Табиғи ресурс көздері - ел байлығы. Қазақ тілі, 9 сынып, дидактикалық материал. 2 сабақ.


Таратпа

Оқу мақсаты:

Мәтінде көтерілген мәселеге оқырманның қарым-қатынасын анықтауға арналған талқылау сұрақтарын құрастыру.

  • Қызығушылықты ояту

Тапсырма атауы: «Қазақстан елінің жер қойнауы»

Cұрақ:

  • Картадағы шартты белгілер нені білдіреді?
  • Сіздің ойыңызша жер асты қойнауының шикізат қоры шексіз нәрсе ме?
  • Неліктен?

Картаны оқушылар жұпта талқылайды.

Оқылымалды тапсырмасы.

Жұпта оқиды, мақалдың мәнін ашады.

  • Мақалдағы асты сызылған қазба байлықтарының рөлі қандай?
  • Ол мақалда қалай көрініс тапқан?
  • Жалтырағанның бәрі – алтын емес. Аз сөз алтын, көп сөз көмір.Темірді қызғанда соқ.Жайсыз болған жаздан
  • Жайлы келген қыс артық.

Көріксіз соққан күмістен

Келісті соққан мыс артық.

  • Тауып сөйлесең — күміссің,

Таппай сөйлесең — мыссың.

Оқылым тапсырмасы. Оқушылар оқылым мәтінін оқиды.

  • Мәтінді зейін қоя оқыңыз.
  • Мәтінде көтерілген мәселеге оқырманның қарым-қатынасын анықтауға арналған 3 талқылау сұрақтарын құрастырыңыз.

Оқылым мәтіні.

Қазақстан өзінің жер қойнауының байлығымен әйгілі. Бұл Жер қыртысының геологиялық құрылысы мен даму ерекшеліктеріне байланысты. Тау түзілу, магмалық жыныстардың енуі және метаморфизм (өзгеріске ұшыраған), яғни эндогендік процестердің әртүрлілігі, солармен байланысты тау жыныстарының құрылымында, минералдық және химиялық құрылысында болған қандай да бір өзгерістер түрлі пайдалы қазбаларды түзеді.

Пайдалы қазбалар деп, қазіргі техниканың даму деңгейінде, табиғи түрінде немесе өңделгеннен кейін шаруашылықта пайдалануға болатын минералдар мен тау жыныстарын айтады. Әдетте, таулы аймақтарда (қатпарлы және қатпарлы-жақпарлы аудандарда) және шөгінді қабығынан айырылған платформаларда рудалы қазбалар кені көптеп кездеседі.

Ал шөгінді түріндегі пайдалы қазбаларды (мұнай, газ, көмір, уран және т.б.) шөгінді қабығы бар платформаларда (жазықтарда) кездестіруге болады.

1919—1923 жылдардың өзінде Қарағанды тас көмір алабының өнеркәсіптік мүмкіндіктері анықталды. Содан бері Қазақстанда геологиялық пайдалы кендер ашылып, жоспарлы зерттеу жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді.

Қазақстанда аса маңызды минералдық шикізат түрлерінің бәрі дерлік бар. Еліміздің жер қойнауынан Менделеев кестесіндегі 105 элементтің, оның 70-інің мол қоры барланған және 60-тан астамы өндіріледі. 6 мыңға жуық пайдалы қазбалар кен орындары ашылған. Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі мамандарының мәліметі бойынша (2007) республика дүние жүзінде уран, хром және марганец қоры жөнінен - екінші орында, мырыш, молибден, қорғасын, мыс, вольфрам және алтын қорынан - алғашқы бестікте, ал мұнай, темір және қалайы қорынан - алғашқы он орынның біріне ие. Қазақстан Еуразия континентінде хром қорынан ең бай ел, ал марганец қорынан бүкіл ТМД-да басым ел. Алтын қорынан Қазақстан дүние жүзі бойынша 5-орында, ал ТМД бойынша Ресей мен Өзбекстаннан кейінгі 3-орында. ТМД көлеміндегі мыс пен қорғасын корының жартысынан астамы, мырыштың 70%-ынан астамы Қазақстанда шоғырланған.

Пайдалы қазба орындары жанатын, кен және кен емес болып үш топқа бөлінеді.

Жанатын пайдалы қазбаларға мұнай мен газ, көмір, уран және т.б. кен орындары жатады.

Оқылымнан кейінгі тапсырма

Жұпта

  • Мәтінде көтерілген мәселеге оқырманның қарым-қатынасын анықтауға арналған 3 талқылау сұрақтарын құрастырыңыз.

Дескриптор:

  • Оқылым мазмұнын түсінеді;
  • Жұпта көтеріген мәселе төңірегінде оқырманға арналған талқылау 3 сұрағын құрастыра алады.

Ой қорытайық.

  • Мәтін мазмұны бойынша ойды жалғастырыңдар.

Қазақ жері - ...

Жер қыртысының геологиялық құрылысы мен даму ерекшеліктеріне байланысты, өйткені...

Мен .... мақтан етемін, себебі...



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу