Бұқаралық ақпарат құралдары. Себеп бағыныңқы сабақтас. Қазақ тілі, 9 сынып, таратпа материал. 7 сабақ.
А мәтіні
Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің мәліметінше, 2016 жылғы жағдай бойынша елімізде 2 763 ақпарат құралы тіркелген. Басым бөлігін – 86%-ын мерзімді басылымдар құрайды, тағы 11%-ы – электрондық БАҚ, 3%-ы – ақпараттық агенттіктері болып келеді. Тарата айтсақ, елімізде 1156 газет және 1269 журнал шығады. Сондай-ақ, 285 электрондық бұқаралық ақпарат құралы тіркелген, олардың ішінде телерадиокомпаниялар саны – 169 (108-і – телекомпания және 61-і – радиокомпания), кабельдік оператор – 108, ал спутниктік хабар тарату операторы – 8. Ақпараттық агенттіктердің жалпы саны – 41. Желілік басылым ретінде орыс және қазақ тілдеріндегі 15 басылым тіркелген. Міне, енді осы салаға жаңа заң жаңа «ойын ережелерін» әкелуде. Мәселен, депутаттық жұмыс тобы заң жобасының «Сөз, ақпаратты алу және тарату бостандығы» деп аталатын 2-бабын пысықтауда. Ол бойынша енді ақпарат құралдарына тек жәбір көрген балаларды ғана емес, қылмыс жасаған жасөспірімдердің де фотосуретін басуға және түр-сипатын бейнежазбадан көрсетуге тыйым салынбақ. Бұл ретте құжатта: «Бұқаралық ақпарат құралдарында немесе телекоммуникациялар желілерінде әкімшілік немесе қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасады деп немесе жасаған деп күдік келтірілген және айып тағылған кәмелетке толмағандарды, баланың тегін, атын, әкесінің атын, оның ата-анасының және өзге де заңды өкілдерінің фото және бейнесуретін, осындай баланың туған күнін, оның дауысының аудиожазбасын, оның тұрғылықты жерін, уақытша болатын жерін, оның оқу немесе жұмыс орнын қоса алғанда, оның жеке басын анықтауға мүмкіндік беретін басқа да ақпаратты таратуға тыйым салынады», деп нық жазылған. Жұмыс тобында ақпарат және коммуникациялар министрлігінің бұл бапқа қатысты ұстанымы мәлімделді: «Аталған өзгеріс құқыққа қарсы әрекеттердің нәтижесінде зардап шеккен бала құқығын қорғауға бағытталған» (228 сөз).
Ә мәтіні
Заң жобасының «Сөз, ақпаратты алу және тарату бостандығы» деп аталатын 2-бабы туралы министр өз пікірін білдірді. Ол жасы 16-ға толмаған, жеңіл және орташа ауырлықтағы қылмыстар жасаған жасөспірімдердің де жеке деректерін жариялауды шектеу керек деп санайды. «Біздің кейбір қарсыластарымыз бұл балалардың бірінші кезекте, қылмыскер болып табылатынын алға тартады. Сондықтан олар туралы мәліметтерді жалпы жұртшылықтан жасыруға болмайды деп санайды. Бірақ біздің ойымызша, олар бәрібір бірінші кезекте, бала болып табылады. Мәселен, ұрлық жасап, қолға түскен жасөспірімге кейін жаңа өмір бастауға, оқуға, жұмыс істеуге, отбасын құруға мүмкіндік беруге тиіспіз. Ал егер ол туралы толық деректер ақпарат құралдарында жария етілсе, бейнесі басылса, біз ол баланы бұл мүмкіндіктен айырған болып шығамыз. Сондықтан ол тәрізді ақпаратты жариялауды біз орынсыз деп танып отырмыз», – дейді ақпарат және коммуникациялар министрі. Оның үстіне ол аталған норманың ауыр қылмыстар жасаған жасөспірімдерге таралмайтынына назар аудартты. Шынында, заң жобасында бұл норманың «ауыр және аса ауыр қылмыстарды жасағаны үшін сот кінәлі деп таныған кәмелетке толмағандарға» таралмайтыны көрсетілген. Яғни, қаны әбден бұзылған жас қаскөйлер мен қанішерлер туралы қоғамның білуіне жол ашық. Сонымен бірге, ақпарат құралдарына бір жеңілдік жасалып та отыр. Қазір мәселен, БАҚ-қа әлдебір адамдардың бейнесін фото не видеожазбада оның рұқсатынсыз басуға тыйым салынған. Енді бұл тыйым алынып тасталмақ. Бұл ретте «егер бұл адам мәдени-бұқаралық, мәдениет саласындағы мәдени маңызды, спорттық-бұқаралық іс-шараларда, жиналыстарда, митингтерде, шерулер немесе демонстрацияларда және өзге де көпшілік алдында сөз сөйлеулерге қатысса», «егер таратылатын бұқаралық ақпараттарда қызметі жария сипаттағы тұлғалардың көрнекі шығармаларында қызметтік және жария ақпарат туралы мәліметтерді қамтыса», «егер бейнеленетін адамды мемлекеттік және қоғамдық мүдделер үшін пайдалану жүзеге асырылса», бұдан былай бейнеленетін адамның келісімі талап етілмейді (253 сөз).
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?