Қазақстандағы ұлтаралық татулық. Қазақ тілі, 9 сынып, сабақ жоспары.


САБАҚ: Қазақстандағы ұлтаралық татулық

Мектеп: Орал қаласындағы НЗМ

Мерзімі:

Оқытушы аты-жөні: Мунбаев С. Х.

СЫНЫП: 9 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар: 0

Сабақтың оқу мақсаттары

9.1.2.1 қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық, ғылыми тақырыптарға байланысты әртүрлі жанрдағы кең көлемді мәтіндердегі (мақала, интервью) мақсатты аудитория мен көркемдегіш құралдардың рөлін талдау;

 Сабақтың мақсаттары

Мәтіннің мақсатты аудиториясын табу;

Тыңдалым мәтінінде кездесетін көркемдегіш құралдарды ажырату.

 Бағалау критерийлері

Мәтіннің мақсатты аудиториясын табады;

Тыңдалым мәтінінде кездесетін көркемдегіш құралдарды ажыратады.

 Тілдің мақсаттар

Ұлтаралық татулық пен түсіністік, бейбітшілік, қиын-қыстау кезең, ынтымақ, бірлік.

 Құндылықтар

Ашықтық, құрмет

 Пәнаралық байланыс

Тарих

Алдыңғы сабақта

Жоспар

Жоспар

ланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Дерек көздері

5 минут

Мұғалім сыныптан бір оқушыны шақырып, өлеңді оқытады. Оқушылар өлеңді тыңдап, сабақтың тақырыбын болжайды. Мұғалім оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерін таныстырады.

Достар! Достар! Мен сендерге қостым үн,

Сендер барда жоқ қой менің еш мұңым.

Достық болып оралады өзіме,

Өздеріңе жасап жүрген достығым.

Болсадағы қазан басқа, от басқа,

Жарасады жүрісіміз топтасқан.

Бәріміздің мұңаяды жүзіміз,

Біріміздің көңіліміз «тоттанса».

Болсын аулақ тоттану мен мұңдану,

Одан да біз достық жырын тыңдалық.

Жүрегіміз ақ таңменен апталсын,

Қалсын шетте қап-қара боп түн налып.

«Есепті дос айырылмайды» дегенге,

Мақал ғой деп, бір айтыспай көнем бе?

Тек достықтан қуат алып тұрғандай,

Ып-ыстық қан жүйткіп жүрген денемде.

Достық деген өлшенбейді безбенмен,

Қасиетін ұга алмайды кез келген.

Достық деген Қыз Жібектей ару ғой,

Төлегенге семсер ұстап, сөз берген!

Авторы: Айтқали Нәріков

5 минут

15 минут

10 минут

Тыңдалымалды тапсырмалары

Мұғалім оқушыларға мәтіннің мақсатты аудиториясы бойынша сұрақтар қояды:

  • Мәтіннің мақсатты аудиториясы дегеніміз не?
  • Мақсатты аудиторияның қандай түрлерін білесіңдер?

Сұрақтарға жауап беріп болған соң, оқушылар мәтіннің мақсатты аудиториясы жөнінде ақпаратпен танысады.

Мәтін мазмұнына қарай аудиториясын анықтайсыз. Мәтін аудиториясы кең немесе тар шеңберде болуы мүмкін. Кең шеңберлі аудитория - бұқара халық, осы мәселе қызықтыратын ересектер мен орта жастағы адамдар. Тар шеңбердегі аудитория - белгілі бір ғылым сол салаға қатысты болса, сол саланың адамдарына арналады.

Тыңдалым тапсырмасы

Мұғалім бейнематериалды қосады. Оқушылар мәтінді тыңдап, кестені толтырады.

Ауыспалы мағынадағы сөздер

Тұрақты тіркестер

Эпитеттер

Метафора

Тапсырма дескрипторлары:

  • Кемінде 3 ауыспалы мағынадағы сөзді табады;
  • 1 тұрақты сөз тіркесін табады;
  • Мәтіннен кемінде 3 эпитет табады;
  • Кемінде 2 метафора табады.

Бағалау: мұғалім тақтаға осы кестені сызады. Оқушылармен бірге талдап, тақтаға жаздырады.

Айтылым тапсырмасы

Жұптар төмендегі сұрақтарға жауап бере отырып, талқылау жүргізеді.

Талқылау сұрақтары:

  • Мәтіннің мақсатты аудиториясы қандай?
  • Бұны қалай дәлелдей аласың?
  • Мақала авторы көркемдегіш құралдарды не үшін қолданған? Осы сұраққа жауап беру үшін төмендегі нұсқаулықты басшылыққа алыңыз.

(Талдау барысында үнемі «Автор НЕ ҮШІН осы сөзді қолданған?» «НЕГЕ мұндай тәсілді қолданған?», «Ол автордың қандай ойын жеткізуге қызмет етіп тұр?» деген сұрақтарды қоя отырып, оның МӘНІН, беріп тұрған ӘСЕРІН ашып, оған жауап беру керек.

Автордың негізгі ИДЕЯСЫН жеткізуде маңызды орын алып тұрған ЕРЕКШЕ СӨЗ қолданыстарын анықтау (тұрақты тіркестер, ауыспалы мағынадағы сөздер, терминдер (ғылыми стиль болса), синонимдік қатар, антоним сөздер, кәсіби сөздер, көркем сөз қолданыстары: эпитет, теңеу, метафора, т.б.)

Тапсырма дескрипторлары:

  • Аудиторияның кең немесе тар шеңберлі екенін анықтайды;
  • Мәтіннен 1 мысал келтіреді.
  • Мәтіннің тілін сөз деңгейінде талдайды.

Бағалау: оқушылар жұпта талқылап болғанна кейін, бірнеше жұптың жауабын тыңдап бағалайды. Қалғандары өзін-өзі бағалайды.

«Оқылым компонентіндегі мәтіндерді талдау бойынша әдістемелік нұсқаулық» (Тажигалиева З. Т., Димисанова А. Б.)

https://www.youtube.com/watch?v=DFSV9b5tPS8

«Оқылым компонентіндегі мәтіндерді талдау бойынша әдістемелік нұсқаулық» (Тажигалиева З. Т., Димисанова А. Б.)

5 минут

Рефлексия

Оқушылар өзінің сабақтағы әрекетіне Блоб ағашы арқылы баға береді.

Қосымша ақпарат

Ажырату – сіз қалай көбірек қолдау беруді жоспарлайсыз?

Басқаларына қарағанда анағұрлым қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бересіз?

Бағалау – оқушылардың оқуын қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыстар.

Денсаулық және қауіпсіздік тексерісі.

АКТ байланыстары.

Құндылықтар байланыстары.

Қорытындылау

Сабақ мақсаттары/ оқу мақсаттары жетімді болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді?

Оқу атмосферасы қалай болды?

Менің жұмысым жоспарлы болды ма?

Мен уақытымды дұрыс жоспарлай алдым ба?

Жоспарыма қандай өзгертулер енгіздім және неге?

Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз. Сол жақ бағаннан өз сабағыңызға қатысты ең орынды келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе не (оқытуды да, оқуды да қатар қарастырыңыз)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді (оқытуды да, оқуды да қатар қарастырыңыз)?

1:

2:

Бұл сабақтан мен келесі сабағыма әсер ететін, сынып туралы немесе оқушылар жайында нені білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу