Бұқаралық ақпарат құралдары. Себеп бағыныңқы сабақтас. Қазақ тілі, 9 сынып, презентация. 7 сабақ.


Cабақтың тақырыбы:

Бұқаралық ақпарат құралдары. Себеп бағыныңқы сабақтас.

Сабақтың мақсаты: Мәтіннің мақсаты арқылы негізгі ойды анықтау

Бағалау критерийі

мәтіннің мақсатын анықтайды;

мәтіндегі негізгі ойды анықтайды;

құрмалас сөйлемдерді ажырата алады.

Сұрақ-жауап

Бұқаралық ақпарат құралдарының қандай түрлері бар?

БАҚ-тың қолданушылары кімдер?

БАҚ біздің өмірімізге қалай әсер етеді?

Тыңдалым тапсырмасы

Мәтінді тыңдай отырып, сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Қазақ журналистикасы нені талап етуде?

2. БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен семинарда қандай сұрақтар талқыланды?

3. «Егемен Қазақстан» газеті редакторының журналистерге айтқан талабын жазыңыз.

«Журналистерге біріншіден, ___екіншіден, ____үшіншіден, _____ қажет»

4. Журналистер асығыстық танытып, қандай кемшіліктерге бой алдырады?

2-тапсырма

Мәтіннің негізгі ойын анықтаңыз.

А. журналистерге ақыл-кеңес беру

В. қазақ журналистикасын дамыту жолдары

С. сұхбат алуды үйрету

Себеп бағыныңқылы құрмалас сөйлем

Бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемдегі істің себебін білдіреді.

Мақала баспаға көрсетілген мерзімде ұсынылғандықтан, газет бетіне жарияланды.

бағыныңқы

басыңқы

Сұрақтары:

Неліктен? Не үшін? Не себепті? Не деп?

Жасалуы:

1. - ғандықтан, -гендіктен, -қандықтан, -кендіктен

2. - ғаны, -гені, -қаны, -кені / үшін

3. - ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе + й

4. - ып, -іп, -п

5. үш жақтағы етістік / деп

6. - ған, -ген, -қан, -кен / соң

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма

Тыңдалым мәтінінен алынған сөйлемдер негізінде тақырып бойынша екі себеп бағыныңқылы құрмалас сөйлем құрастыру.

1) Газетті түгел ресми және саяси мақалалармен толтыруға

болмайды. Газеттің әр санында кем дегенде оқырманды қызықтыратын 3-4 мақала болуы тиіс. Журналистер құр қысқа ақпараттармен, жиналыстарға қатысумен ғана тоқтап қалмауы керек.

Ә) Қазір интернет-басылымдардың саны, ақпарат тарату жылдамдығы артты. Бүгін жазбасаң, ол ақпарат ертең ескіріп қалады. Сондықтан кейбір журналистер алда болу үшін асығып, дәлелденбеген ақпаратты жариялап жібереді. Мақала жазарда, сұхбат аларда сол тақырыпты немесе сұхбат берушіні терең зерттеп барып, іске кіріскен дұрыс.

Дескрипторлар:

сұрақтарға нақты жауап береді;

мәтіннің негізгі идеясын анықтайды;

құрмалалас сөйлемдерді сауатты құрастырады.

Кері байланыс

Бүгінгі сабақтан алған әсерін кадрларға жазады немесе суретін салады.

Үйге тапсырма

Қосымша ақпарат көздерінен алғашқы қазақ газеттерінің тарихы туралы оқу.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу