Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет. Сөз мәдениеті . Қазақ тілі, 10 сынып, сабақ жоспары. 10 сабақ. 2 нұсқа.


Пән: қазақ тілі

2-нұсқа

Мектеп:

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет.

Сөз мәдениеті

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10 Т1

Қатысқан оқушылар

саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Сөйлеу мәдениетінің қызметі. Кітаби тіл. Сөйлеу тілі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.4.2.1 сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану;

Сабақтың мақсаттары

Cөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктерін сөйлеу мәнеріне сай қолдану;

Бағалау критерийі

  • Сөйлеудегі интонацияның құрамдас бөліктерін ажыратады;
  • Сөйлеу барысында дауыс ырғағына мән бере алады;
  • Оларды сөйлеу мәнеріне сай орынды қолданады.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідіріс

Құндылықтарды игерту

Мәдениет және өркениет тақырыбын қазіргі қоғам және мектеп құндылықтарымен байланыстыру.

Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Жауапкершілік (топтың әр мүшесі өз тапсырмасын жауапкершілікпен орындауы).

Құрмет (әр оқушының, өзге топтың ойына, пікіріне құрметпен қарауы).

Пәнаралық байланыс

Әдебиет, өнер (сабақ басында)

Бастапқы білім

Сөздердің стильдік қызметі

Жоспар

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

 Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 минут

3 минут

(әуен, әуез, тембр, қарқын, кідіріс)

Оқушылар сөздерге анықтама береді. Осы термин сөздердің басқа салаларда қолданылуына тоқталады.

Мұғалім оқушыларға қосымша ақпарат береді.

https://kitap.kz/audiobooks/17_sojleu_qarqyny_qarqyn_turleri

http://kazorta.org/kidiristerdi-t-rleri/

Сабақтың ортасы

3 минут

4 минут

5 минут

10 минут

7 минут

Тыңдалым алды тапсырма. Оқушылар сұрақтарға жауап береді. Өз ойларымен бөліседі.

Тарихи құндылықтар деген не?

Өзіңіз үшін ең маңызды деген үш құндылыққа тоқталыңыз?

Қазіргі таңдағы қоғамдық құндылықтар өзгерді ме? Ойыңызды мысалдармен дәлелдеңіз.

Тыңдалым тапсырмасы. Оқушылар «Тарихи құндылықтар - рухани дамудың негізі» тақырыбындағы бейнекөріністі қарайды.

Сұхбат берушінің сөзіндегі әуен, әуез, тембр, қарқын, кідіріс және сөйлеу мәнеріне назар аударылады.

Оқушылар төмендегі сұрақтарға жауап береді.

(тапсырманы орындауда өз білімін және сабақ басында мұғалім берген теориялық ақпараттарды пайдаланады)

  • Сұхбат берушінің сөйлеу қарқыны қандай?
  • Ол қандай сөздерді ерекше қарқынмен айтты? Неліктен?
  • Сұхбат беруші өз сөзінде қандай риторикалық сұрақтар қолданды? Осы сұрақтарды қандай мақсатта қолданды?
  • Қандай кідіріс түрлері қолданылды?

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма.

Оқушылар бес топта жұмыс жасайды. Берілген тақырыптар бойынша сөйлеудегі интонацияның құрамдас бөліктерін сақтай отырып, ойды жалғастырып мәтін құрастырады (мәтін көлемі 60-70 сөз).

  • Қазіргі қоғам құндылықтары ...
  • Мемлекет құндылықтары ....
  • Сөйлеу мәдениеті деген ...
  • Мәдениет пен өркениет ...
  • Өзін мәдениетті санайтын кез келген ....

Бір оқушы топтық жұмысты қорғайды

Дескриптор:

  • құндылықтар туралы өз ойын білдіреді;
  • сұхбат берушінің сөйлеу ерекшелігін анықтайды;
  • тақырыпқа байланысты мәтін құрастырады.

http://mangystautv.kz/ru/archive/programs/programs.../el.../580279

02:56-06.04 аралығы тыңдалады

Сабақтың соңы

3 минут

3-2-1 стратегиясы

Стикерге жазып, ойларын тақтаға іледі.

  • Сабақта алған 3 маңызды ақпарат
  • Қиындық келтірген 2 мәселе
  • Сабақта ұнаған 1 аспект

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау

 

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу