Мәдениет пен өркениет хақында. Қазақ тілі, 10 сынып, сабақ жоспары. 7 сабақ. 2 нұсқа.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мектеп:

Қазіргі қоғам құндылықтары:

мәдениет және өркениет.

Сөз мәдениеті

Уақыты: Мұғалімнің аты-жөні:

Сыныбы: 10 қатысқаны: қатыспағаны:

Сабақтың тақырыбы

Мәдениет пен өркениет хақында

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.2.2.1 ғылыми-көпшілік стильді тілдік құралдар арқылы тану (терминдер, тілдік оралымдар, өзге стиль элементтері);

Сабақ мақсаты

тілдік құралдарға сүйене отырып ғылыми-көпшілік стиль ерекшеліктерін анықтау.

Бағалау критерийлері

- ғылыми-көпшілік стильдің тілдік құралдарын біледі;

- оларды талдай алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:ғылыми-көпшілік стильдің тілдік ерекшеліктерін талдайды.

Пән ерекшелігіне сай лексика мен терминология:кітаби тіл, сөйлеу тілі,ғылыми-көпшілік стиль, терминдерт.б.

Диалог пен жазылым үшін қажетті тіркестер: менің ойымша, мен ... ойлаймын, ғылыми-көпшілік стильдің тілдік бірліктері т.б.

Құндылықтарды дарыту

Сабақ мазмұны арқылы академиялық адалдық, жеке/жұпта/топта жұмыс жасау, өзінің және өзгенің оқуына жауапкершілікпен қарау, көшбасшылық сияқты құндылықтар сіңіріледі. Жаһандық азаматтық «мәдениет», «өркениет» ұғымдарымен байланысады.

Пәнаралық байланыс

Мәдениеттану ғылымымен байланыс. «Мәдениет пен өркениет» терминдерінің айырмашылығын және байланысын көрсетеді.

Алдыңғы білім

Оқушылардың төменгі сыныптан әдеби тілдің стильдері туралы түсінігі бар, ғылыми стильдің ерекшеліктерін біледі.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

0-2

3-8

9-10

Жаттығу-тренинг. Оқушыларды шағын жұмыс топтарына бөлу.

1.Жаңа сабаққа оқушы назарын аудару.

- Өркениеттің түрлерін атаңдар (шығыстық, батыстық, еуразиялық т.б.).

- Қазақстанда өркениеттің қай түрі дамыған деп есептейсіздер?

- Белгілі бір өркениетке тән жаңа заман құндылықтарын атаңдар.

2. Оқушылар берілген сұрақтарды топ ішінде талқылайды, белгілі бір тұжырымға тоқталған соң, жауабын сынып оқушыларымен бөліседі.

3. Сабақ тақырыбы, мақсаты мен бағалау критерийін таныстырады.

МД слайд

Сабақтың ортасы

11-13

14-23

24-33

34-37

4. Жаңа тақырыпты меңгерту.

Оқылым алды тапсырма

«Мәдениет» сөзіне қандай анықтама бересіздер? Өркениет пен мәдениеттің арақатынасы туралы не білеміз?

Оқылым тапсырмасы

Оқушылар «Мәдениет пен өркениет хақында» тақырыбында берілген мәтінді оқылым стратегияларын қолдана отырып оқиды.

Оқып отырғанда мен...

-мәтін түрін анықтай аламын;

-мәтінді жылдам оқып, негізгі идеясын түсіне аламын;

-мәтін кім үшін жазылғанын түсіне аламын (аудитория);

-автордың мақсатын анықтай аламын (сендіру, хабардар ету, суреттеу);

-жалқы есімдерге көңіл бөлемін;

-мағынасы айқын емес сөздерді ажырата аламын;

-грамматикалық құрылымдардың байланысын (шақ, сөздердің байланысы) анықтай аламын.

Оқылымнан кейінгі тапсырма

Мәтін тіліне талдау жасайды, ғылыми-көпшілік стильге тән тілдік бірліктерді анықтайды.

Мәтіннің стилі - ...

Мәтіннің тілі

Сөз деңгейінде

Сөйлем деңгейінде

Мәтін деңгейінде

5. Қабілеті жоғары оқушылармәтін стилі мен тілдік ерекшеліктеріне талдау жасаса, қабілеті төмендеу оқушылармәтін тілін сөздеңгейінде анықтауы мүмкін.

Дескриптор

  • мәдениет сөзіне анықтама береді;
  • өркениет пен мәдениеттің арақатынасы туралы ойын жеткізеді;
  • мәтінді оқылым стратегияларын қолданып оқиды;
  • мәтіндегі тілдік бірліктерді анықтайды.

6. Әртүрлі деңгейде талданған оқушы жұмыстарын бағалап, кері байланыс беру.

Сабақтың аяғы

38-40

7. Рефлексия «3-2-1»

Оқушылар өз әрекеттері мен ұстанымдарын жан-жақты қарастырады.

Сабақтан алған 3 маңызды ақпарат;

Қиындық тудырған 2 аспект;

Сабақ барысында туындаған 1 сұрақ.

стикерлер

Дифференциация

Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау

Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Денсаулық және техникалық қауіпсіздікті сақтау

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, оқу материалдарын таңдау және ресурстармен жұмыс жасауда оқушының жеке қабілетін ескеріп, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Денсаулықты сақтау технологиялары. Белсенді әдіс-тәсілдер мен сергіту жаттығулары.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу