Тіл және сөз мәдениеті. Кітаби тіл. Сөйлеу тілі. Қазақ тілі, 10 сынып, таратпа материал. 3 сабақ. 1 нұсқа.
«Тіл мәдениеті: сөйлеу және жазу» тақырыбында Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті
Сұлтан ОРАЗАЛЫ, жазушы:– Қазақтың тілі – тағдыры ауыр тіл. Бірақ жаны сірі. Мен бір кездері заңдарымызды зерттеп көрген едім. Сонда түйгенім, XIV ғасырда Алтайдан Дунайға дейінгі елдердің бәрі қыпшақ тіліндегі қыпшақ заңдарына бағынған екен. Қыпшақ заңдары деп отырғанымыз, қазақтың әдет-ғұрып заңдары. Тіпті орыс шіркеулерінің ішінде бір-бірімен қыпшақ тілінде сөйлескендері болған. Содан бергі замандарда тіліміздің көрмеген теперіші жоқ. Бірақ феникс құс сияқты оттан да судан да аман шығып келе жатыр.Заман – күштінікі, тіл де – күштінікі. Бір кездері Германия мықты болды, бүкіл Еуропа, Америка, кешегі Кеңес Одағы неміс тілін үйренді. Енді Америка күшейді, дүниежүзіндегі халықтардың көп бөлігі ағылшын тілінде сөйлейді. Сондықтан тіл күшті болу үшін мемлекет те қуатты болуы керек. Ал мемлекеттің өсіп-өркендеуі үшін халықтың бірлігі керек.Қазір бұдан екі мың жылдай бұрын өмір сүрген Майқы биден бері қарай қазақтың 500-ден астам билері мен шешендерінің сөздері жинақталды. Осының бәрі тұнып тұрған қазақ тілінің байлығы. Халық ана тілінде неғұрлым көп сөйлесе, тіл соғұрлым дами береді.
Кәрімбек АРЫСТАНБЕКҰЛЫ, ҚР Жаратылыстану ғылымдары академиясының вице-президенті:– Биыл алғашқы «Тіл туралы» Заңның қабылданғанына, академик Ә.Қайдаровтың бастауымен «Қазақ тілі» қоғамының құрылғанына ширек ғасыр болды. Осы орайда айтарым, ел «Мәңгілік Ел» болу үшін, мәңгілік тіл болуы керек. Тілді сақтаудың басты жолы – тіл тазалығы. Өкінішке орай, бүгінде тіл тазалығы, тіл мәдениеті, әдеби тіл нормалары сақтала бермейтін болды. Мұның тіліміздің дамуына теріс әсер беретіні сөзсіз. Кейбір ақпарат құралдарындағы сөз қолданыстарында ауызекі тілде айтылатын сөздер көп кездеседі. Бұл дұрыс емес. Телеарна тілі – тіліміздің айнасы. Ол таза болуы керек. Жастар тілінің мәдениетіне қатысты да осыны айтар едім.
Табыл ҚҰЛИЯС, жазушы:– Таяуда Қазан қаласына барып, татар халқының өз тіліне деген құрметіне тәнті болдым. Олар Ресей Федерациясында отырып, өздерінің тілінде сөйлейді. Телеарналары 24 сағат бойы татар тілінде хабар таратады, концерттер қояды, газет-журналдары да сол тілде жарық көреді. Жазушыларының кітаптары 200-300 мың данамен тарайды. Міне, бұл татар халқының туған тілдерін әспеттеп, мәртебесін биіктетудің тамаша үлгісі дер едім.
Сайлау БАТЫРШАҰЛЫ,Астана қалалық «Мемлекеттік тіл» қозғалысының төрағасы:– Сенаттың кіре берісінде «Рұқсат беру бюросы» деген жазу бар. Ал Мәжілістің кіре берісінде «Мәжілістің рұқсатнама бюросы» деп жазылған. Байқасаңыз, бір Парламенттің өзінде екі түрлі нұсқа. Осы жазуларды ретке келтіру керек сияқты. Өйткені бірізділік сақталу керек. Бірізділіктің сақталмауынан әр мекеме әртүрлі жаза береді.Екінші бір айтарым, өкінішке орай, ақпарат саласында қызмет атқаратын журналистер бекітілген термин сөздерді пайдалана бермейді. Өз ойымен, тұспалдап жаза беретіндей көрінеді. Соның нәтижесінде тіл шұбарланады, тіл тазалығына нұқсан келеді. Тіл мәдениетінің төмендеуі тілге деген жауапсыздықтан болатынын естен шығармасақ екен.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?