Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет. Сөз мәдениеті . Қазақ тілі, 10 сынып, дидактикалық материал. 10 сабақ. 2 нұсқа.


Әуен (грек. melodіa — саз, әуез) — ырғақ пен әуез арқылы белгілі бір жүйеге түсіп, үйлесім құраған әр түрлі биіктіктегі дауыс қатары.

Тембр (фр. tіmbre – кішкене қоңырау) – дыбыстың сапасы (оның “бояуы”, “характері”). Тембр дыбыс тербелістерінің формасына байланысты болады. Тембр арқылы дауыс ырғағын өзгерте отырып, сезім-күйді (қуанышреніш) білдіруге болады. 

Қарқын (Темп) — тапсырманың орындалуының немесе операцияның, құбылыстың қарқындык дамуының шапшандыгы (кейде тазалығы).

Сөйлеу қарқыны. Қарқын түрлері

 Бұл «Дұрыс сөйлейік!»  бағдарламалар циклі. Анар ханым, бүгін бағдарламада сөйлеу қарқыны туралы сөйлесейікші. Қарқынның қандай түрлері бар?

 Қарқынның түрлері өте көп десем, менің сөзімнің қарқыны өте баяу болды я? Қарқынның түрлері өте көп десем...

 - Қарқынның түрлері өте көп емес, орташа сияқты.

 - Қарқынның түрлері өте көп десем, менің сөйлемдегі сөзімнің қарқыны қандай болды?

 - Жылдам, тез.

 - Қарқынның түрлері өте көп десем... орташа болды. Өзің-ақ ажыратып алдың ғой, Нұрсұлтан. Қарқынның үш түрі бар: баяу, жылдам және орташа түрі бар. Енді ең бейтарап түрі орташа түрі ғой. Бейтарап түрі дегеннің өзі шартты түрде, бір адамның өзінің физиологиялық қарқыны болады. Мысалы, әрбір адам болмысынан өзі тез сөйлейтін адам болуы мүмкін. Егер сол тез сөйлейтін адам одан да тез сөйлеп кетсе, онда сен оның сөзін түсінбей қаласың.

 - Иә, мүлдем түсінбей қаламыз.

 - Егер тез сөйлейтін адам бір кезде баяу сөйлей бастаса, сенің құлағың елең ете қалады. Бұл неменеге баяулатып сөйлеп тұр екен деп ойланып қаласың. Қарқын дегеніміз енді түсінікті ғой. Қарқын дегеніміз – сөз ағымындағы белгілі бір уақыт аралығында айтылып үлгерген буын саны. Сөз ағымындағы. Қарқынның маңызы өте зор. Өйткені қарқын да интонацияның басқа құралдары сияқты. Біздің өткен аудиокурстарда айтқан кідіріс сияқты, қарқын да әртүрлі қызмет атқарады. Жалпы қазақ сөзінің қарқыны көп жағдайларда ауызша тілдің көп жанрында, стилінде орташа түрде жүзеге асады. Енді баяу қарқынмен айтылатын сөздің белгілі бір қызметі болады. Демек ол сөз бөлігі қандай да бір салмақ арқалап тұр. Қандай да бір мазмұнды жеткізгісі келіп тұр немесе сөйлеп тұрған адамның қандай да бір дітін көрсеткісі келіп тұр деген ақпаратты сіздің құлағыңызға сол қарқын жеткізіп тұрады. Ал адам бірнеше себеппен жылдам сөйлейді. Біріншісі, ол неғұрлым қысқа уақыттың ішінде неғұрлым көбірек ақпарат жеткізсем дейді.

 - Иә, регламентке сай сөйлегісі келеді ғой енді.

 - Екіншісі, ол ешқандай да ақпаратты жеткізейін деп тұрған жоқ. Ол асығып тұруы мүмкін. Ол асығып, оған берілген уақытты ол өзі қысқартып тұр. Сол кезде ол тез-тез сөйлей бастайды. Енді қарқынның өзгерісі адамның физиологиялық эмоциялық көңіл күйіне де байланысты болады. Кейде қатты эмоцияға салынған адамның сөзі өзінен өзі тез шыға бастайды. Енді сөз ағымындағы қарқынға қатысты бір қалыптасқан заңдылық бар. Барлық тілдерде.

 - Қандай? Тек қазақ тілінде ғана емес? Барлығында ма?

 - Иә, барлық тілдерде. Кез келген тілде сөз басталған кезде, аяқталғанға қарағанда баяуырақ қарқынмен жүреді. Сөздің аяғына қарай қарқын жылдамдай түседі. Өзі сондай қатып қалған заңдылық бар. Бірақ сөйлеуші жасанды түрде сөздің аяғын баяулатуы мүмкін. Енді оның не себепті екенін бағана түсіндірдік. Содан кейін бір қызығы, сөйлемнің ішінде маңызды бөліктері үнемі баяу қарқынмен айтылады, байқасаңыз. Сондықтан сізде егер ауызша сөз арқылы бір ойыңызды жұртшылыққа жақсы жеткізем десеңіз, сол сөзіңіздің ішіндегі маңызды ақпаратты жүктеп тұрған бөлігін баяу айтуыңыз керек. Сонда тыңдарман оны қабылдай алады. Бірақ бүкіл сөзіңіз баяу болса, онда ол соның ішіндегі қай ақпарат маңызды екенін түсінбей қалады. Сондықтан сіз маңызды ақпаратыңызды баяу айтасыз да, оның айналасындағы ақпараттарды беріп тұрған сөйлемдерді жылдамырақ айтуға болады. Мысалы, барлығымыз көзімізді тігіп қарасақ /келе жатқан /Нұрсұлтан екен десем.

 - Яғни қарқынға байланысты Нұрсұлтан екені түсінікті болады.

 - Менің ақпаратымның маңызды бөлігі сіздің атыңызға қатысты дегенді білдіреді.

 - Мысалы, біз енді телевизияны мысалға келтіріп жатырмыз ғой. Қадірменді көрермендер, бүгінгі бағдарламамыздың тақырыбы  мемлекеттік тілдің насихатталуы десем, яғни бұл жердегі мемлекеттік тілдің насихатталуы негізгі айтылатын ой, тақырып. Баяу қарқын арқылы біз жеткізе отырдық, я?

 - Иә, баяу, қарқын арқылы маңызды бөлік екенін көрсеттіңіз.

 - Рақмет, сізге Анар ханым!

https://kitap.kz/audiobooks/17_sojleu_qarqyny_qarqyn_turleri

Кідіріс (Задержка; delay) - сұрату жасалғаннан бастап оның орындалуына (қанағаттандырылуына) дейінгі өткен уақыт;

Кідірістердің түрлері

1. «Бос» кідірістер. Аз оқыған, білімсіз жандар әңгімелескенде олардың сөздері ешқандай ақпарат тасымайтын кідірістерге тола болады. Мұндай кідірістер әңгімені себепсіз созып, кейде әңгімелесушілердің біреуін жалықтыруы мүмкін.

 2. Ойлану кідірістері — кейбір кідірістер кезінде адам бір нәрселерді ойлап отырады. Сөйлеу барысында әңгімелесушінің ойында әңгіме болып отырған мәселе туралы пікір қалыптаса қоймайды, олар бұл мәселенің шешілуінойлайды, пікірлерінекшелеп, жарамдылығын таңдайды. Ойлану кідірістері әңгіменің кез келген уақытында пайда болып, «мүмкін, осылай шығар», «ашығыраң айтсақ», «дүрысы былай шығар», «жоң, олай емес, былай ғой» деген пікір таластарын білдіреді. Осындай ескертпелерден кейін пікірдің жаңа тұжырымы айтылады. Ойлану кідірістері сөзде орынды да, қажет те. 

3. Бір сөз ырғағын екіншісінен ажыратып тұратын кідірістерді интонациялық-логикалық кідіріс деп атайды.

