Мәдениет және өркениет ұғымдары жайында. Қазақ тілі, 10 сынып, дидактикалық материал. 1 сабақ.
Тарапта
Оқу мақсаты: 10.2.7.1 БАҚ, энциклопедиялық, ғылыми-көпшілік деректерді ала білу, сілтеме жасау жолдарын білу.
Оқылымалды тапсырмасы
Шарты:
Тақтадағы «қоғам», «өркениет», «мәдениет», «рухани жаңғыру», «құндылық», «заман талабы», «мәңгілік ел», «ұлттық болмыс» сөздерінің мағынасын жұпта мағынасын ашыңыз, бұл сөздердің бір-бірімен байланысының мағынасын ашыңыз.
Оқылым тапсырмасы:
Шарты: Ұсынылған сілтемелерді жұпта біріге іздеңіз. Тапқан дереккөздер бойынша талқыланған сөздер туралы ақпарат іздестіріңіз. Қажетті ақпаратты дәптеріне жазып алыңыз, авторына, сайтына сілтеме жасаңыз.
Ұсынылған мәтіндерді қарастыру кезінде автордың басқа дереккөздерге жасаған сілтемелеріне, цитата келтіру тәсіліне назар аудар.
Оқушыларға ұсынылатын сілтемелер:
https://fgulen.com/kz/kitap/ruhaniyat/29028-erkeniet-zhane-kindylyktarymyzdyh-kazirgi-beth-beynesi Өркениет және құндылықтарымыздың қазіргі бет-бейнесі;
http://ikaz.info/m-deniet-zh-ne-rkeniet-ymdaryny-ara-atynasy/ «Мәдениет» және «өркениет» ұғымдарының арақатынасы
http://kitaphana.kz/ru/downloads/referatu-na-kazakskom/235-madeniettanu/2984-madeniet-jane-orkeniet.html Мәдениет пен өркениет
Оқылымнан кейінгі тапсырмалар
Шарты: Жазған жазбаларымен басқа жұптармен алмасыңыз. Өз жазбаларынды толықтыр. Тапсырманы дескрипторға сай бағалап көріңіз.
Бағалау критерийі | Дескриптор |
БАҚ, энциклопедиялық, ғылыми-көпшілік деректерді ала білу, сілтеме жасау жолдарын білу. | -БАҚ құралдарынан арнайы ресурс көздері арқылы кемінде 4-5 ақпаратты тақырыпқа сай іздестіре алады; -іздестірген материалдарына сілтеме жасай алады. |
Тапсырма атауы: «Неге? Неге? Неге?» әдісі.
Мұғалім әрекеті: Тапсырма бойынша нұсқау береді.
Оқушы әрекеті:
Оқушылар шеңберге тұрады. Бір оқушы осы сабақта не үйренгенін айтады және сөйлемін «неге?» деген сұрақпен аяқтайды. Келесі оқушы сол сұраққа жауап беріп, жауабын «неге?» деген сұрақпен аяқтайды. Келесі оқушылар осы әрекеттерді тізбек бойынша жалғастырады. Соңында барлық оушылар орындалған тапсырмаларды еске түсіріп, тақырыптың түйінді идеяларының байланысын түсінеді. Сабақ барысында іздестірген дереккөздерін жинақтап, түйіндейді.
Ықтимал жауаптар:
- 1-оқушы: Көк байрағымыздағы алтын қырандай еліміз қанатын кеңге жайып, асқар биіктерден көрінуі тиіс. Неге?
- 2-оқушы: Себебі Мәңгілік Елді қашанда жер жаһан тани білгені жөн. Неге?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?