Жастар арасындағы кітап оқу мәдениеті. Қазақ тілі, 10 сынып, таратпа материал.
Тыңдалым мәтіні
Елбасының «бес бастамасы» аясында студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету жайы көтерілген болатын. Осы бастаманың нәтижесінде Алматы, Астана, Атырау, т.б. ірі қалаларда студенттік жатақханалар бой көтеріп, алғашқылары пайдалануға берілді. Алайда бұл студенттік баспанаға мұқтаж 101 мыңнан аса студенттің мәселесін шеше ала ма? Ал пәтерден пәтер жалдап жүрген 24 мың алматылық және 17 мың астаналық студенттің мұңын кім тыңдайды? Осы іске жауапты Бақытжан Жұмағұлов алдағы уақытта студент жастардың жатақханаға мұқтаж болмайтынын жеткізген-ді. Себебі жыл сайын жаңа оқу жылы кезінде шарқ ұрып, жатақхана іздеп кететін жастар көп. Шәкіртақысы баспана жалдап тұруға жетпесе де, бірлесіп күнелтіп тұруға мәжбүр болып келді. Осы мәселені ескерген Елбасы 2020 жылға дейін 75 мың орын болатын жатақхана салуға тапсырма берген еді. Әрине, бұл мәселені 4 жылда шешу оңай емес. Бірақ білім және ғылым министрлігі берген мәліметте биыл 140 мыңдай түлек мектеп тәмамдаған. Одан бөлек 9 сыныпты бітіріп, арнайы колледждерге түскен студенттер бар. Ал қалаға ауылдан келіп, білім алатын жастар саны – 41 пайыз. Сондай-ақ, соңғы жылдары жастар арасына ауыз сала бастаған түрлі дерт көп. Оған шалдықпас үшін салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен айналысуға ден қойылса. Бұқаралық спортты дамыту үшін спорт нысандарын тегін, тіпті, болмаса қолжетімді бағамен пайдалануға беру мәселесін қолға алған жөн. Қазір өткізіліп жатқан спорттық шаралар аз емес. Елімізде қысқы Азиада, Универсиада ойындары өз деңгейінде өтті. Оларға арналып арнайы спорт нысандары бой көтерді. Міне, соларды халықтың игілігіне беру керек. Онсыз балалардың, жасөспірімдердің, жастардың спортқа көңіл бөліп, тұрақты айналысуы құрғақ сөз болмақ. Тағы бір мәселе – жас мамандарға шалғайдағы елді мекендерде жұмыс істеу үшін тиісті жағдай жасау. Жыл сайын қаншама маман оқу орнын бітіріп, қолына дипломын алады. Алайда солардың ішінде ауылын, туған жерін көркейтуге, өсіруге үлес қосатындары сирек. Сондай жастың бірі «Болашақ» бағдарламасы арқылы білім алып, ауыл мектебінде жемісті еңбек етіп жүрген Абзал Ескендірдің ісіне сүйсінбеген адам кемде-кем. Жапонияның Осака қаласында ядролық физика мамандығы бойынша магистрлік білім алған ол ауыл мектебін, ауыл балаларын ғылымға баулуға күш салуда. Бүгінде «Жыл мұғалімі» атағына ие болған жас ұстаз: «Оқушының әрбір жетістігін көріп, ұстаздық салада бекер жүрмегенімді сезінемін. Себебі бала – таза бұлақ. Бұлақтың көзін ашу – бізге жүктелген міндет. Баланың бәрі талантты, білім алуға құштар. Алайда олармен жұмыс істеп, білім мен ғылымға деген қызығушылығын ашып, арттыру керек. Құдайға шүкір, қазір оқушыларым түрлі байқауларда бақ сынап, жүлделі орындарға ие болуда. Мұның өзі ұстаз үшін абырой» екенін айтады.
Барлық құқықтар сақталған. Материалды көшіріп бассаңыз https://turkystan.kz/article/72347-zhastar-zhyly-zha-sy-zha-aly-k-tken-zh-rt гиперсілтемесін міндетті түрде қойыңыз.
ТЖ. Тыңдалым тапсырмасы.
«FILA, SWOT» кестелерін толтырады.
1-топ: FILA кестесін толтырады.
F факт | I Идеясы (1тұрақты тіркес) | L сұрақ | A шешім (1 метафора) |
Бағалау дескрипторы:
- Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты ғаламдық (отандық) мәселелермен байланыстыра талдайды.
- Тақырыпқа қатысты деректер келтіреді.
- Мәтіндегі мәселені анықтайды.
- Мәселеге қатысты өз ойын дәлелмен жеткізеді.
- Көркемдік тәсілдерді орынды қолданады.
2-топ: «SWOT» кестесін толтырады.
S Мықты жақтары | W Осал жақтары |
O Мүмкіндіктер (мақал-мәтел) | T Қауіп-қатер (1 метафора) |
Бағалау дескрипторы:
- Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты ғаламдық (отандық) мәселелермен байланыстыра талдайды.
- Тақырыпқа қатысты деректер келтіреді.
- Мәтіндегі мәселені анықтайды.
- Мәселеге қатысты өз ойын дәлелмен жеткізеді.
- Көркемдік тәсілдерді орынды қолданады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?