Бір сөйлемнің өзінде-ақ интонациялық-логикалың кідірістің орнын ауыстыру оның мазмұнын әжептәуір өзгертеді. Орынсыз кідіріс мәтінінің мәнін қисынсыз етіп жібереді. Төмендегі сөйлемдердегі кідірісті белгі қойылған жерге келтіріп, оңып көріңдерші. Қуанғанымнан алқымымда // демім тығылып қалды. Сөйлем қисынсыз болып шықты. Дұрысы: Қуанғанымнан // алқымыма демім тығылып қалды. Көпшілік алдындағы сөз теориясында ин-тонациялың-логикалық кідірістен басңа психологиялық кідірісті бөліп көрсетеді. Оның мәні неде? Интонациялың-логикалық кідірістен өзгешелігі қандай? К.С.Станиславский бүл сұрақтарға былай жауап береді. «…логикалық кідіріс өзінен-өзі ырғақтарды, тұтас тіркестерді ңүрастырып, олардың мәнін түсіндіретін болса,.психологиялың кідіріс ол ойға, тіркеске, ырғаңңа жан бітіреді, олардың астарын түсінуге көмектеседі. Егер логикалың кідіріссіз сөз сауатсыз болса, психологиялық кедергісіз ол — жансыз. Логикалық кідіріс сылбыр, формальды, әрекетсіз, психологиялық кідіріс әр уақытта белсенді, ішкі мазмұнға асабай.

4. Логикалық кідіріс — ақыл-ойға қызмет жасаса, психологиялық кідіріс сана-сезімге қызмет етеді. Психологиялың кідірістің қаншалықты жоғары бағаланатынын білесіздер ме? Ол ешқандай заңға бағынбайды, ал оған сөйлеудің барлық заңы бағынады. Логика және грамматикалық жағынан ешқандай кідіріс жасауға болмайтын жерде, оны психологиялық кідіріс жасай алады. Мысалы, «біздің театр шетелге сапарға шығатын болды» деп ойлаңыз. Сапарға екі оқушыдан басқаның бәрі аттанады. — Олар кім болды екен? — деп сұрайсыз сіз… Мен және… (әсерін жеңілдетейін деп немесе зығырданы қайнайтын психологиялың кідіріс) және… сен! — деді Шутов». Және деген жалғаудың соңынан ешқандай кідіріс болмайтындығы сізге белгілі ғой. Бірақ психологиялық кідіріс ол заңды бұзудан тайынбайды, сөйтіп «заңсыз» кідіріс жасайды. Психолог П.Таранов бұл кідірісті былай деп сипаттайды. «Кім бірінші болып өзінің үнсіздігімен кідіріс жасаса, сол адам психологиялық артықшылыққа ие болады». 

5. Интонациялық-синтаксистік кідіріс жазба тілдегі тыныс белгілеріне сәйкес келеді де, үзын-қысқалығы бойынша ажыратылады. Ең қысқа кідіріс үтірді, ең ұзыны нүкте қоюды талап етеді. Интонациялық-синтаксистік кідіріс сөйлеп түрғанда бірыңғай сөйлем мүшелерін, кірме қүрылымдарды, одағай сөздерді бөледі; кідіріс сөйлемде түсіп қалған сөздердің орнын толтырады. 

6. Түрлі жағдаяттарға сәйкес пайда болған кідірістерді жагдаяттық кідіріс деп атайды. Мысал келтірейік: оқушылар хат жазып отыр. Мүғалім мәтінді асықпай оқып, сөйлем мүшелерін қайталап айтып, кідіріс жасауда. Мұғалім неге кідіріс жасады? Оқушылар жатқа жазып отырған мәтінді жазып үлгеруі үшін. Айлақта туристік пароход түр. Жүрттың бәрі де бір-біріне ең қажетті, ең маңызды деген сөздерін айтып қалуға асығуда. «- өтінемін… сенен…, сақ бол… — не? не дедің? Түсін… бе…дім? — с.ақ бо…оол, түсіндің бе?» Бұл жердегі кідірістер айналадағы айқай-шудың арасында қашық тұрған адамдар бір-бірін естісін деген мақ-сатпен жасалып отыр. Алаңда әскерлер сап түзеп жүр. «Со — ол — ға! А а дым да! — деген бүйрық естіледі. Бұл жердегі кідіріс әскерлер бүйрықты орындауға дайындалсын деген ниетпен жасалып отыр. Соңғы түрі — физиологиялық кідірістер. Олар өкпеге ауа жетпегенде, әсіресе ентікпе кезінде, немесе орталық жүйке жүйесі зақымданғанда, сөзді үмытып қалғанда, не ойын түсіндіруге қиналған кездерде жасалынады. Әрине, мұндай келеңсіз кідірістердің тіпті болмағаны жақсы.

http://kazorta.org/kidiristerdi-t-rleri/



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу