Адамзат дамуының жаһандық мәселелері. Тілдік жүйе және норма. Қазақ тілі, 10 сынып, презентация. 2 нұсқа.


Адамзат дамуының жаһандық мәселелері. Тілдік жүйе және норма

Тілдік жүйе табиғи тілдің ішкі заңына лайық (үйлес), сөздік құрам мен грамматикалық құрылыстың тұрақты қарым-қатынасқа түскен элементтерінің бірлігі мен тұтастығы. Тіл белгілі бір жүйе ретінде өмір сүреді. Тілдік жүйе сөздердің әртүрлі өзгеріске түсу мен сөйлемде тіркесу заңдылықтары анықтайды. Тілдік жүйе тұтас бүтін, ал оның құрамындағы әр бөлік (компонент) бүтіннің бөлшегі. Әр бөлік өз алдына оңашаланбайды, жүйенің өзге бөлігіне қарама-қарсылықта түзіледі. Сондықтан да тілдік жүйенің әр бөлігі тілдік жүйе мәні (қызметі) тұрғысынан қарастырылады.

Тілдік норма дегенімізтілдегі бірізділік, тіл материалдарын нормалау деген сөз, белгілі бір тәртіп, заңдылыққа бағындыру. Тілдік норма тілдің ішкі заңды жүйелері негізінде дамып қалыптасады, олар сұрыпталған, ұтымды орайында, жалпыға бірдей ортақ түрінде жұмсалады. Ол тәртіпті орнататын да, оның иінін қандыратын да әдеби тіл. Тілдің дыбыс жүйесі, сөз байлығы, сөз мағыналары, тілдің грамматикалық құрылысыбәрі қалыптасқан заңды ерекшеліктерге негізделеді.

Берілген суреттерден қандай ой түюге болады?

Тыңдалымалды тапсырма

1.Оқушылар «Бүгінгі күндегі ең ірі ғаламдық мәселе» тақырыбында ой бөліседі.

2. Екі топ болып өз көзқарастарын білдіреді:

1.Глобалистер 2.Антиглобалистер

 

Қазіргі кезде сіз үшін шынайы және неге?

Туындаған мәселелерді бірден шешуге бола ма?

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма

Оқушылар оқытушының сұрақтарына жауап береді:

Жаһандану әлемді қалай өзгертуде?

Жаһанданудың бізге әсері қандай?

Жаһанданудың біз ішетін асқа әсері қандай?

Жаһандық сауда адамның өмірін жақсарта ма?

Ғаламдық мәселелер қатарына сіз қандай жағдайларды жатқызар едіңіз?

Жаһанданудың салдары қандай? (оң немесе теріс)

Бүгінгі тақырыпта өткен ақпараттар мен пікірлерді қорытындылай отырып,

«Жаһанданудың күнделікті өмірімізге әсері» туралы ойларыңызбен бөлісіңіздер.

Кері байланыс

«Өзіме хат» әдісі

«Өзіме хат» жазу дағдысын дамытуға септігін тигізіп, оқушының өзіндік талдау жасауына ықпал етеді. Сабақта не өткені туралы өз-өзіне хат жазу тапсырылады, оқушы жазбаша түрде талдау жасайды.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу