Бұқаралық ақпарат құралдары. Себеп бағыныңқы сабақтас. Қазақ тілі, 9 сынып, сабақ жоспары. 7 сабақ.


Пән: қазақ тілі

1-нұсқа

Мектеп:

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Бұқаралық ақпарат құралдары.

Синтаксис

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Бұқаралық ақпарат құралдары.

Себеп бағыныңқы сабақтас.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

9.1.4.1 мәтіннің мақсаты арқылы негізгі ойды анықтау

Сабақтың мақсаттары

Мәтіннің мақсаты арқылы негізгі ойды анықтау

Бағалау критерийі

  • мәтіннің мақсатын анықтайды;
  • мәтіндегі негізгі ойды анықтайды;
  • құрмалас сөйлемдерді ажырата алады.

Тілдік мақсаттар

Тілдік қабілеттері осы тақырыптың контексінің шеңберінде дамиды. Бұл бөлім оқушыларды 9-сыныпта болатын басқа барлық бөлімдерге дайындайды, өйткені ол тындалым, айтылым, оқылым және жазылым дағдыларын дамытады.

Құндылықтарды игерту

Жауапкершілік (өз тапсырмасын жауапкершілікпен орындау).

Құрмет (бір-бірінің ойына, пікіріне құрметпен қарау).

Пәнаралық байланыс

тарих (сабақ ортасындағы материалдар негізінде)

Бастапқы білім

Құрмалас сөйлем және оның түрлері

Жоспар

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

 Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөз

Сабақтың басы

3 минут

Оқушыларға бөлім атауына сай суреттер көрсетіледі. Суреттерге қарай отырып, оқушылар сабақтың тақырыбын анықтайды. Әңгімелесу, сұрақ-жауап жұмыстары жүргізіледі.

  • Суреттерде не бейнеленген?
  • Суреттер туралы не айта аласыз?

Сабақтың оқу мақсаты таныстырылып, бағалау критерийлері оқушылармен бірге талқыланады.

Сабақтың ортасы

7 минут

15 минут

7 минут

5 минут

Тыңдалым және айтылым сұрақтары

  • Бұқаралық ақпарат құралдарының қандай түрлері бар?
  • БАҚ-тың қолданушылары кімдер?
  • БАҚ біздің өмірімізге қалай әсер етеді?
  • Сіз және сіздің жақындарыңыз қандай ақпарат құралдарын жиі пайдаланасыздар? Неге?

Тыңдалым және айтылым тапсырмасы

Алдымен оқушылар жұпта өз мәтіндерін талқылайды. Одан кейін екі жұп бірігіп топта мәтіндерін салыстырады. Мәтіннің мақсаты мен негізгі идеясын тауып, ұқсастықтары мен ерекшеліктеріне тоқталады.

А мәтіні

Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің мәліметінше, 2016 жылғы жағдай бойынша елімізде 2 763 ақпарат құралы тіркелген. Басым бөлігін – 86%-ын мерзімді басылымдар құрайды, тағы 11%-ы – электрондық БАҚ, 3%-ы – ақпараттық агенттіктері болып келеді. Тарата айтсақ, елімізде 1156 газет және 1269 журнал шығады. Сондай-ақ, 285 электрондық бұқаралық ақпарат құралы тіркелген, олардың ішінде телерадиокомпаниялар саны – 169 (108-і – телекомпания және 61-і – радиокомпания), кабельдік оператор – 108, ал спутниктік хабар тарату операторы – 8. Ақпараттық агенттіктердің жалпы саны – 41. Желілік басылым ретінде орыс және қазақ тілдеріндегі 15 басылым тіркелген. Міне, енді осы салаға жаңа заң жаңа «ойын ережелерін» әкелуде. Мәселен, депутаттық жұмыс тобы заң жобасының «Сөз, ақпаратты алу және тарату бостандығы» деп аталатын 2-бабын пысықтауда. Ол бойынша енді ақпарат құралдарына тек жәбір көрген балаларды ғана емес, қылмыс жасаған жасөспірімдердің де фотосуретін басуға және түр-сипатын бейнежазбадан көрсетуге тыйым салынбақ. Бұл ретте құжатта: «Бұқаралық ақпарат құралдарында немесе телекоммуникациялар желілерінде әкімшілік немесе қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасады деп немесе жасаған деп күдік келтірілген және айып тағылған кәмелетке толмағандарды, баланың тегін, атын, әкесінің атын, оның ата-анасының және өзге де заңды өкілдерінің фото және бейнесуретін, осындай баланың туған күнін, оның дауысының аудиожазбасын, оның тұрғылықты жерін, уақытша болатын жерін, оның оқу немесе жұмыс орнын қоса алғанда, оның жеке басын анықтауға мүмкіндік беретін басқа да ақпаратты таратуға тыйым салынады», деп нық жазылған. Жұмыс тобында ақпарат және коммуникациялар министрлігінің бұл бапқа қатысты ұстанымы мәлімделді: «Аталған өзгеріс құқыққа қарсы әрекеттердің нәтижесінде зардап шеккен бала құқығын қорғауға бағытталған» (228 сөз).

Ә мәтіні

Заң жобасының «Сөз, ақпаратты алу және тарату бостандығы» деп аталатын 2-бабы туралы министр өз пікірін білдірді. Ол жасы 16-ға толмаған, жеңіл және орташа ауырлықтағы қылмыстар жасаған жасөспірімдердің де жеке деректерін жариялауды шектеу керек деп санайды. «Біздің кейбір қарсыластарымыз бұл балалардың бірінші кезекте, қылмыскер болып табылатынын алға тартады. Сондықтан олар туралы мәліметтерді жалпы жұртшылықтан жасыруға болмайды деп санайды. Бірақ біздің ойымызша, олар бәрібір бірінші кезекте, бала болып табылады. Мәселен, ұрлық жасап, қолға түскен жасөспірімге кейін жаңа өмір бастауға, оқуға, жұмыс істеуге, отбасын құруға мүмкіндік беруге тиіспіз. Ал егер ол туралы толық деректер ақпарат құралдарында жария етілсе, бейнесі басылса, біз ол баланы бұл мүмкіндіктен айырған болып шығамыз. Сондықтан ол тәрізді ақпаратты жариялауды біз орынсыз деп танып отырмыз», – дейді ақпарат және коммуникациялар министрі. Оның үстіне ол аталған норманың ауыр қылмыстар жасаған жасөспірімдерге таралмайтынына назар аудартты. Шынында, заң жобасында бұл норманың «ауыр және аса ауыр қылмыстарды жасағаны үшін сот кінәлі деп таныған кәмелетке толмағандарға» таралмайтыны көрсетілген. Яғни, қаны әбден бұзылған жас қаскөйлер мен қанішерлер туралы қоғамның білуіне жол ашық. Сонымен бірге, ақпарат құралдарына бір жеңілдік жасалып та отыр. Қазір мәселен, БАҚ-қа әлдебір адамдардың бейнесін фото не видеожазбада оның рұқсатынсыз басуға тыйым салынған. Енді бұл тыйым алынып тасталмақ. Бұл ретте «егер бұл адам мәдени-бұқаралық, мәдениет саласындағы мәдени маңызды, спорттық-бұқаралық іс-шараларда, жиналыстарда, митингтерде, шерулер немесе демонстрацияларда және өзге де көпшілік алдында сөз сөйлеулерге қатысса», «егер таратылатын бұқаралық ақпараттарда қызметі жария сипаттағы тұлғалардың көрнекі шығармаларында қызметтік және жария ақпарат туралы мәліметтерді қамтыса», «егер бейнеленетін адамды мемлекеттік және қоғамдық мүдделер үшін пайдалану жүзеге асырылса», бұдан былай бейнеленетін адамның келісімі талап етілмейді (253 сөз).

Тыңдалымнан кейінгі жұмыс

ЖЖ. Себеп бағыныңқылы құрмалас сөйлемдердің қызметі мен жасалу жолдарына тоқталу. Жұптағы оқушылар өз мәтіндері бойынша бірнеше себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдер құрастырады.

Дескрипторлар:

  • мәтіннің мақсаты мен негізгі идеясын анықтайды;
  • екі мәтінді салыстырады;
  • ұқсастықтары мен ерекшеліктеріне тоқталады;
  • құрмалас сөйлемдерді сауатты құрастырады.

Бағалау дескрипторлары бойынша оқушылар бір-бірінің жұмысын бағалайды.

http://abctv.kz/kz/news/akparat-salasynda-ekonomikalyk-shogyrlanuga-tyjym-salynady

Сабақтың соңы

3 минут

Кері байланыс

  • Сабақта не қызықтырды?
  • Не қиындық келтірді?
  • Не оңай болды?

Үйге тапсырма: Қосымша ақпарат көздерінен алғашқы қазақ газеттерінің тарихы туралы оқу.

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау

 

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу