Бұқаралық ақпарат құралдары. Синтаксис. Себеп бағыныңқы сабақтас. Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас. Мақсат бағыныңқы сабақтас. Қазақ тілі, 9 сынып, нұсқаулық. 7 сабақ.


Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас сөйлем — бағыныңқы компоненті басыңқы компонентте баяндалатын іс-әрекеттің қалай болғанын, іске асу тәсілін білдіретін сабақтас сөйлем. Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас сөйлемнің жасалу жолдары:

  • Бағыныңқы компоненттің баяндауышы көсемше тұлғалары (-п, -а/-е) арқылы жасалады. Мысалы: Бір мезгілде қараңғылықты қақ жарып, бір адам суға келді (С. Ерубаев).
  • Бағыныңқы компоненттің баяндауышы -дай/-дей жұрнақты есімше арқылы жасалады. Мысалы: Кең бөлме бос қалғандай, ой ұясына қарап тұр (Ғ. Мүсірепов).

Мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем - бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемдегі ойдың болу мақсатын білдіретін сабақтастың түрі. Сұрақтары: Не мақсатпен? Не етпек болып? Не үшін? Неге? а) –мақ, -мек, -бақ,-бек, -пақ, -пек етістікке тіркеледі. Керек болған затты алып шықпақ болып, өзі жалғыз кірді. ә) Тұйық етістік пен үшін шылауының тіркесуінен: Кесе-шәйнекті сындырмай ұстау үшін, жақсы сөре керек. б) Шартты, бұйрық және қалау рай тұлғалы етістік пен деп көмекші етістік тіркесінен болады. Сол шаң тына қалар ма екен деп, Көпей самауырды есік алдына қойды.

Себеп бағыныңқы сабақтас - бағыныңқы компоненті басыңқы компоненттегі іс-әрекеттің болу-болмауының себебін білдіріп, басыңқы компоненті сол себептен туған нәтижені, салдарды білдіретін сабақтастың түрі.

Себеп бағыныңқылы сабақтас сөйлемнің жасалу жолдары:

Есімше арқылы:

  • а) Шығыс септігіндегі -ған тұлғалы есімше арқылы: Үлес үстінде әлі ойын ашпаған Абай  болғандықтан, Тәкежан енді бұның өзінен ішіндегі ниетін сұрады (М. Әуезов);
  • ә) есімше түлғаларға -соң шылауының тіркесуі арқылы: Шұға шын ауруға айналған соң, Есімбек жұмсайын деді (Б. Майлин).

Көсемше арқылы:  Араларына түсетін арашашы болмай, екеуі де әбден титықтап шаршады (М. Әуезов).



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу