Тіл және сөз мәдениеті. Кітаби тіл. Сөйлеу тілі. Қазақ тілі, 10 сынып, әдістеме. 3 сабақ. 2 нұсқа.


Кітаби тіл

 16-17 ғасырлардан бастап 20 ғасырдың басына дейін қазақ қоғамы мәдени дүниесінде ауызша төл әдеби тілмен қатар және бір әдеби тіл өмір сүрді. Кітаби тіл қазақ даласында, әсіресе өткен ғасырдың соңғы ширегінен бастап едәуір жанданып, етек алды. Бұған мұсылманша діни әдебиеттің және қазақ қауымы мұқтажын өтейтін публицистік мұсылманша оқуға қатысты педагогикалық, ішінара жартылай ғылыми әдебиеттердің пайда бола бастауы үлкен себепкер болды.  Кітаби тіл Абайдың өзін де бір шарпып алғанын білеміз. Бала кезінде, ақындығы балаң кезінде өзінің бойын кернеген талантқа қай әдеби тілді қолдану керектігін санамен де, тәжірибемен де таңдап білерлік дәрежеге жетпей тұрған кезінде Абай да кітаби тілді қолданып көрді. Әрине, бұл жерде шешуші фактор – тілдегі ізденісі емес, әдеби творчестводағы ізденісі, яғни шығыс әдебиетінен, классикалық әдебиеттен күш, тірек іздеуі, бірақ осы ізденіс еріксіз тілді де іздеткен. Абай ислам дінінің ғибадатыиманы, «сифатлары» туралы әңгіме қозғайды да, бұларға «кітаби» өң береді, демек, кітаби тілді өз алдына әдеби тіл ретінде емес, белгілі бір жанрдағы, белгілі бір тақырыптардағы стильдік құрал ретінде пайдаланады.Тапқаны – шағатай тілі. Бірақ ең күшті Абай танушылар айтқандай, бұл тапқанынан тез айнып, өзге арнаға – өз ақындық арнасына түседі. Соған орай шағатай тілінен де бас тартады.

Сөйлеу тілі

 Күнделікті қарым-қатынаста пайдаланатын әдеби тілдің бір түрі. Сөйлеу тілі белгілі бір жағдайда ауызба-ауыз тікелей жалғанатын қатынас тілі болғандықтан, ол сөйлеудің ауызша формасымен тығыз байланысты болады. Ал ауызша сөйлеуде еркіндік басым келеді, яғни үйреншікті жағдайда адамдар емін-еркін сөйлейді. Сондықтан онда сөйлеу тақырыбына сай күнделікті тұрмыста жиі жұмсалатын дағдылы сөздер мен сөз тіркестері қолданылады. Сонымен бірге сөйлеу тілі жазбаша түрде де қолданылады деген пікір бар (жекелеген адамдардың хат жазысу, күнделік жүргізу т. б.). Сөйлеу тілі мен кітаби тіл арасындағы айырмашылықтар көптеген экстралингвистикалық факторлар (бейресми жағдайда, дайындықсыз өтуі, сөйлеуші және тыңдаушы жақтардың болуы т. б.) әсерінен туындайды. Өмірдің барлық саласында сөйлеу тілі кеңінен пайдаланылады, бірақ қарым-қатынас жағдаятына байланысты оның атқаратын қызметі және тілдік құралдардың пайдаланылуы біртекті болып келмейді. Сондықтан сөйлеу мәнері де түрліше болады. Сонымен бірге сөйлеу тілінде интонация, сөз екпініым, дене қимылы үлкен қызмет атқарады. Ым мен дене қимылы сөйлеу үстінде белгілі бір нәрсенің көлемін, түрін т. б. бейнелеуді (мысалы, ұзындығы мынандай—дене қимылы—сала құлаш жылан көрдім), құптау, мақұлдауды (бас изеу), шақыруды (қол бұлғау), қорқытуды (қолын аузына апару) т. б. білдіре алады. Кітаби тіл секілді, сөйлеу тілінің қалыптасқан нормалары бар. Оның өзіндік ерекшеліктері тілдің барлық деңгейінде көрінеді. Дыбыс жүйесінде, мысалы, бір дыбыстың орнына басқа бір дыбыстың айтылуы (анаң қара), дыбыстарды түсіріп айту, (кеп-келіп, босын-болсын), дыбыстың созыңқылығы (ке-ре-мет!) т. б., морфологияда кейбір морфемалардың түсіріліп айтылуы (барам-барамын, барад- барады), синтаксисте сөздердің орын тәртібінің еркін болатындығы (Іштеме шығар ма екен осы көптен! Ғ. М.) т. б. Сөйлеу тіліне тән белгілерді кездестіруге болады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу