Биотехнология және гендік инженерия келешегі. Синтаксис. Қазақ тілі, 9 сынып, қосымша ресурс. 9 сабақ.
Эссе түрлері:
1.Сипаттамалық
2.Анықтамалық
3.Хабарламалық
4.Салыстырмалы немесе кереғар
5.Дәлелдеме
6.Аргументтік
7.Әдеби
Аргументтік эссе. Аргументативтік эссе көбінесе қарама-қайшылық тудыратын тақырыптарда жазылады. Аргументтер қолдайтын себептермен бірге берілуі тиіс. Қарсы ойларды көрсету немесе оларды жоққа шығару – бұл эссе типінің жалпы сипаттамасы.
Эссенің құрылымы кіріспе, негізгі бөлім, қорытындыдан тұрады.
Маңызды ережелерінің бірі – тезис қою. Тезис – эссенің кілті. Кілті табылмаса, эссенің негізгі мақсатына жетуі де қиындыққа ұшыратады. Тезис – автор ұстанымы, негізгі бөлімде дәлелденетін ойға сілтеуші негізгі идея.
Тезис кіріспе бөлімде қойылады. Кіріспе бөлім нені қамту керек? Кіріспе бөлімде эссе жазушы эссе тақырыбына түсінік береді. Осы арқылы жазушының эссе тақырыбын түсінгенін анықтай аламыз. Бұл тақырып неліктен өзекті екендігі жазылады. Тақырып және оның өзектілігі туралы жазылғаннан кейін тезис қойылады. Тезистен кейін негізгі бөлімге көшуші сөйлем жазылады. Тезис нақты әрі анық берілсе, жазбауға да болады.
Эссенің жазылу құрылымы:
1. Кіріспе. Тақырыптың негізгі мәні мен негіздемесі тезис түрінде көрсетіледі;
2. Тақырыпты дамыту: Тақырыпқа сәйкес бар біліміңізбен: теория, фактілер, идея, ақпараттар, паралелдеу, аналогия, ассоцация, теңеу, сұрақтар қою, т.б. қолданып, дәлелдейсіз (аргументация).
. 1. Аргумент түсіндіру мысал (факт) байланыстырушы сөйлемдер. 2. Аргумент түсіндіру мысал (факт) байланыстырушы сөйлемдер;
3. Қорытынды. Жалпылау мен аргументтеріңіздің логикалық қорытындысы. «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні».
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?