Cөз мәдениеті. Қазақ тілі, 10 сынып, дидактикалық материал. 7 сабақ. 1 нұсқа.


1-таратпа. Ғылыми стиль мен ғылыми-көпшілік стилінің ұқсастығы мен айырмашылығын топ ішінде саралаңдар.

Ғылыми стиль

Ұқсастығы:

Ғылыми-көпшілік стилі

2-таратпа. «Мәдениет» пен «Өркениет» ұғымдарының арақатынасын талдаңдар, «қайсысы маңыздырақ» деген сұраққа жауап беріңдер. Екеуінің байланысатын тұстарын белгілеңдер.

Мәдениет

Өркениет

3-таратпа. Оқылым тапсырмасы

Мәтінді белгі қоя отырып оқып шығыңдар. Ғылыми-көпшілік стильдің тілдік бірліктерін анықтаңдар.

мен білетін ақпарат;

мен үшін жаңа ақпарат;

сұрағым бар;

күмәнім бар т.т.

 Тіл – адам қатынасының, ойлаудың, мәдениеттің аса маңызды құралы, өмірдің ұлы қаруы. Қарым-қатынас майданына түскен сайын бұл құралдың икемділігі артып, шыңдала береді. Бірақ тілдің мұндай қасиеті оның қызмет етуіне, жетілуі мен дамуына айырықша көңіл бөліп, шынайы қамқорлыққа алып отырудың барысында ерекше жандана түседі.

 Әдеби тілдің ауызша және жазбаша түрін қатар дамытып, оның қоғам өміріндегі қызметінің өрістей түсуіне мүмкіндік жасау, түрлі ауытқулардан арылтып отыру, небір күрделі ойдың әр қилы нәзік айырымдарын тіл арқылы дәл, анық жеткізе білуге көпшілікті тәрбиелей түсу т. б. тіл мәдениетін көтеру деген ұғымды білдіреді.

 Тіл мәдениеті мен сөз мәдениеті деген терминдер кейде тайталас ұғымда жұмсалады. Өзара мағыналас болғанмен, бұлардың бір-бірінен айырмасы да жоқ емес. Тіл мәдениеті дегеннің ұғымы кең. Ол көбіне-көп қарым-қатынас құралы болып табылатын, тілді жетілдіре беру, ұштай түсумен қатар сөз шеберлігі, сөйлеудегі әдептілік тәрізділерді де қамтиды. Әсіресе, соңғы ұғымдарға қатысты қарасақ, сөз мәдениеті дегеніміз қарым-катынас құралын қалай игеріп, өмірде қалай пайдаланып жүрміз, оның әр қилы амал-тәсілдерін дұрыс, дәл, тиімді қолданып, мазмұнды, әсерлі етіп жұмсай алдық па дегенге саяды.

  Сонымен, сөз мәдениеті алдымен әдеби тілдің грамматикалық, лексикалық, стилистикалық, орфоэпиялық, орфографиялық нормаларын меңгеру, сонымен бірге бейнелеуіш, көріктеуіш амал-тәсілдерді қарым-қатынас жасаудың мақсаты мен мазмұнына сай етіп қолдана білу дегенді білдіреді. Дұрыс сөйлеп, дұрыс жаза білуге дағдыланған, әдеби тіл нормасына төселген адамның сөйлеген сөзі де, жазғаны да кедір-

бұдырсыз болып, жатық шығып жатады. Тіл амалдарын дұрыс қолданып, әдеби тіл нормасын сақтап, одан жөнсіз ауытқымауды сөз жатықтығы деп түсінуге болады. Тіл амал-тәсілдерін дұрыс жұмсауға, сөз жатықтығына ғана қанағат етіп қою жеткіліксіз.

Сөйлеушінің сөзі әдеби тілдің нормасына сай, дұрыс жұмсалуы және «тілге жеңіл, жүрекке жылы тиетіндей», ой мен сөзімді дәл жеткізе алатындай әсерлі болуы да қажет. Тілде толып жатқан амал-тәсілдер бар. Солардың ішінен қарым-қатынас жасаудың мақсатына сай келетін аса қажеттісін талғап ала білу арқылы ой мен сезімді дәлме-дәл жеткізе білу шеберлігі – сөз мәдениетінің биік шыңы. Мұндай шеберлік, ең алдымен, тіл амалдарын әдеби тіл нормасына сай, дұрыс қолданудан, сөз жатықтығынан басталады. Ондай қасиетке ие болғанда ғана барып сөйлеуші, жазушы сөз байлығы, сөз тазалығы,

сөз дәлдігі, сөз әсерлілігі тәрізді т. б. сапалармен тыңдаушысын я оқушысын баурап алып отырады (336 сөз).

Нұргелді Уәлиев «Сөз мәдениеті» Алматы, «Мектеп», 1984

4-таратпа. Оқылым мәтінінен ғылыми-көпшілік стильге тән тілдік бірліктерді табыңдар.

Мәтін: Сөз мәдениеті

жалпы қолданыстағы терминдер

өзге стиль элементтері

ойды байланыстырушы сөздер



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу