Мәдениет пен өркениет хақында. Қазақ тілі, 10 сынып, қосымша материал. 7 сабақ. 2 нұсқа.


Ғылыми стиль

1. Қолданылу аясы: ғылыми еңбектерде, ғылыми баяндамаларда, лекцияларда қолданылады.

2. Мақсаты: заттар мен құбылыстардың жалпы ерекшелігін ашып, мәлімет беру.

3. Стильдік ерекшелігі: дәлелді, зерттелген, тура мағынада алу.

4. Тілдік құралдары: ғылыми және интернационалдық терминдерді қолдану: хабарлы сөйлемде, өткен және осы шақта етістіктерді жиі қолдану.

 Жапбаров А. Қазақ тілі стилистикасын оқыту методикасының негіздері. Алматы: «Қазақ университеті», 1991. - 160 бет.

 

 Таза ғылыми мәтіндерде адресат факторы «маман-маман» деген формулаға сай жүргізіледі, адресаттың білім деңгейлері шамалас болады, екеуіне де ортақ білім қоры болады. Бұл мәтіндер қатарына монография, ғылыми мақала, диссертация, ғылыми-техникалық есеп, тезис, ғылыми баяндамаларды жатқызуымызға болады.

 Ал ғылыми-көпшілік мәтіндер, ғылыми мәтіндерге қарағанда қатаң дәлелдеуді талап етпейді. Онда «идея» деңгейінде түсіндіру, қарапайымдылық рұқсат етіледі. Егер ғылыми мәтінде толыққанды дәлел қажет етілсе, ғылыми-көпшілік мәтінде материалдың түсінікті етіп берілуі жеткілікті болады. Ғылыми мәтіннің тақырыптық аясы шексіз болса, ғылыми-көпшілік мәтін тек оқырманға қажетті, көпшілікті қызықтыра алатын көкейкесті тақырыптарды қарастырады.

  http://oldconf.neasmo.org.ua/node/2519

 

 Ғылыми стильдің шағын үш түрі айқындалып қалыптасқан:

 - таза ғылыми шағын стилі (белгілі бір ғылым саласының мамандарына арналған);

 - ғылыми-көпшілік шағын стилі (қалың көпшілікті ғылым саласындағы жаңалықтар мен жетістіктер туралы хабардар ету);

 - ғылыми-оқулық шағын стилі (нақты бір ғылымның теориялық негіздерін игерту, ғылыми түсінік қалыптастыру).

 Зерттеушілер ғылыми стильдің қазіргі жанрлық түрлерін төмендегіше саралап көрсетеді:

 - академиялық (таза ғылыми) мәтіндер: монография, мақала, диссертация, тезис, ғылыми есеп, баяндама, хабарлама, жарыссөз;

 -ақпараттық-ресми мәтіндер: реферат, түйін (резюме), түйіндеме (аннотация) т.т.;

 -анықтамалық-энциклопедиялық ғылыми мәтіндер: энциклопедия, анықтамалық, сөздіктер т.т.;

 -ғылыми-бағалауыштық мәтіндер: рецензия, пікір, сараптама қорытындысы т.т.;

 -ғылыми-оқу мәтіндері: оқулық, оқу құралдары, дәріс т.т.;

 -ғылыми-нұсқаулық мәтіндер: нұсқаулық, әдістемелік құралдар, бағдарлама, ұсыныстар т.т.;

 -ғылыми-іскерлік мәтіндер: а) ғылыми және техникалық құжаттар; авторлық куәлік; стандарт, техникалық талаптар, т.т.; ә) басқару мәтіндері: акт, ұсыным, келісім, жоба, қаулы, шешім, жоспарлық құжат, есеп, т.т.

 Жоғарыда берілген жанрлық түрлері көбінесе ғылыми стильдің жазбаша түрлерін көрсетеді: монография, диссертация, оқулық, оқу құралдары, мақала, пікір, сыни пікірлер, мақала не баяндама тезистері, ғылыми есеп, т.б.

 Ал ғылыми стильдің ауызша түрлеріне: дәріс, баяндама, жиын, ғылыми конферен-циялардағы жарыссөздер, ғылыми сұхбат, т.б. жатады.

 М.Қ.Қанабекова. Қазақ тілі стилистикасының негіздері: оқу құралы/ Қанабекова М.Қ. – Алматы: «Қыздар университеті» баспасы, 2013. – 258 бет.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу