Қарулы қақтығыстар. Қазақ тілі, 9 сынып, дидактикалық материал.
Монолог түрлері
Адамның өмірінде сөйлеудің маңызы өте зор. Ол сөйлеу арқылы өз ойын айтып жеткізеді және біреудің ойын ұсынады. Ауызша сөйлеу адам арасындағы қарым – қатынасты атқарады. Біреудің дыбыстауынан құлағымызға жеткен сөз ауызша сөйлеу деп аталады. Ауызша сөйлеуде кеңістік және уақытқа байланысты біреу шектеулер болады. Әдетте, әңгімелесушілер бірін – бірі көріп тұрады немесе дауыс жететіндей алшақтығы болуы мүмкін. Сөйлеуге үйрету монолог және диалог түрінде іске асырылады. Монолог және диалог түрінде сөйлеу іскерлігі, біліктілігі қарым – қатынас әрекетінің, ақпараттық, регулятивтік, әдептік және сезімдік – бақылау сияқты атқаратын қызметіне байланысты анықталады.
Монолог – оқушылар мәтіндердің мазмұны туралы өз ойын, көз қарасын білдіру үшін жеке тәжірибиелеріне және суреттер тізбектерімен тағы басқа көрнекіліктеріне сүйене отырып, суреттеу, хабарлауды қолданып, мәлімдемелер жасайды. Монологты бір адам ғана сөйлейді, ол бір немесе бірнеше тыңдарманға айтылады. Ол: мұғалімнің әңгімесі, студенттің толық жауабы, баяндама т.с. Құрылым жағынан монолог өте күрделі және грамматикалық ережелерді қатаң сақтауды, ой ұшқырлығын, логикалық тұрғысынан жақсы құрылған және жүйелі әңгімені талап етеді.
Монолог диалог сөзге қарағанда кешірек дамиды, сондықтан алғашқы сатыда студенттерге монологтық сөзге үйретуде педагогтер көп жылдар бойы осы проблеманы шешуге ұмтылуда.
Ауызша сөйлеуде монологты оқытудың әдістемесін көптеген ғалымдар зерттеген. Солардың ішінде атап өтетініміз: тілдік жоғарғы оқу орнындағы төменгі курс студенттерінің ауызша сөйлеуді оқытудың негізін салушылар: Н.И.Гез, А.А.Миролюбов, П.Б.Гурвич болған. Сонымен қатар В.В.Виноградов монолог-суреттеу, монолог-сендіру, монолог-әңгімелеу, монолог-пікір сияқты монологтың түрлі модельдерін топтастырды .
Оқыған, тыңдаған ақпараттарын жинақтап, саралап, оған өз пікірін қосып айтатындықтан, монолог-пікір түрі тапсырмаға сәйкес келеді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?