Бұқаралық ақпарат құралдары. Себеп бағыныңқы сабақтас. Қазақ тілі, 9 сынып, қосымша ресурс. 7 сабақ.
Тыңдалым мәтіні
Қазақ журналистикасының әлсіз тұстары неде?
Қазақ журналистикасы әлі де жаңаруды, дамуды, ізденуді, жылдамдықты талап етуде. Осы тақырыпта БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен семинарда «Газеттің жұмысын қалай жақсартуға болады?», «Оқылым тақырыптары қандай?», «Журналистік зерттеу мен сұхбат алуда нені білу керек?» деген сұрақтар талқыланды.
Жанболат АУПБАЕВ, «Егемен Қазақстан» газетінің редакторы:
- Газетті түгел ресми және саяси мақалалармен толтыруға болмайды. Газеттің әр санында кем дегенде оқырманды қызықтыратын 3-4 мақала болуы тиіс. Журналистер құр қысқа ақпараттармен, жиналыстарға қатысумен ғана тоқтап қалмауы керек. Оларға біріншіден, білім, екіншіден, батылдық, үшіншіден үздіксіз ізденіс қажет. Сонда ғана қазақ журналистикасы дамиды.
Гүлзина БЕКТАСОВА, «Айқын» газетінің бөлім меңгерушісі:
- Қазір интернет-басылымдардың саны, ақпарат тарату жылдамдығы артты. Бүгін жазбасаң, ол ақпарат ертең ескіріп қалады. Сондықтан кейбір журналистер алда болу үшін асығып, дәлелденбеген ақпаратты жариялап жібереді. Мысалы, биыл бір сайтта Мұхтар Мағауиннің «Шахан сері» шығармасына Голивудта фильм түсіріледі деп жазылды. Оны еліміздегі бірнеше сайттар көшіріп басты. Сөйтсе, ол жалған әрі әзіл ақпарат болып шықты. Нәтижесінде әріптестеріміз ұятқа қалды. Міне, бұл бізде зерттеудің дамымағанын көрсетеді. Мақала жазарда, сұхбат аларда сол тақырыпты немесе сұхбат берушіні терең зерттеп барып, іске кіріскен дұрыс.
http://alashainasy.kz/culture/kazak-jurnalistikasyinyin-alsz-tustaryi-nede
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды