Қалжа туралы не білесіз? Қазақ тілі, 10 сынып, дидактикалық материал.


Халқым менің - қонақжай

Қазақтан өткен қонақжай халық бар ма екен, шіркін?! Қазақ халқының шексіз-шетсіз созылып жатқан ұлан-ғайыр даласы қаншалықты кең болса, жүрегінің кеңдігі де соншалық. Жалпы, қазақ үшін адамзаттың барлығы бауыр, барлығы дос. Алыстан адасып келген бейтанысты үйіне түсіріп, құдайы қонақ етіп, қой түгілі, астындағы жалғыз атын сойып беретін халықты қайтіп бауырмал, қайтіп қонақжай демессің? Одан қалса, үйіне келген ағайын-туысын құшақ жайып қарсы алып, айлап-жылдап күтетін халық та аз-ау, сірә! Оған дана халықтың "Қонақ келсе құт", "Қонақ келсе қой егіз табады" сынды мақалдары дәлел. Бүгінде қонағын құт емес, жұт көретіндерді де көзіміз көріп жүрміз. Құдайға шүкір, біздің елде қонаққа шыққан шығынның есебі жоқ. Жұтын емес, құтын ойлап, мейлі алыстан келсін, жақыннан келсін, үйіміздің төрінен орын беріп, жылы-жұмсақты аузына тосып, қонақтың разылығына шат-шадыман қуанамыз. Себебі, қазақ - қонаққа жайлы қонақжай халық. Сонысымен де қашан да мәртебесі биік, елінде дәйім тыныштық.

Ежелден қазақ халқы басқалардан өзінің қонақжайлылығымен ерекшеленеді. Жолдан келген қонақты төрге шығарып, бар тәттісі мен сақтағанын қонақтың алдына қоятын болған. Мұнымен қатар, әр тағам қонаққа сай тартылып отырған. Тіпті, ренжіскен адамдарды қонақасының көмегімен татуластыратын болған. Ыдыстың әдемілігі де үлкен рөл атқарған.

Ауылды жерлерде қонақтарға арнап ет пен сүтті тағамдарды сақтайтын болған. Тамақ әзірлеу міндетті негізінен әйел адамдарға жүктелетін. Олар өздері білетін тағамдардың дайындалу әдісін ұрпақтан ұрпаққа беріп отырған. Ол – балдай тәтті қымыз, шұбат, құрт, ірімшік, сары май, жент және т.б.

Қазақтың қай ауылына барсаңыз да, кез келген әйел әзірлеген тағамның дәмі тіл үйіреді. Алыстан ат терлетіп келген қонақтарға қазақтар қойдың басын ұсынатын болған. Бұдан өзге дастархан мәдениетіне де ерекше көңіл бөлінетін болған. Қазақтың ежелгі дәстүріне сай, дастархан басында отырып өсек айтуға, біреуді балағаттауға, ұрсысуға тыйым салынған. 

Қонақты дұрыс күтпеген адамды ауыл халқы қатты сынайтын болған. Мұны тіпті әулетке басылған таңба деп білген. Сараң адамдарды қонақтары ғана емес, туған-туысқандары да жек көрген. Бірақ, өмірде барлығы болады. Кейде адам біреуге жамандық жасап, кейін соның үйіне өз аяғымен баруға мәжбүр болады. Үй иесі оны қуып жібермеген. Керісінше дастархан басына отырғызып, дәмді ас берген.

Қазақ халқында “абысын асы”, “қонақасы”, “белкөтерер”, “қалжа”, “бүйрек”, “құйрық бауыр асату”, “қымызмұрындық”, “соғым басы”, “наурызкөже” сынды тамаша дәстүрлері бар. Осы салт-дәстүрлердің барлығы халықтың мәдениетінің деңгейін көрсетеді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу