Бұқаралық ақпарат құралдары. Себеп бағыныңқы сабақтас. Қазақ тілі, 9 сынып, таратпа материал. 7 сабақ.


Тыңдалым тапсырмасы

Қазақ журналистикасының әлсіз тұстары неде?

1-тапсырма

Мәтінді тыңдай отырып, сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Қазақ журналистикасы нені талап етуде?

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

2.БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен семинарда қандай сұрақтар талқыланды?

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

3.«Егемен Қазақстан» газеті редакторының журналистерге айтқан талабын жазыңыз.

«Журналистерге біріншіден, ______________________________________

екіншіден, _____________________________________________________

үшіншіден, _____________________________________________________ қажет»

4.Журналистер асығыстық танытып, қандай кемшіліктерге бой алдырады?

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

2-тапсырма

Мәтіннің негізгі ойын анықтаңыз.

А. журналистерге ақыл-кеңес беру

В. қазақ журналистикасын дамыту жолдары

С. сұхбат алуды үйрету

ДҰРЫС ЖАУАПТАР МӘТІН ІШІНДЕ ҚАРАМЕН КӨРСЕТІЛДІ

Тыңдалым мәтіні

Қазақ журналистикасының әлсіз тұстары неде?

 Қазақ журналистикасы әлі де жаңаруды, дамуды, ізденуді, жылдамдықты талап етуде. Осы тақырыпта БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен семинарда «Газеттің жұмысын қалай жақсартуға болады?», «Оқылым тақырыптары қандай?», «Журналистік зерттеу мен сұхбат алуда нені білу керек деген сұрақтар талқыланды.

Жанболат АУПБАЕВ, «Егемен Қазақстан» газетінің редакторы:

  • Газетті түгел ресми және саяси мақалалармен толтыруға болмайды. Газеттің әр санында кем дегенде оқырманды қызықтыратын 3-4 мақала болуы тиіс. Журналистер құр қысқа ақпараттармен, жиналыстарға қатысумен ғана тоқтап қалмауы керек. Оларға біріншіден, білім, екіншіден, батылдық, үшіншіден үздіксіз ізденіс қажет. Сонда ғана қазақ журналистикасы дамиды.

Гүлзина БЕКТАСОВА, «Айқын» газетінің бөлім меңгерушісі:

  • Қазір интернет-басылымдардың саны, ақпарат тарату жылдамдығы артты. Бүгін жазбасаң, ол ақпарат ертең ескіріп қалады. Сондықтан кейбір журналистер алда болу үшін асығып, дәлелденбеген ақпаратты жариялап жібереді. Мысалы, биыл бір сайтта Мұхтар Мағауиннің «Шахан сері» шығармасына Голивудта фильм түсіріледі деп жазылды. Оны еліміздегі бірнеше сайттар көшіріп басты. Сөйтсе, ол жалған әрі әзіл ақпарат болып шықты. Нәтижесінде әріптестеріміз ұятқа қалды. Міне, бұл бізде зерттеудің дамымағанын көрсетеді. Мақала жазарда, сұхбат аларда сол тақырыпты немесе сұхбат берушіні терең зерттеп барып, іске кіріскен дұрыс.

http://alashainasy.kz/culture/kazak-jurnalistikasyinyin-alsz-tustaryi-nede



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу