың мақсаттары | Тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу. | |||||||||||||||||
Бағалау критерийі | Орфографиялық нормаға сәйкес жазылу себебін түсіндіре алады. Мәтін құрауда орфографиялық нормаларды сақтап жаза алады. | |||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Пәнге тән лексика мен терминология: Рухани құндылық, рухани жаңғыру, ұлттық салт-дәстүрлер, тіл, әдебиет, даму Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Менің ойымша/пікірімше…, Менің көзқарасым тұрғысынан…., Менің көзқарасым бойымша… | |||||||||||||||||
Құндылықтарды игерту | Ұлттық құндылықтарды білудің маңызы, оны дәріптеуге тәрбиелеу | |||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Тарих пәні | |||||||||||||||||
Бастапқы білім | Оқушылар 9-сыныпта алған білім, білік, дағдыларына сүйенеді. | |||||||||||||||||
Жоспар | ||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | ||||||||||||||||
Сабақтың басы 0-5 | Қызығушылығын ояту Оқушылар топта «Қоғамдық құндылықтар: кеше және бүгін» тақырыбын талқылайды. Бұрынғы кездегі қоғамдық құндылықтар мен бүгінгі кездегі құндылықтарды салыстырады. Мұғалім сабақтың тақырыбын хабарлайды. Сабақ мақсатымен таныстырады. Оқушылар мен мұғалім бірлесе отырып, сабақтың бағалау критерийлерін әзірлейді. | таныстырылым | ||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 5-12 12-20 20-35 | Болжау әдісі Оқушылар топта берілген тірек сөздерді талқылап, мәтінннің тақырыбын, мазмұнын болжайды. Тірек сөздер: құндылық, жаңғыру, бағдар, даму
Жұптық жұмыс. Мәтін таратылып беріледі. Оқушылар мәтінмен танысып, мәтіндегі ақпараттарды талқылайды, кестені толтырады.
Әр жұп өз жұмыстарымен топта бөліседі. Бір-бірін тыңдап, өзара бағалайды. Саралау Ресурс бойынша саралау: қажет еткен оқушыларға орфографиялық норма туралы қосымша мәліметтер беру. Мәтін Өркениет әлемі уақыт өткен сайын сан мың өзгерістерді бастан кешіріп жатыр. Сондықтан Елбасы алдыңғы қатарлы елдермен иық түйістіріп, тереземізді тең ету мақсатында өркениетті дәуірдің даралық дамуына сана-сезімімізді бейімдеу уақыт талабы екендігін айтып отыр. Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында: «Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда, ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс. Абайдың даналығы, Әуезовтің ғұламалығы, Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының күйлері, ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні – бұлар біздің рухани мәдениетіміздің бір парасы ғана»,- деп айтқан сөзінің астарында үлкен мән жатыр. Президент рухани жаңғыруды жүзеге асыруда дамудың өзіндік дара жолы бар дербес ұлт болуымыз үшін «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын ұсынып отыр. Шынында, бұл- өте құптарлық әрі қуанышты жағдай. Рухани даму жолындағы жасампаздыққа жол ашатын бағдардың бірі – «сананың ашықтығы». Сол арқылы бүкіләлемдік тілдерді жетік меңгеруге қол жеткізуіміз өте маңызды. Бұл біздің халқымыздың әлемдік өркениет айдынында еркін жүзуіне жағдай жасайды. Елбасы өзінің мақаласында рухани жаңғыру жолындағы міндет-талаптарды нақты айтып отыр. Соның бірі – латын әліпбиіне көшіп, оның жаңа графикадағы бірыңғай стандартты нұсқасын қабылдау. Латын әліпбиіне көшу – «Мәңгілік ел» болудың алғышарты және әлемдегі қауіпті тәуекелдерге тәуелді болмай, отаншылдықтың шырағын сөндірмей, ұлтжандылыққа бастайтын төте жол. http://www.astana-akshamy.kz/ruhani-qundylyq-ult-quaty/ Жазылым жұмысы. Оқушылар тасырманы орындау барысында сөйлемдердің орфографиялық нормаға сай жазылуына ерекше мән беруі керек. Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында «Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда, ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс. Абайдың даналығы, Әуезовтің ғұламалығы, Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының күйлері, ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні – бұлар біздің рухани мәдениетіміздің бір парасы ғана» деген болатын. Осы жолдардан қандай ой түйдіңіз? Ұлттық құндылықтарды білу сіз үшін қаншалықты маңызды? Өз ойыңызды білдіріңіз. Сөз саны – 70-80 сөз. Өзара бағалау. Оқушылар топта шеңбер құрып отырады. Жазған жұмыстарын сағат тілімен жылжытып, бір-біріне береді. Оқушылар сыныптасының жұмысын оқиды, талдайды, жетілдіруге ұсыныс айтады. Ең жақсы деп танылған жұмыстарды ұжымға ұсынады. «Шарлау» әдісі. Қабырғаға таңдап алынған жұмыстар ілінеді. Оқушылар жұмыспен танысып, дескрипторға сәйкес бағалайды, кері байланыс береді. Дескриптор: Сөздердің орфографиялық нормаға сәйкес жазылу емлесін түсіндіре алады. Сұраққа қатысты өз ойын жеткізе біледі. Мәтін құрауда орфографиялық норманы сақтап жаза алады. | Таратпа материал | ||||||||||||||||
Сабақтың соңы 35-40 | Рефлексия «Жолаушының қойын дәптері»
| |||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау | ||||||||||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? | Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?