Орманды сақтау. Қазақ тілі, 9 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Сабақ: Қазақ тілі

 Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім атауы:

Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану

Сабақтың тақырыбы

Орманды сақтау

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

9.2.6.1 белгілі бір мақсат үшін оқылым стратегияларын тиімді қолдана білу;

9.3.1.1 жинақталған материалдар негізінде көзделген мақсатқа сәйкес ауызша және жазбаша мәтіндер үшін күрделі жоспар құру.

 Сабақтың мақсаттары

  • Оқылым стратегияларын қолданады;
  • Мәтін мазмұнына сай бөліктерге бөледі;
  • Күрделі жоспар құрады.

Бағалау критерийлері

  • Мәтін мазмұнын түсінеді.
  • Күрделі жоспар құрады.

 Құндылықтар

Өмір бойы оқу, жауапкершілік

 Пәнаралық байланыс

Экология

 АКТ дағдылары

Тақырыпқа қатысты таныстырылым

Осыған дейін меңгерілген білім

Тілдік міндеттер

Тақырыпқа қатысты сөздер мен сөз тіркестері: пайдалану, дамыту, мемлекеттік мәні, табиғи мұра, тұрақты ұлғайту

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

5 мин

1.Ұйымдастыру. Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

1. Орманның маңыздылығы қандай?

2. Орманда қандай жануарлар тіршілік етеді?

3. Орманның адам баласына пайдасы қандай?

4. Орман жойылса, жер бетінде не өзгеріс болуы мүмкін?

Сабақтың ортасы

12 мин

8 мин

7 мин

5 мин

Оқылымалды тапсырма

1-тапсырма. Оқушыларға топта Орман заңын құрастыру тапсырылады. Көмек ретінде шартты белгілер ұсынылады. Топ заңды флипчартқа жазады.Аяқталған жұмысты бір-біріне таныстырады.

Оқылым тапсырмасы

2-тапсырма. Оқушылар қабырғада ілінген оқылым мәтінін оқып, өздерінің жазбаларына өзгеріс енгізеді.

3-бап. Қазақстан Республикасы орман заңдарының принциптерi

      Қазақстан Республикасының орман заңдары:

      1) ормандардың климатты реттейтiн, орта түзетiн, егiс-топырақ қорғау, су сақтау және санитарлық-гигиеналық функцияларды орындайтын жалпымемлекеттiк мәнiн мойындау;

      2) ормандарды тұрақты дамыту (Қазақстан Республикасының орманды аумақтарын тұрақты ұлғайту);

      3) ормандардың, мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң, мәдени және табиғи мұраның биологиялық әралуандығын сақтау;

      4) ормандарды көп мақсатқа пайдалану;

      5) орман ресурстарын ұтымды, үздiксiз, сарқылмайтындай етiп пайдалану;

      6) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру саласындағы мемлекеттік реттеу, бақылау;

      7) басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу мен алынған сүректi қайта өңдеудi жүзеге асыру функцияларынан орман пайдалануды реттеу функцияларының ара жiгiн ажырату;

      8) Қазақстан Республикасының орман заңдарын бұзудан келтiрiлген залалдың орнын толтыру;

      9) орман ресурстарын ақылы пайдалану;

      10) орман қорының жай-күйi туралы ақпараттың қол жетiмдiлiгi;

      11) халықтың және қоғамдық бiрлестiктердiң орман қорын күзетуге және қорғауға қатысу принциптерiне негiзделедi.

3-тапсырма. Мәтіннен қажетті ақпаратты анықта.

Мәтіннен етістіктерді теріп жазу тапсырылады.Тапқан етістіктерімен байланыстырып, орманды қорғау туралы ойларын топта ортаға салады.

Етістіктер

Сіздің пікіріңіз...

Сақтау

Пайдалану

Бақылау

Реттеу

Бағалау критерийі

Дескрипторлар

Оқылым стратегияларын қолданады

Мәтіннен кемінде 7 етістікті тауып, орманды қорғау туралы пікірін осы етістіктермен байланыстырып айтады.

4-тапсырма. Орман заңын мазмұнына қарай жіктеп, күрделі жоспар құру тапсырылады.

Бағалау критерийі

Дескрипторлар

Мәтін мазмұнына сай бөліктерге бөледі

Мәтінді мазмұнына қарай кемінде 2 бөлікке бөледі, жоспар құрады.

Үлгі:

  • Орманды пайдалану

а/ 4-бөлік. Көп мақсатта пайдалану;

ә/ 5-бөлік. Сарқылмайтындай етіп пайдалану.

Сабақтың соңы

2 мин

Кері байланыс. Сабақ соңында «пайдалану, дамыту, мемлекеттік мәні, табиғи мұра, тұрақты ұлғайту» сөздері мен сөз тіркестерін пайдаланып, төмендегі сұрақтарға жауап беру тапсырылады:

Сабақтан не үйрендім?

Не қиын болды?

Нені жетілдіру керек?

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау, берілетін уақыт, қолданатын дерек көздеріне байланысты бөліп оқыту.

Топта бірлесіп оқыту.

Тапсырмалардың өзара байланысты болуына баса назар аударылады.

Пәнаралық байланыс – робототехника, биология

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу