Тіл және сөз мәдениеті. Кітаби тіл. Сөйлеу тілі. Қазақ тілі, 10 сынып, сабақ жоспары. 3 сабақ. 2 нұсқа.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет. Сөз мәдениеті. Кітаби тіл. Сөйлеу тілі | Мектеп: Ақтөбе қаласы физика-матемаикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Димисанова Алтынай Батырхановна | |||||||||||
Сынып: 10 Т1 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Тіл және сөз мәдениеті. Кітаби тіл. Сөйлеу тілі (2-нұсқа) | |||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 10.2.5.1 Мәтіндегі негізгі ойды анықтау, көтерілген мәселеге баға беріп, мәліметтер мен пікірлерді өңдей білу | |||||||||||
Сабақтың мақсаттары | Мәтіндегі негізгі ойды анықтау, көтерілген мәселеге баға беріп, мәліметтер мен пікірлерді өңдей білу | |||||||||||
Бағалау критерийі |
| |||||||||||
Тілдік мақсаттар | Пәнге тән лексика мен терминология: Тіл тағдыры, сөз мәдениеті, тіл мәдениеті, өркениет, мәңгілік ел, т.б Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Менің ойымша/пікірімше…, Менің көзқарасым тұрғысынан…., Менің көзқарасым бойымша…, Мен сенімдімін…, Мені таңқалдыратыны... | |||||||||||
Құндылықтарды игерту | Қоғамның басты құндылығы тіл мәдениеті, сөз мәдениеті тақырыбы аясында түсініктерін кеңейту. | |||||||||||
Пәнаралық байланыс | Тарих пәні | |||||||||||
Бастапқы білім | Сөздердің стильдік қызметі | |||||||||||
Жоспар | ||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | ||||||||||
Сабақтың басы 0-5 | Қызығушылықты ояту Берілген ауызекі сөйлемдерді кітаби тілде қайта жазып көріңіз. «Бұдан былай жолама қасына! Енді көрсем басыңды жұлып, аяғыңды сындырам, түсінбейді екенсің, өзің бір....» блог жазбаларынан
Грамматикалық және мағына жағынан дұрыс, кітаби тілде құрылуы тиіс сөйлемдерді мұғалім сыныппен бірге тексереді. Қатесін түзетуге қолдау көрсетеді. Бұнда оқушының сабақ тақырыбын қаншалықты түсінуімен қатар, сөйлемдердің кітаби тілде жазылуына баса назар аударылады. Мұғалім оқушыларды тыңдап болған соң жауаптарды қорытындылап, сабақтың тақырыбын хабарлайды. Сабақ мақсатымен таныстырады. Оқушылар мен мұғалім бірлесе отырып, сабақтың бағалау критерийлерін әзірлейді. | слайд | ||||||||||
Сабақтың ортасы 5-15 15-30 30-35 | Мағынаны тану
Мұғалім оқушыларға «Тіл мәдениеті: сөйлеу және жазу» тақырыбында мәтін үзіндісін ұсынады. Ондағы мақсат – оқушылардың көтерілген мәселелерге өзіндік көзқарасын білдіруге қажетті ақпараттар беру. Оқушылар мәтін мазмұнынан түсінгендері бойынша ойларын жинақтайды, ақпараттарды өңдей отырып, көтерілген мәселелерге баға береді. Оқылымалды тапсырма
Жұмыс алгоритмі:
Оқылым тапсырмасы Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен «Тіл мәдениеті: сөйлеу және жазу» тақырыбында өткізілген дөңгелек үстелге қатысушылардың сұхбатынан алынған үзіндіні оқиды. Сұхбат мәтіні қысқартылып алынады. Мәтін Сұлтан ОРАЗАЛЫ, жазушы: Қазақтың тілі – тағдыры ауыр тіл. Бірақ жаны сірі. Мен бір кездері заңдарымызды зерттеп көрген едім. Сонда түйгенім, XIV ғасырда Алтайдан Дунайға дейінгі елдердің бәрі қыпшақ тіліндегі қыпшақ заңдарына бағынған екен. Қыпшақ заңдары деп отырғанымыз, қазақтың әдет-ғұрып заңдары. Тіпті орыс шіркеулерінің ішінде бір-бірімен қыпшақ тілінде сөйлескендері болған. Содан бергі замандарда тіліміздің көрмеген теперіші жоқ. Бірақ феникс құс сияқты оттан да судан да аман шығып келе жатыр. Заман – күштінікі, тіл де – күштінікі. Бір кездері Германия мықты болды, бүкіл Еуропа, Америка, кешегі Кеңес Одағы неміс тілін үйренді. Енді Америка күшейді, дүниежүзіндегі халықтардың көп бөлігі ағылшын тілінде сөйлейді. Сондықтан тіл күшті болу үшін мемлекет те қуатты болуы керек. Ал мемлекеттің өсіп-өркендеуі үшін халықтың бірлігі керек. Ел «Мәңгілік Ел» болу үшін, мәңгілік тіл болуы керек. Тілді сақтаудың басты жолы – тіл тазалығы. Өкінішке орай, бүгінде тіл тазалығы, тіл мәдениеті, әдеби тіл нормалары сақтала бермейтін болды. Мұның тіліміздің дамуына теріс әсер беретіні сөзсіз. Кейбір ақпарат құралдарындағы сөз қолданыстарында ауызекі тілде айтылатын сөздер көп кездеседі. Бұл дұрыс емес. Телеарна тілі – тіліміздің айнасы. Ол таза болуы керек.
ЖЖ. Мәтіннің негізгі ойын анықтайды. Мәселелерге өзіндік баға береді.
Дескрипторлар:
Мұғалімнің сындарлы кері байланысы оқушыны ойландырған аспектілерді тыңдаумен жүзеге асырылады. |
слайд http://anatili.kazgazeta.kz/?p=24353 Сұхбаттан үзінділер, таратпа материалдар | ||||||||||
Сабақтың соңы 35-40 | Рефлексия «Бағдаршам» әдісі Мұғалім «Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет. Сөз мәдениеті» тақырыбы аясындағы сабақты қорытындылайды. | слайд | ||||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау | ||||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? | Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?