Биотехнология және гендік инженерия келешегі. Синтаксис. Қазақ тілі, 9 сынып, сабақ жоспары. 9 сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Биотехнология және гендік инженерия келешегі. Синтаксис

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Тоганакова Рабиға Сулейменовна

Сынып: 9 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

 Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Биотехнология және гендік инженерия келешегі. Синтаксис (1-нұсқа)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.3.1.1 жинақталған материалдар негізінде көзделген мақсатқа сәйкес ауызша және жазбаша мәтіндер үшін күрделі жоспар құру;

9.4.4.3 сабақтас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажырата білу, түрлендіріп қолдану.

 Сабақтың мақсаттары

Жинақталған материалдар негізінде аргументативті эссе жазу үшін күрделі жоспар құру; сабақтас құрмалас сөйлемнің мағыналық түрлерін орынды қолдану.

 Бағалау критерийі

- тақырыпқа сай аргументативті эссе жазу үшін материалдар жинақтайды; күрделі жоспар құра алады;

- сабақтас құрмалас сөйлемдерді түрлендіріп қолдана алады.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

ДНҚ құрамы, ген, биотехнология, гендік инженерия

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Менің ойымша/пікірімше…, Менің көзқарасым тұрғысынан…., Менің көзқарасым бойынша…, Мен сенімдімін…, Мені таңқалдыратыны..., Мен келісемін..., Мен келіспеймін...

Құндылықтарды игерту

Жауапкершілік

Пәнаралық байланыс

Биология пәні

Бастапқы білім

Оқушылар 8-сыныпта алған білім, білік, дағдыларына сүйенеді.

Жоспар

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

0-5

Қызығушылығын ояту

Мұғалім оқушыларға гендік өзгеріске ұшыраған алманы көрсетеді.

«1 сөйлем» әдісі арқылы оқушылар алмаға баға береді.

Мұғалім оқушыларды тыңдап болған соң жауаптарды қорытындылайды.

Сұрақ: Сыртынан қарағанда жылтырап ал қызыл болып албырап тұрған алманың ұзақ сақталу себебі неде? Тақырып ашылады.

Мұғалім сабақтың тақырыбын хабарлайды. Сабақ мақсатымен таныстырады. Оқушылар мен мұғалім бірлесе отырып, сабақтың бағалау критерийлерін әзірлейді.

Сабақтың ортасы

5-15

15-30

30-35

Жазылымалды тапсырма

«Мозайка» әдісі

Оқушыларға төрт түрлі мазмұнда сұрақ таратылады, содан кейін 1-сұрақ, 2-сұрақ, 3-сұрақ, 4-сұрақ бойынша оқушылар топ құрайды, сұрақтың жауабын егжей-тегжейлі іздейді, табады. Топтан ұтымды жауапты ұсынады. Оқушылар ғаламторды пайдаланады.

Сұрақтар:

  • Гендік инженерия қалай қалыптасты?
  • Бұл ғылымның мақсаты не?
  • ДНҚ құрамынан жеке генді бөліп алу жұмысы тұңғыш рет қай жылы, кімнің зертханасында жүргізілді?
  • В.А. Струнников ген және хромосома деңгейіндегі генетикалық инженерия әдістерін жібек құртында қай жылы пайдаланды?

Жазылым тапсырмасы

Оқушылар жұпта талқылаған сұрақтары бойынша аргументативті эссе тақырыбын ойластырады, талқылайды.

Аргументативті эссе жазу үшін күрделі жоспар құрады.

Жоспар құруға үлгі:

І. Кіріспе бөлім.

1. Тезис

2. Тезис

ІІ. Негізгі бөлім.

1.Тезис:

А) сөйлем;

Б) сөйлем;

2.Тезис:

А) сөйлем;

Б) сөйлем;

В) сөйлем.

3. Тезис.

ІІІ.Қорытынды бөлім

Жазылымнан кейінгі тапсырма

Оқушылар +(келісу) , -(келіспеу) бойынша екі топқа бөлінеді.

Жұмыс алгоритмі:

  • Күрделі жоспардың талабы бойынша жұмыстарын тексереді.
  • Жазба жұмысында сабақтас құрмалас сөйлемдердің қолданысын анықтайды.
  • Бір-бірінің жұмыстарын жетілдіру бойынша ұсыныс береді.
  • Әркім өз жазбаларын өңдеп, редакциялайды.
  • Топ ішінде талапқа сай жазылған үздік жұмысты анықтайды.
  • Үздік жұмыс «Автор үстелі» әдісі арқылы сынып оқушыларына оқиды.

Дескриптор:

  • Берілген сұрақтар бойынша материалдар жинақтайды.
  • Эссенің тақырыбын анықтайды.
  • Күрделі жоспар құрады.
  • Сабақтас құрмалас сөйлемнің кем дегенде екі түрін қолданады.

Мұғалімнің сындарлы кері байланысы келесі тіркестерден тұрады:

Ұтымды шыққан ... ...

Тапсырма шартына сай, бірақ шығармашылықты қажет ететін ...

Әлі де жетілдіре түсетін жауаптар...

Креативті ойлар бар, бірақ көркем тіл жетіспейді.

МД слайд

1-таратпа

2-таратпа

Сабақтың соңы

35-40

Рефлексия

«3-2-1» әдісі

  • Бүгінгі сабақтан алған 3 маңызды ақпарат;
  • Бүгінгі сабақта қиындық тудырған 2 аспекті;
  • Бүгінгі сабақта ұнаған 1 іс-әрекет.

Мұғалім сабақты қорытындылайды.

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
Пікір жазу