Мәдениет пен өркениет хақында. Қазақ тілі, 10 сынып, дидактикалық материал. 7 сабақ. 2 нұсқа.


1-таратпа. Берілген сұрақтарды топ ішінде талқылаңдар, белгілі бір тұжырымға тоқталған соң, жауаптарыңды басқалармен бөлісіңдер.

 

 - Өркениеттің түрлерін атаңдар.

 - Қазақстанда өркениеттің қай түрі дамыған деп есептейсіздер?

 - Белгілі бір өркениетке тән жаңа заман құндылықтарын атаңдар.

 

2-таратпа. «Мәдениет» сөзіне қандай анықтама бересіздер? Өркениет пен мәдениеттің арақатынасы туралы не білесіздер?

............................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

 

3-таратпа. Оқылым тапсырмасы

 «Мәдениет пен өркениет хақында» тақырыбында берілген мәтінді оқылым стратегияларын қолдана отырып оқыңдар, ғылыми-көпшілік стильдің тілдік бірліктерін анықтаңдар.

 

 Мәдениет пен өркениет хақында

 Мәдениет жайы басы ашық дүние. Көп еңбек жазылды. Мәдениеттің 300-дей анықтамасы берілді. Бірақ солардың бәрінің негізгі түйіні мәдениеттің екі негізі – материалдық және рухани құрамы – барын мойындау. Қарапайым тілмен айтқанда, адам қолымен және миымен жасалған жаңа құндылық. Мәдениет (культура, латынның culttura деген сөзі – қолдан жасау, тәрбиелеу, білім беру, даму, қадірлеу деген мағынаны білдіреді) адамзат баласының қолымен және ақыл-ойымен жасалған материалдық және рухани құндылықтардың жиынтығы болып табылады. Ол қоғам дамуының белгілі бір деңгейін бейнелейді. Мәдениет материалдық және рухани еңбектің туындыларында, әлеуметтік норма мен мекемелердің жүйелерінде, рухани құндылықтарда, адамдардың табиғатқа қатынасында және өздерінің ара қатынасында, сондай-ақ адамның өзіне қатынасында көрініс береді. Мәдениет адамзат тіршілігінің басқа биологиялық тіршіліктен айырмашылығын да көрсетеді.

 Бір сөзбен айтқанда, мәдениет – адам қоғамының негізгі мазмұны. Өйткені бұл ұғымның жалпылық қасиеті бар. Адамның интеллекті, білім-санасы, оның ойлап тапқан қондырғылары, компьютер, интернет, космостық кемелер, кітап шығару, кино және үн- таспаларының бәрі – мәдениеттің жемісі

 Ал, енді өркениет (цивилизация) жайына тоқталайық. Бұл термин латының «cіvіlas» деген сөзінен шыққан, оның мағынасы: 1) азаматтық; 2) азаматтық қоғам, мемлекет; 3) қала. Сондықтан да тарихшылар, археологтар қоғамның өркениеттік кезеңін зерттеуді, ең алдымен, урбанизациямен тығыз байланыстырады.

 Кез келген қоғам өркениетке ие бола алмайды, тек рухани-практикалық биік деңгейді игерген, біртұтас, толыққанды қоғам ғана өркениетке ие бола алады. Қоғамдық жүйесі қалыптаспаған қоғам өркениетті қалыптастыра алмайды, ойткені ол «әлеуметтік денесінің» ғана тұтастығына жетті, ал рух пен тәннің тұтастығына жете алған жоқ.

 Күнделікті өмірде мәдениет пен өркениетті бір ұғым деп түсініп, бірінің орнына бірін қолданып жүрміз. Шындығына келгенде, екеуінде жақындық болғанымен, бір ұғым емес, сондықтан да оларды синоним ретінде қолданбай өз орнында пайдалану керек. Мәселен, мына тіркестерді алып қарайық. Өркениетті мемлекет (цивилизованное государство) деп айтамыз. Мәдениетті мемлекет деп айтпаймыз. «Мәдени мұра» деп айтамыз. Ал «өркениетті мұра» деп айтпаймыз. «Мәдениетсіз адам» дейміз, ал «мәдениетсіз мемлекет» деп қолданбаймыз. «Өркениетті ұлт» дейміз, ал «мәдениетті ұлт» деп айта қоймаймыз. Мұның мәнісі – өркениет пен мәдениет әрдайым бірдей мағынаны білдірмейді (301 сөз).

  Ә.Қалмырзаев, философия ғылымдарының докторы, профессор

4-таратпа. Оқып отырғанда мен...

-мәтін түрін анықтай аламын;

-мәтінді жылдам оқып, негізгі идеясын түсіне аламын;

-мәтін кім үшін жазылғанын түсіне аламын (аудитория);

-автордың мақсатын анықтай аламын (сендіру, хабардар ету, суреттеу);

-жалқы есімдерге көңіл бөлемін;

-мағынасы айқын емес сөздерді ажырата аламын;

-грамматикалық құрылымдардың байланысын (шақ, сөздердің байланысы) анықтай аламын.

5-таратпа. Мәтін тіліне талдау жасап, ғылыми-көпшілік стильге тән тілдік бірліктерді анықтаңдар.

Мәтіннің стилі - ...

Мәтіннің тілі

Сөз деңгейінде

Сөйлем деңгейінде

Мәтін деңгейінде



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу