Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет. Сөз мәдениеті . Қазақ тілі, 10 сынып, таратпа материал. 5 сабақ. 2 нұсқа.
1-таратпа
Тапсырма:
Жазылым тапсырмасы
Қазір жасөспірімдер жаргон сөздерді көп қолданады әрі бір тілде таза сөйлей алмайды. Орыс тілінде сөйлесе қазақ сөздерін, ал қазақ тілінде сөйлесе керісінше орыс сөздерін араластырады. Сіз автордың пікірімен келісесіз бе? (80-100 сөз)
Эссе жазу барысында төмендегі тірек сөздер мен клишелерді қолдану керек: Тіл, қоғам, құндылық, мәдениет, өркениет, тілдің шұбарлануы, жаргон сөздер
«Менің ойымша, ...»
«Себебі, мен оны былай түсіндірер едім...»
«Оны мен мына мысалдармен дәлелдей аламын...»
«Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім...»
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Эссе құрылымы
Кіріспе бөлімі 2 ойдан тұрады: Жалпы пікір – оқырман көңілін аудару мақсатында жазылады және бірнеше сөйлемнен тұруы мүмкін; тезистік пікір – эсседегі талқыланатын негізгі ойлардан тұрады және ол тақырыптық сөйлемге ұқсайды. Яғни оқырманға эссе мазмұны туралы жалпы идеяны береді.
Негізгі бөлім – бір немесе бірнеше \
абзацтан тұрады. Әр абзацта бөлімдерге бөлінген тақырыпшалар дамытылады, ойларды талқыланып ашылады. Олардың саны бөлінген тақырыпшаларға байланысты.
Қорытынды бөлім- негізгі бөлімде талқыланған мәселелерді қорытып, бір тұжырымға келген сөйлемдерден тұрады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?