Бейбіт күн жасасын әлемде. Қазақ тілі, 9 сынып, дидактикалық материал.
Монолог
Монолог- (monos –дара, Logos- сөйлеу)грек сөзі. Кейіпкердің өзіндік ішкі толғанысы, ойы немесе көпшілікке қаратып айтқан уағыз,өсиет ,тұжырымды сөзі. Ерекшеліктері
- Адамның ойы мен сөзі астасып келеді
- Өзімен –өзі сырласу сипатында, оған тыңдаушының жауап қайыруы міндетті емес
- Сөз күрделі ойға құрылады;
- Ойды жеткізуге түрлі (лексикалық бірліктерді таңдап жұмсау,қайталау, дыбыс үйлесімділігі мен үндестігін ескеру,
- Өзіне тән құрылым ерекшеліктері болады
- тілдік тәсілдер қызмет жасайды
Монолог түрлері
Сипаттау- тұтас оқиға суретін беру мақсатында қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды кейіпкер мен орын алған іс-әрекетті бір-бірімен сипаттық байланысты қарастырып, мәнді белгі нышандарына назар аударылып, тоқталып суреттеу. Тақырып аясына қарай тұрмыстық, интерьерлік, ғылыми-техникалық, пейзаждық,т.б. сипаттау түрлері кездеседі.
Әңгімелеу- орын алған түрлі оқиға, құбылыс іс-әрекетті кезең-кезеңімен әңгімелеп оқиға иірімдерін жүйелей беру. Белгілі бір затпен құбылыстың бір-біріне өзара байланысы, бір-біріне қатыстылығы сөз болады.Сөздер күрделі, шұбалаңқы емес, бір желіде, бір-бірімен байланыста құрылады.
Пайымдау – ой пікірді ашып түсіндіріп, сөзбен мазмұндай жеткізу. Ол ойдың, идеяның даму жүйесін бере отырып, белгілі бір зат, нысан туралы жаңа білім көзімен тоғыстырады.Белгілі бір зат пен құбылыстың салдары мен себептері көрсетіледі.Нақты нышан белгілерді сипаттап жатпай, логикалық ойлау жүйесін беру мақсатында дерексіз лексиканы пайдалануымен ерекшеленеді.Ол нақты да негізгі ойды білдірумен қатар оның шешіміне де бағыт -бағдар береді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды