Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет. Қазақ тілі, 10 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Пән: қазақ тілі Т1

Мектеп: ЖББМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

  • Бөлім

Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет

Оқу бағдарламасына сілтеме

ӘТН1. Мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу

Құндылықтар

Ұлттық мәдени мұраларымызды құрметтеуге, еліне, жеріне деген сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыру.

Тілдік мақсаттар

Жазу емлесі, орфографиялық норма, ілгерінді ықпал, кейінді ықпал, кірме сөздер, күрделі сөздер

Алдыңғы білім

Бөлім бойынша білімдер

Жоспар

Уақыт

Жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Қызығушылықты ояту:

Адасқан сөйлемдер. Оқушылар үш түсті қима қағаздарға жазылған сөздерді біріктіріп, мәдениет жайында айтылған дәйексөздерді табады. Сол арқылы сынып үш топқа бөлінеді.

Адамның жасына қарап емес, мәдениеттілігі мен біліміне қарай бағалауымыз керек. Уинстон Черчилль

Адамдарға мәдениетті таяқпен болса да үйретуіміз керек, әйтпесе күйрейміз. Сергей Капица

Мәдениет дегеніміз - кісілер арасыңда адам болу өнері. О.Сүлейменов.

Қима қағаздар

Сабақтың ортасы

30-35 минут

Мағынаны ажырату

Ойқозғау.

Тапсырма:

І топ

Мәтінді түсініп оқыңыз, асты сызылған сөздердің жазылу ерекшеліктерін түсіндіріңіз

ІІ топ

Мәтінді түсініп оқыңыз,орфографиялық нормаға сай жазылмаған сөздерді табыңыз, себебін түсіндіріңіз

ІІІ топ

Негізгі орфографиялық ережелерді топтастырып жазу

І топ мәтіні

Дәстүрлі мәдениет - әлеуметтік не этникалық ортада дәстүр негізінде қалыптасқан саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени қарым-қатынастар жүйесі. Осы жүйе негізінде осы әлеуметтік не этникалық қоғамдардағы тарихи сабақтастық жүзеге асып, кез келген ұлттың өзіндік бітім-болмысы сақталып қалады. Мәдениет өзінің кең мағынасында бір ұрпақтың келесі ұрпаққа жолдаған өмір сүру тәсілі болғандықтан, осы жалғастықты, мұрагерлікті жүзеге асыратын салт-дәстүрлер жүйесі мәдениет өзегін құрайды. Жазу-сызу болмаған ерте заманда мәдениет ырымдар мен сәуегейлікке, сенім-нанымдарға, дәстүрлі түсініктерге иек артқан. Ғасырлар бойғы күнделікті іс-тәжірибе негізінде сұрыпталған, салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар мәдени мирас қалдырудын және оны жалғасты-рудың жалғыз ғана жолы еді. Азаматтық қоғам әлі қалыптаспаған тұстағы ырымдар мен әдет-ғұрыптардан қазіргі ұлттық мәдениеттің архетипін байқауға болады. Әдетте, дәстүрлі мәдениет уақыт ағымына, замана ырқына бағынбайды. Жас ұрпақ, жаңа буын мәдени дәстүрлерді өзгертуді мұрат тұтпайды да, әлеуметтік ортала берік орныққан салт-дәстүр адамдардың сапасына да уақыттан тысқарылық сезімін қалыптастырады. Осылайша ресми жоралғылар мен үрдістер бұлжытпай сақталып, заң ретінде қабылданады. Әр ұлттың дәстүрлі мәдениеті оның тарихи даму барысында ұстанған діни сенімдері, дүниетанымы, мүдделері, тұрмыстық ерекшеліктері, өзге елдермен саяси, экономикалық және мәдени қарым-қатынастары негізінде қалыптасып, орнығады. Дәстүрлі мәдениеттердің бір-бірімен ықпалдасуы нәтижесінде жеке ұлттың дәстүрлі мәдениетнің дамуы немесе өзге мөдениеттер арасында жоғалып кетуі де мүмкін. Қазіргі заманғы әлемдік ауқымдасу процесі кезінде әр ұлттың өзінің дәстүрлі мәдениетін сақтай отырып, оны ғылыми-технологиялық жаңалықтарға бейімдеуге, жалпы адамзаттық құндылықтармен ұштастыруға ұмтылуда.

ІІ топ мәтіні

Постиндустриалды қоғам — қоғамның даму сатысы. Постиндустриалды қоғам теориясының негізін қалаған Д.Белл, Д.Рисман, А.Тоффлер, З.Бжезинский, Дж.Гэлбрейт, т.б. Постиндустриалды қоғам термині АҚШ-та 20 ғ-дың 50 — 60-жылдары ғылыми айналымға еніп, 60-жылдардың аяғынан теориясы ғылыми негізделген, жаңа мазмұнға ие болды. Оның айрықша белгілері: шығармашылық, интеллектуалді еңбектің жаппай таралуы, ғылыми білім мен ақпарат көлемінің сапалы түрде артуы, байланыс құралдарының, ғылым, білім беру, мәдениет салаларының дамуы, т.б. 70 — 80-жылдары постиндустриалды қоғам тұжырымдамасы қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың әлеуметке ықпалын сипаттауға тиіс футурологиялық және социологиялық теория ретінде дамыды. Америкалық социолог Д.Белл постиндустриалды қоғамды анықтайтын келесі факторларды атап көрсетті: 1) өндірістегі өзгерістің негізіне айналатын теориялық білімнің орталықтандырылуы; 2) экономиялық, инженерлік, әлеуметтік мәселелерді шешу үшін жаңа интеллектуалдық технологияның пайда болуы; 3) білім, ақпарат таратушы әлеуметік топтың қалыптасуы; 4) билік қатынастарының өзгеруі: индустриалдыққа дейінгі қоғамда — аристократия, индустриалдық қоғамда — демократия, постиндустриалды қоғамда — меритократия. Постиндустриалды қоғам қала тұрғындары 70 — 85%-ға жеткенде басталады. Онда аграрлық және индустриалдық тіршілік екінші кезекке өтеді. Ескі индустриализмдің орнына үстеме, еселі индустриализмнің келуі жаңа жаппай тұтыну мәдениетін өмірге әкеледі. Постиндустриалды қоғамның негізгі жетістігі — демократиялық процестердің, азаматтық қоғам құндылықтары рөлінің артуы, жұртшылықтың әлеуметтік-экономиялық жағдайының жақсарып, тұрмыс деңгейінің өсуі. Алайда постиндустриалды қоғамда ұлт тілін, төл мәдениет пен өнерді сақтау аса қиын болмақ. Бұл қоғамда барлық тауқыметтер өзінен-өзі шешіледі деген болжам негізсіз. Белл постиндустриалды қоғамның қалыптасуын компьютер негізгі рөл атқаратын ақпарат пен білім саласындағы революциямен байланыстырады. Оның пікірінше, компьютер технологиялық революцияның символы әрі материалдық тасымалдаушысы, компьютер қоғамды түбегейлы өзгеріске әкеледі. Сөйтіп, жаңа қоғамда ақпарат және оны пайдалану мен тарату үшін техникалық базаны қамтамасыз ететін электронды құралдар негізгі рөл атқармақ. Осыған орай постиндустриалды қоғам ұғымымен үндес “ақпараттық қоғам” термині кеңінен қолданыс тапты.

ІІІ топқа екі мәтін де беріледі. Мәтіндерге сүйеніп, қазақ тілінің негізгі орфографиялық ережелерін жазады.

Бағалау: Бес саусақ

Бағалау дескрипторлары:

  • тілдік бірліктердің жазылу нормаларын біледі
  • тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жаза алады
  • қазақ тіліне тән емле ерекшеліктерін анықтай алады

Таратпа қағаздар

Бағалау смайликтері

Сабақтың соңы

5 минут

Кері байланыс: Ауызша комментарийлер айту

Рефлексия: 3-2-1

Үйге тапсырма: Орфографиялық сөздіктен мәдениет пен өркениетке қатысты 10 сөз бірлігін жазып, жазылуын түсіндіру

Қосымша мағлұматтар

 Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу