Табиғи ресурс көздері - ел байлығы. Қазақ тілі, 9 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Сабақ 1 Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану. Пунктуация | Мектеп: Орал қаласындағы ФМБ НЗМ | |||||||
Күні: | Мұғалімнің ТАӘ: Тажигалиева З.Т. | |||||||
Сынып: 9Т1 | Қатыспағандар саны: Қатысқандар саны : | |||||||
Сабақтың тақырыбы | Табиғи ресурс көздері- ел байлығы | |||||||
Осы сабақ арқылы іске асатын оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 9.2.5.1 мәтінде көтерілген мәселеге оқырманның қарым-қатынасын анықтауға арналған талқылау сұрақтарын құрастыру; | |||||||
Сабақтың мақсаты | Оқушылар: мәтінде көтерілген мәселеге оқырманның қарым-қатынасын анықтауға арналған талқылау сұрақтарын құрастыру; | |||||||
Бағалау критерийлері
|
| |||||||
Тілдік мақсаттар | Пән лексикасы және терминология: табиғи байлық, пайдалы қазба, ел игілігі, жер қыртысы,т.б. Айтылымға қажетті сөз тіркестері: Қазақ жері - ... Жер қыртысының геологиялық құрылысы мен даму ерекшеліктеріне байланысты, өйткені... Мен .... мақтан етемін, себебі...
| |||||||
Құндылықтар | Құрмет, өмір бойы оқу, ынтымақтастық | |||||||
Пәнаралық байланыс | тарих, әдебиет, өзін-өзі тану, экономка, география пәндері | |||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | ||||||||
Сабақтың барысы | ||||||||
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған әрекеттер | Ресурстар | ||||||
Сабақтың басы 2 минут | Мұғалім сабақтың тақырыбы, оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерін оқушылармен бірге талқылайды. | Таныстырылым | ||||||
Сабақтың ортасы
5 минут
5 минут 15 минут 10 минут 5 минут |
Тапсырма атауы: «Қазақстан елінің жер қойнауы» Мұғалімнің әрекеті: Мұғалім қазба байлықтардың картасын көрсетеді. Cұрақ:
Оқушылар әрекеті: Картаны оқушылар жұпта талқылайды. Оқылымалды тапсырмасы. Оқушыларға мақалдар таратылып беріледі, оны жұпта оқиды, мақалдың мәнін ашады.
Көріксіз соққан күмістен Келісті соққан мыс артық.
Таппай сөйлесең — мыссың. Оқылым тапсырмасы. Оқушылар оқылым мәтінін оқиды.
Оқылым мәтіні. Қазақстан өзінің жер қойнауының байлығымен әйгілі. Бұл Жер қыртысының геологиялық құрылысы мен даму ерекшеліктеріне байланысты. Тау түзілу, магмалық жыныстардың енуі және метаморфизм (өзгеріске ұшыраған), яғни эндогендік процестердің әртүрлілігі, солармен байланысты тау жыныстарының құрылымында, минералдық және химиялық құрылысында болған қандай да бір өзгерістер түрлі пайдалы қазбаларды түзеді. Пайдалы қазбалар деп, қазіргі техниканың даму деңгейінде, табиғи түрінде немесе өңделгеннен кейін шаруашылықта пайдалануға болатын минералдар мен тау жыныстарын айтады. Әдетте, таулы аймақтарда (қатпарлы және қатпарлы-жақпарлы аудандарда) және шөгінді қабығынан айырылған платформаларда рудалы қазбалар кені көптеп кездеседі. Ал шөгінді түріндегі пайдалы қазбаларды (мұнай, газ, көмір, уран және т.б.) шөгінді қабығы бар платформаларда (жазықтарда) кездестіруге болады. 1919—1923 жылдардың өзінде Қарағанды тас көмір алабының өнеркәсіптік мүмкіндіктері анықталды. Содан бері Қазақстанда геологиялық пайдалы кендер ашылып, жоспарлы зерттеу жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Қазақстанда аса маңызды минералдық шикізат түрлерінің бәрі дерлік бар. Еліміздің жер қойнауынан Менделеев кестесіндегі 105 элементтің, оның 70-інің мол қоры барланған және 60-тан астамы өндіріледі. 6 мыңға жуық пайдалы қазбалар кен орындары ашылған. Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі мамандарының мәліметі бойынша (2007) республика дүние жүзінде уран, хром және марганец қоры жөнінен - екінші орында, мырыш, молибден, қорғасын, мыс, вольфрам және алтын қорынан - алғашқы бестікте, ал мұнай, темір және қалайы қорынан - алғашқы он орынның біріне ие. Қазақстан Еуразия континентінде хром қорынан ең бай ел, ал марганец қорынан бүкіл ТМД-да басым ел. Алтын қорынан Қазақстан дүние жүзі бойынша 5-орында, ал ТМД бойынша Ресей мен Өзбекстаннан кейінгі 3-орында. ТМД көлеміндегі мыс пен қорғасын корының жартысынан астамы, мырыштың 70%-ынан астамы Қазақстанда шоғырланған. Пайдалы қазба орындары жанатын, кен және кен емес болып үш топқа бөлінеді. Жанатын пайдалы қазбаларға мұнай мен газ, көмір, уран және т.б. кен орындары жатады. Оқылымнан кейінгі тапсырма Жұпта
Дескриптор:
Ой қорытайық.
Қазақ жері - ... Жер қыртысының геологиялық құрылысы мен даму ерекшеліктеріне байланысты, өйткені... Мен .... мақтан етемін, себебі... | Таратпа материал Таныстырылым | ||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Сабақтың соңында мұғалім бағалау критерийлері мен сабақ мақсаттарына қайта оралады. Бағалау критерийлеріне қаншалықты қол жеткізгендері туралы бірге талқылайды. Рефлексия. | Стикерлер, сурет | ||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | ||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| |
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?