Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет. Сөз мәдениеті . Қазақ тілі, 10 сынып, презентация. 5 сабақ. 2 нұсқа.


Қазіргі жасөспірімдердің барлығын Жамбыл сияқты тіл жанашыры деп айтуға бола ма?

Қалай ойлайсыз?

САБАҚ ТАҚЫРЫБЫ

Сөз мәдениеті. Тілдің қолданысы қандай деңгейде?

Бөлімнің тақырыбы: Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет. Сөз мәдениеті

Эссе тақырыбынан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазу; («келісу, келіспеу» эссесі)

САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ

Берілген тақырыпқа эссе жазады; эссе тақырыбынан ауытқымайды; абзац түрлерін жүйелі құрастырады; көтерілген мәселеге көзқарасын білдіреді; келісу-келіспеу себептерін айқын жазады.

БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ

ЖАЗЫЛЫМ АЛДЫ ТАПСЫРМА

Қазіргі жастардың сөз қолданысы. Қарапайым ғана мысал ретінде төмендегі диалогты келтіріп көрейік.

 

Неге? Неге?

«Неге?Неге?» ойыны.

Неге? Неге?

Қазір жасөспірімдер жаргон сөздерді көп қолданады әрі бір тілде таза сөйлей алмайды. Орыс тілінде сөйлесе қазақ сөздерін, ал қазақ тілінде сөйлесе керісінше орыс сөздерін араластырады.

Сіз бұл пікірмен келісесіз бе? (80-100 сөз)

 

Эссе жазу барысында төмендегі тірек сөздер мен клишелерді қолдану керек: Тіл, қоғам, құндылық, мәдениет, өркениет, тілдің шұбарлануы, жаргон сөздер

«Менің ойымша, ...»

«Себебі, мен оны былай түсіндірер едім...»

«Оны мен мына мысалдармен дәлелдей аламын...»

«Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім...»

ЖАЗЫЛЫМ ТАПСЫРМАСЫ

Оқушылар +(келісу) , -(келіспеу) бойынша 2 топқа бөлінеді.

Жұмыстарын өзара бағалап, талапқа сай жазылған үздік жұмысты анықтайды. Үздік жұмыс «Автор үстелінде» оқылады.

Дескриптор:

Берілген жағдаятқа сай эссе жазады;

Эссенің тақырыбынан ауытқымайды;

Абзацтар жүйесін сақтайды;

Көтерілген мәселеге көзқарасын білдіреді;

Келісу-келіспеу себептерін айқын жазады.

ЖАЗЫЛЫМНАН КЕЙІНГІ ТАПСЫРМА

Мұғалімнің сындарлы кері байланысы

Ұтымды шыққан ... ...

Тапсырма шартына сай, бірақ шығармашылықты қажет ететін ...

Әлі де жетілдіре түсетін жауаптар...

Креативті ... ... бірақ көркем тіл жетіспейді.

«3-2-1» стр.

Бүгінгі сабақтан алған 3 маңызды ақпарат;

Бүгінгі сабақта қиындық тудырған 2 аспекті;

Бүгінгі сабақта ұнаған 1 іс-әрекет.

РЕФЛЕКСИЯ



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу