Тіл және сөз мәдениеті. Кітаби тіл. Сөйлеу тілі. Қазақ тілі, 10 сынып, таратпа материал. 3 сабақ. 2 нұсқа.
МәтінСұлтан ОРАЗАЛЫ, жазушы:
Қазақтың тілі – тағдыры ауыр тіл. Бірақ жаны сірі. Мен бір кездері заңдарымызды зерттеп көрген едім. Сонда түйгенім, XIV ғасырда Алтайдан Дунайға дейінгі елдердің бәрі қыпшақ тіліндегі қыпшақ заңдарына бағынған екен. Қыпшақ заңдары деп отырғанымыз, қазақтың әдет-ғұрып заңдары. Тіпті орыс шіркеулерінің ішінде бір-бірімен қыпшақ тілінде сөйлескендері болған. Содан бергі замандарда тіліміздің көрмеген теперіші жоқ. Бірақ феникс құс сияқты оттан да судан да аман шығып келе жатыр.
Заман – күштінікі, тіл де – күштінікі. Бір кездері Германия мықты болды, бүкіл Еуропа, Америка, кешегі Кеңес Одағы неміс тілін үйренді. Енді Америка күшейді, дүниежүзіндегі халықтардың көп бөлігі ағылшын тілінде сөйлейді. Сондықтан тіл күшті болу үшін мемлекет те қуатты болуы керек. Ал мемлекеттің өсіп-өркендеуі үшін халықтың бірлігі керек.
Ел «Мәңгілік Ел» болу үшін, мәңгілік тіл болуы керек. Тілді сақтаудың басты жолы – тіл тазалығы. Өкінішке орай, бүгінде тіл тазалығы, тіл мәдениеті, әдеби тіл нормалары сақтала бермейтін болды. Мұның тіліміздің дамуына теріс әсер беретіні сөзсіз. Кейбір ақпарат құралдарындағы сөз қолданыстарында ауызекі тілде айтылатын сөздер көп кездеседі. Бұл дұрыс емес. Телеарна тілі – тіліміздің айнасы. Ол таза болуы керек.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?