Біз бейбіт өмірді қалаймыз! Қазақ тілі, 9 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Сабақ 2/нұсқа/

Әлемдегі қақтығыстар және бейбітшілік.

Синтаксис

Мектеп: Орал қаласындағы ФМБ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің ТАӘ:

Тажигалиева З.Т.

Сынып: 9Т1

Қатыспағандар саны:

Қатысқандар саны :

Сабақтың тақырыбы

Біз бейбіт өмірді қалаймыз!

Осы сабақ арқылы іске асатын оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.2.6.1 белгілі бір мақсат үшін оқылым стратегияларын тиімді қолдана білу

Сабақтың мақсаты

Оқушылар:

  • Оқылым мәтінімен жұмыс жасайды;
  • Оқылым материалдарын зейін қоя оқиды, танысады;
  • Дереккөздеріндегі ойлар мен ақпараттарды пайдаланып, пікір білдіреді.

 Бағалау критерийлері

 

  • мәтін стилін анықтайды;
  • тілдік құрылымын /сөз, сөйлем, мәтін деңгейінде талдай алады;
  • кілт сөзден аралас құрмалас сөйлем құрай алады.

 Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология: төртеу түгел болса, төбедегі келеді, жер бетінде бейбіт өмір, қарулы қақтығыстар, лаңкестік әрекеттер, ешкімге соқтықпай Жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп..

Айтылымға қажетті сөз тіркестері: біздің пікірімізше, сайып келгенде, ортақ түйініміз.

 Құндылықтар

Құрмет, өмір бойы оқу, ынтымақтастық

 Пәнаралық байланыс

тарих, әдебиет, өзін-өзі тану, экономка, география пәндері

Осыған дейін меңгерілген білім

Сабақтың барысы

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут

Мұғалім сабақтың тақырыбы, оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерін оқушылармен бірге талқылайды.

Таныстырылым

Сабақтың ортасы

5 минут

5 минут

Оқылымалды тапсырма.

«Суреттер галереясы» әдісі. Сынып қабырғасына төмендегі суреттерге ұқсас суреттер ілінеді. Оқушылар суреттерді кезегімен көріп, аралайды. Өзіне жақын тұрған оқушымен Елбасы жолдауы, ҚР-ның заңдары турасында ойларын айтып, пікірлеседі.

Оқылым тапсырмасы.

Алдымен оқушыларға екі мәтін таратылады. Жұптық тапсырма ретінде мәтіндердің стиліне, тілдік құрылымына талдау жасайды.

1-мәтін:

...Зерттеушілердің деректеріне қарағанда, соңғы 5 мың жылда жер бетінде небары 292 жыл ғана бейбітшілік «билік» құрыпты. Қалған уақыттың бәрінде мемлекеттер «Тыныштық керек болса – соғысқа дайындал» деген қағидамен өмір сүрген көрінеді. Осы аралықта жер бетінде 15 мыңнан астам қантөгіс шайқастар өтіпті. Екінші дүниежүзілік соғыстан бері жер бетінде бейбіт өмір орнады десек те, әлемнің түрлі аймақтарында ірілі-ұсақты соғыстар, қарулы қақтығыстар, лаңкестік әрекеттер жиі кездесуде. Батыстың бір ғалымының есептеуіне қарағанда, өткен ХХ ғасырдың соңғы 45 жылында әлемде бар-жоғы 12 ғана «бейбіт» күн болыпты. Кейінгі 40 жылдың ішінде ғана дүниежүзінде 250 соғыс болып, 354 млн адам қаза тауыпты...

2-мәтін:

«Біз қазақ деген мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай Жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп,Жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз,

ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыыздан сөз асырмаған елміз.

Досымызды сақтай білген елміз, дәм-тұзды ақтай білген елміз.

Асқақтаған жау болса, ордасын таптай білген елміз.»

Қазыбек би.

Оқылымнан кейінгі тапсырма.

1-тапсырма

Берілген мәтіннен негізгі кілт сөзді ала отырып, екі аралас құрмалас сөйлем жасайды, жасалу жолын түсіндіреді.

2-тапсырма

Оқушылар арнайы терминдер, сөз оралымдары, мәтін үзінділерін басшылыққа алып, «Біз қандай елміз!» тақырыбында сұхбат жүргізеді.

Бағалау критерийі

Дескриптор

9.2.6.1 белгілі бір мақсат үшін оқылым стратегияларын тиімді қолдана білу

-мәтін стилін анықтайды;

- тілдік құрылымын /сөз, сөйлем, мәтін деңгейінде талдай алады;

-кілт сөзден аралас құрмалас сөйлем құрай алады.

Таныстырылым

Сабақтың соңы

5 минут

Сабақтың соңында мұғалім бағалау критерийлері мен сабақ мақсаттарына қайта оралады. Бағалау критерийлеріне қаншалықты қол жеткізгендері туралы бірге талқылайды.

Рефлексия. Оқушы әрекеті:

«Менің сөзім» әдісі.

Сыныптан бір оқушы тұрып сабақта не болғанын қорытындылап айтады. Айтып болған соң басқа бір оқушының атын атайды. Сөзді сол оқушы жалғастырып, сабақ бойынша рефлексия жасайды. Сөйтіп барлық оқушы сөйлеп болғанша жалғасады.

Стикерлер, сурет

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
Пікір жазу