Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет. Сөз мәдениеті . Қазақ тілі, 10 сынып, сабақ жоспары. 5 сабақ. 2 нұсқа.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет. Сөз мәдениеті | Мектеп: | |||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||
Сынып: 10 Т1 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||||
Сабақтың тақырыбы | Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет. Сөз мәдениеті (1-нұсқа) | |||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 10.3.3.1 қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу («келісу, келіспеу» эссесі) | |||||||
Сабақтың мақсаттары | Қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп, келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазу; («келісу, келіспеу» эссесі) | |||||||
Бағалау критерийі | Берілген тақырыпқа эссе жазады; эссе тақырыбынан ауытқымайды; абзац түрлерін жүйелі құрастырады; көтерілген мәселеге көзқарасын білдіреді; келісу-келіспеу себептерін айқын жазады. | |||||||
Тілдік мақсаттар | Пәнге тән лексика мен терминология: Тіл, қоғам, құндылық, мәдениет, өркениет, тілдің шұбарлануы, жаргон сөздер Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Менің ойымша/пікірімше…, Менің көзқарасым тұрғысынан…., Менің көзқарасым бойынша…, Мен сенімдімін…, Мені таңқалдыратыны..., Мен келісемін..., Мен келіспеймін... | |||||||
Құндылықтарды игерту | Туған елге, тілге деген құрметін, сүйіспеншілігін ояту | |||||||
Пәнаралық байланыс | Тарих пәні | |||||||
Бастапқы білім | Оқушылар 9-сыныпта алған білім, білік, дағдыларына сүйенеді. | |||||||
Жоспар | ||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | ||||||
Сабақтың басы 0-5 | Қызығушылығын ояту Оқушыларға бейнематериал көрсетіледі. «1 сөйлем» әдісі арқылы оқушылар Жамбылға баға береді. Мұғалім оқушыларды тыңдап болған соң жауаптарды қорытындылайды. Сұрақ: Қазіргі жасөспірімдердің барлығын Жамбыл сияқты тіл жанашыры деп айтуға бола ма? Тақырып ашылады. Мұғалім сабақтың тақырыбын хабарлайды. Сабақ мақсатымен таныстырады. Оқушылар мен мұғалім бірлесе отырып, сабақтың бағалау критерийлерін әзірлейді. | |||||||
Сабақтың ортасы 5-15 15-30 30-35 | Жазылым алды тапсырма Қазіргі жастардың сөз қолданысы. Қарапайым ғана мысал ретінде төмендегі диалогты келтіріп көрейік.
«Неге?Неге?» ойыны. Оқушылар шеңбер құрап тұрады. Мұғалім «Бүгінгі жасөспірімдер арасында тілді шұбарлап сөйлейтін, жаргон сөздерді қолданатындар жиі кездеседі» деген тұжырымды айтып, неге? деген сұрақ арқылы келесі оқушыға бағыттайды. Оқушылар шеңбер бойымен жауап береді, неге? деп сұрақты жалғап отырады. Жазылым тапсырмасы Әр оқушыға құрылымы мен даму желісін сақтап, көтерілген мәселе бойынша екіжақты пікірді немесе жағдаятты талқылап, біреуіне таңдау жасап, өз ойын дәлелдеп эссе жазу тапсырылады. Эссе жазу барысында төмендегі тірек сөздер мен клишелерді қолдану керек: Тіл, қоғам, құндылық, мәдениет, өркениет, тілдің шұбарлануы, жаргон сөздер «Менің ойымша, ...» «Себебі, мен оны былай түсіндірер едім...» «Оны мен мына мысалдармен дәлелдей аламын...» «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім...» Қазір жасөспірімдер жаргон сөздерді көп қолданады әрі бір тілде таза сөйлей алмайды. Орыс тілінде сөйлесе қазақ сөздерін, ал қазақ тілінде сөйлесе керісінше орыс сөздерін араластырады. Сіз бұл пікірмен келісесіз бе? (80-100 сөз) Жазылымнан кейінгі тапсырма Оқушылар +(келісу) , -(келіспеу) бойынша 2 топқа бөлінеді. Жұмыстарын өзара бағалап, талапқа сай жазылған үздік жұмысты анықтайды. Үздік жұмыс «Автор үстелінде» оқылады. Дескриптор:
Мұғалімнің сындарлы кері байланысы келесі тіркестерден тұрады: Ұтымды шыққан ... ... Тапсырма шартына сай, бірақ шығармашылықты қажет ететін ... Әлі де жетілдіре түсетін жауаптар... Креативті ... ... бірақ көркем тіл жетіспейді. | МД слайд 1-таратпа | ||||||
Сабақтың соңы 35-40 | Рефлексия «3-2-1» стр.
Мұғалім «Тілін білмеген түбін білмейді» дейді. Қазақ тілі, қазақ ұлты бәсекеге қабілетті болсын десек, мемлекеттік тілді білу - біздің әрқайсысымыздың азаматтық борышымыз екендігін айтып, сабақты қорытындылайды. | |||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау | ||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? | Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?