Орманды сақтау. Қазақ тілі, 9 сынып, таратпа материал.


Бөлім: Табиғи ресурстарды сақтау

Тақырып: Орманды сақтау

Оқу мақсаты:

9.2.6.1 белгілі бір мақсат үшін оқылым стратегияларын тиімді қолдана білу;

9.3.1.1 жинақталған материалдар негізінде көзделген мақсатқа сәйкес ауызша және жазбаша мәтіндер үшін күрделі жоспар құру.

Үлестірме

Жұбыңмен төмендегі сұрақтарға жауап беріп, талқылау жүргіз.

1. Орманның маңыздылығы қандай?

2. Орманда қандай жануарлар тіршілік етеді?

3. Орманның адам баласына пайдасы қандай?

4. Орман жойылса, жер бетінде не өзгеріс болуы мүмкін?

1-тапсырма. Топта орманға қатысты заң құрастырыңыз. Заң кем дегенде 5 тармақтан тұрсын.

2-тапсырма. Қабырғада ілінген оқылым мәтінін оқып, жазбаларыңызға өзгеріс енгізіңіз.

Қабырғаға ілінетін мәтін

3-бап. Қазақстан Республикасы орман заңдарының принциптерi

Қазақстан Республикасының орман заңдары:

1) ормандардың климатты реттейтiн, орта түзетiн, егiс-топырақ қорғау, су сақтау және санитарлық-гигиеналық функцияларды орындайтын жалпымемлекеттiк мәнiн мойындау;

2) ормандарды тұрақты дамыту (Қазақстан Республикасының орманды аумақтарын тұрақты ұлғайту);

3) ормандардың, мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң, мәдени және табиғи мұраның биологиялық әралуандығын сақтау;

4) ормандарды көп мақсатқа пайдалану;

5) орман ресурстарын ұтымды, үздiксiз, сарқылмайтындай етiп пайдалану;

6) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру саласындағы мемлекеттік реттеу, бақылау;

7) басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу мен алынған сүректi қайта өңдеудi жүзеге асыру функцияларынан орман пайдалануды реттеу функцияларының ара жiгiн ажырату;

8) Қазақстан Республикасының орман заңдарын бұзудан келтiрiлген залалдың орнын толтыру;

9) орман ресурстарын ақылы пайдалану;

10) орман қорының жай-күйi туралы ақпараттың қол жетiмдiлiгi;

11) халықтың және қоғамдық бiрлестiктердiң орман қорын күзетуге және қорғауға қатысу принциптерiне негiзделедi.

3-тапсырма. Мәтіннен қажетті ақпаратты анықта.

Мәтіннен етістіктерді теріп жаз..Тапқан етістіктермен байланыстырып, орманды қорғау туралы ойларыңды топта ортаға сал.

Етістіктер

Сіздің пікіріңіз...

Сақтау

Пайдалану

Бақылау

Реттеу

Бағалау критерийі

Дескрипторлар

Оқылым стратегияларын қолданады

Мәтіннен кемінде 7 етістікті тауып, орманды қорғау туралы пікірін осы етістіктермен байланыстырып айтады.

4-тапсырма. Орман заңын мазмұнына қарай жіктеп, күрделі жоспар құр.

Бағалау критерийі

Дескрипторлар

Мәтін мазмұнына сай бөліктерге бөледі

Мәтінді мазмұнына қарай кемінде 2 бөлікке бөледі, жоспар құрады.

Үлгі:

  • Орманды пайдалану

а/ 4-бөлік. Көп мақсатта пайдалану;

ә/ 5-бөлік. Сарқылмайтындай етіп пайдалану.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу