Пайдалы қазбалар-халықтың, елдің ырысы. Қазақ тілі, 9 сынып, дидактикалық материал.
Таратпа
Оқу мақсаты:
9.1.3.1 тыңдалған мәтіндегі ақпаратты өмірлік мәселелермен байланыстыра білу
Ой шақыру
Сынапқа
көмір | алтын | мыс | уран | мұнай |
Сыныптағы оқушыларға пайдалы қазбалардың атауы жазылған жоғарыдағы қағаздар таратылып беріледі. Оқушылар пайдалы қазбалардың еліміздің қай өңірлерде көбірек бар екеніне болжам жасап, Қазақстанның картасына орналастырады. Кейін мұғалім оқушыларға Қазақстанның пайдалы қазбалары картасын көрсетеді. Оқушылар өз болжамдарын салыстырып, қаншалықты сәйкес келгенін анықтайды. Картадағы шартты белгілерді оқып, бір-бірімен талқылап, түсіндіруге тырысады.
Талқы сұрағы:
Қалай ойлайсыз, бүгінгі сабақ тақырыбы қандай болмақ?
Сабақтың тақырыбын анықталады.
Тыңдалым алдындағы тапсырма.
1-тапсырма
«Сіз білесіз бе?»,- тапсырмасы арқылы тақырыпты ашыңыз
1. Пайдалы қазбалар дегеніміз не?А) қазып алып адам тамаққа қолданатын заттар. Ә) жер қойнауын толтырып жатқан сулар Б) жер қойнауында кездесетін табиғи минералдық заттар. 2. Пайдалы қазбалар нешеге бөлінеді?А) 2 Ә) 3 Б) 43. Пайдалы қазбалар түрлерін көрсет. А) жанғыш, кенге жататын, кенге жатпайтын пайдалы қазбалар Ә) жанғыш, темір, шымтезек пайдалы қазбаларБ) жанғыш пайдалы қазбалар, құм, саз.4. Кенді пайдалы қазбалар деген не?А) кенде металл бос тау жыныстарымен араласып жүреді. Ә) кенде жанғыш пайдалы қазбалар болады. Б) кенге сұйық жанғыш пайдалы қазбалар араласып жатады.
2-тапсырма
«ҚАЗАҚСТАН» атты номенклатуралық ойын ұйымдастыру
| тау | өзен | көл | шөл |
Қ |
|
|
|
|
А |
|
|
|
|
З |
|
|
|
|
А |
|
|
|
|
Қ |
|
|
|
|
С |
|
|
|
|
Т |
|
|
|
|
А |
|
|
|
|
Н |
|
|
|
|
Тыңдалым тапсырмасы.
Оқушыларға «Қазба байлық ел игілігінде» тақырыбында бейнеролик көрсетіледі.
Тыңдалымнан кейінгі тапсырма Оқушылар қарап, жұпта талқалайды.
Оқушылар жұпта талқылап, өз пікірлерін білдіреді.
Мұғалім оқушыларға бейнематериалдағы ойды толықтыратын, идеясы ұқсас шағын мәтінді ұсынады. Оқушылар мәтінді оқып, жұпта талқылайды. Мәтінде қойылмаған тыныс белгілерді оқушылар өздері қойып, жазып шығады.
Мәтін:
Менделеев кестесіне енген сол байлықтың түр-түрін болашақ ұрпаққа табыстау, барды ұқсата білу және оны тиімді пайдалану бұл бүгінгі аға ұрпақтың асыл мұраты. Өйткені болашағын ойламайтын ел болмайды. Осы бағытта Елбасы ұсынған 100 нақты қадам ұлт жоспарының басты көздегені – «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асыру, ол үшін тәуелсіз елімізді әлемнің ең дамыған отыз елінің қатарына қосу екендігі еріксіз ойға оралады.Иә пайдалы қазбаларды ешкім ешқайда әкетпейді. Ол халықтың, елдің ырысы. Еліміз сол байлығы арқылы әлемге танылып, ат құлағын алпауыт елдермен теңестірді. Сол үшін де пайдалы қазбаларымызды жаңарған заманның үрдісімен тиімді әрі неғұрлым сапалы пайдалану – басты міндетіміз болып табылады.Еліміз талай сындардан сүрінбей өтіп келеді. Бұған тәубе дейміз. Ендігі сын – ілгері өрлеудің, дәуірлеудің сыны. Бұған тек қана экономикалық өсім арқылы қол жеткізуге болады. Бағытымыз айқын, қадамымыз нық. Дәтке қуаты – осы.
Ибрагим Бекмаханұлы
Бағалау критерийі | Дескриптор |
тыңдалған мәтіндегі ақпаратты өмірлік мәселелермен байланыстыра білу | -тыңдалым мәтінін зейін қоя тыңдайды; -берілген ақпараттарды өмірмен байланыстыра алады; -мәтіндегі ойлар мен ақпараттарды пайдаланып, өз көзқарасын білдіреді.
|
«Шығыс базары» әдісі бойынша оқушылар араласа жүріп мәтіндерін оқиды, түзету жұмыстарын жасайды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?