Адамзат дамуының жаһандық мәселелері. Тілдік жүйе және норма. Қазақ тілі, 10 сынып, сабақ жоспары. 1 нұсқа.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Адамзат дамуының жаһандық мәселелері. Тілдік жүйе және норма. Сөз қолданысындағы ерекшеліктер және стиль. Ғылыми әдебиет тілінің ерекшеліктері | Мектеп: Ақтөбе қаласы физика-матемаикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Димисанова Алтынай Батырхановна | |||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 10 Т1 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Адамзат дамуының жаһандық мәселелері. Тілдік жүйе және норма | |||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 10.1.4.1 Мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескере отырып, сұрақтар құрастыру және бағалау. | |||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаттары | Мәтіндегі көтерілген мәселеге баға бере отырып, сұрақтар құрастыру және бағалау. | |||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийі |
| |||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Пәнге тән лексика мен терминология: Тіл тағдыры, сөз мәдениеті, тіл мәдениеті, өркениет т.б Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Менің ойымша/пікірімше…, Менің көзқарасым тұрғысынан…., Менің көзқарасым бойымша…, Мен сенімдімін…, Мені таңқалдыратыны... | |||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды игерту | Қоғамның басты құндылығы тіл мәдениеті, сөз мәдениеті тақырыбы аясында түсініктерін кеңейту. | |||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Қазақ тілі,стилистика пәні | |||||||||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Сөздердің стильдік қызметі | |||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспар | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | ||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 0-5 | Қызығушылықты ояту. Оқушылар «Жаһандық проблемалар» тақырыбына ассоциация жасайды.
| слайд | ||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 5-15 15-30 30-35 | Мағынаны тану 1. Мұғалім оқушыларға тілдік норма және жүйе тақырыбы аясында түсініктеме береді. Тілдік жүйе табиғи тілдің ішкі заңына лайық (үйлес), сөздік құрам мен грамматикалық құрылыстың тұрақты қарым-қатынасқа түскен элементтерінің бірлігі мен тұтастығы. Тіл белгілі бір жүйе ретінде өмір сүреді. Тілдік жүйе сөздердің әртүрлі өзгеріске түсу мен сөйлемде тіркесу заңдылықтары анықтайды. Тілдік жүйе тұтас бүтін, ал оның құрамындағы әр бөлік (компонент) бүтіннің бөлшегі. Әр бөлік өз алдына оңашаланбайды, жүйенің өзге бөлігіне қарама-қарсылықта түзіледі. Сондықтан да тілдік жүйенің әр бөлігі тілдік жүйе мәні (қызметі) тұрғысынан қарастырылады. Тілдік норма дегеніміз – тілдегі бірізділік, тіл материалдарын нормалау деген сөз, белгілі бір тәртіп, заңдылыққа бағындыру. Тілдік норма тілдің ішкі заңды жүйелері негізінде дамып қалыптасады, олар сұрыпталған, ұтымды орайында, жалпыға бірдей ортақ түрінде жұмсалады. Ол тәртіпті орнататын да, оның иінін қандыратын да әдеби тіл. Тілдің дыбыс жүйесі, сөз байлығы, сөз мағыналары, тілдің грамматикалық құрылысы – бәрі қалыптасқан заңды ерекшеліктерге негізделеді. 2. Оқушылар адамзат дамуына әсер ететін жаһандық мәселелер жөнінде ақпарат жинайды. Жаһандануға әсер етуші факторларды көрсетеді. Адамзаттың жаһандық мәселелерін кестеге тізбектеп жазады:
Тыңдалымалды тапсырмасы Адам өміріне жаһанданудың әсері жайлы оқушылар өз ойларын ортаға салады. Екі топқа бөлініп, жаһанданудың артықшылықтары мен кемшіліктерін сызба арқылы көрсетеді.
Тыңдалым тапсырмасы Оқушылар мәтінді тыдай отырып, мәтіндегі көтерілген мәселені анықтайды. Жұмыс алгоритмі:
Тыңдалымнан кейінгі тапсырма Сабақ барысында жинаған ақпараттары мен білімдерін қолдана отырып кесте толтырады.
Бағалау. Өзін-өзі бағалау және мұғалімнің бағалауы арқылы жүзеге асырылады. |
слайд http://www.sarap.kz/index.php/kz/rubikon/113-2013-05 Жаһандану және адамзат дамуындағы жаһандық мәселелер тақырыбындағы ақпараттар | ||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 35-40 | Кері байланыс «Бас бармақ» әдісі
| слайд | ||||||||||||||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау | ||||||||||||||||||||||||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? | Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?