Биотехнология және гендік инженерия келешегі. Қазақ тілі, 9 сынып, сабақ жоспары. 5 сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Биотехнология және гендік инженерия келешегі. Синтаксис. Шартты бағыныңқы сабақтас. Қарсылықты бағыныңқы сабақтас. Мезгіл бағыныңқы сабақтас.

Мектеп: Ақтөбе қаласы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Димисанова Алтынай Батырхановна

Сынып: 9 Т1

Қатысқан оқушылар

саны:

 Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Биотехнология және гендік инженерия келешегі. (1-нұсқа)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.2.7.1 Ғаламтор, энциклопедия, газет-журналдар, оқулықтар, ғылыми еңбектерден алынған деректерді дәлел ретінде қолдану, авторына сілтеме жасау.

 Сабақтың мақсаттары

Ғаламтор, газет-журналдар мен ғылыми еңбектерден алынған деректерді талқылайды. Сабақ барысында қолданылған деректердің авторларына сілтеме жасайды.

 Бағалау критерийі

  • Берілген тақырыпқа байланысты жаңа ақпараттармен танысады;
  • Сабақ барысында өз пікірлерімен қоса жаңа деректерді де дәлел ретінде қолдана алады;
  • Қолданылған деректердің авторларына сілтеме жасайды.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

Биохимия, гендік инженерия, молекулалық құрылым, ГМО.

Сабақтас құрмалас сөйлем, шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас, қарсылықты бағыныңқылы құрмалас сөйлем, мезгіл бағыныңқылы құрмалас сөйлем.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Менің ойымша/пікірімше…,

Менің көзқарасым тұрғысынан….,

Менің көзқарасым бойымша…,

Мен сенімдімін…,

Мені таңқалдыратыны...

Құндылықтарды игерту

Биотехнология және гендік инженерия саласындағы басты мәселелер, және де сабақтас құрмалас сөйлем тақырыбы аясында түсініктерін кеңейту.

Пәнаралық байланыс

Биология, биохимия

Бастапқы білім

Кітаби тіл, сөз дәлдігі

Жоспар

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

0-5

Қызығушылықты ояту.

  • Суретке қандай ассосация жасар едіңіз?

Оқушылар биотехнология және гендік инженерия тақырыбында өз білгендерімен бөліседі.

слайд

Сабақтың ортасы

5-15

15-35

Оқылымалды тапсырмасы

Оқушылар сабақтас құрмалас сөйлем ережесімен танысады, шартты, қарсылықты, мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдерге мысал келтіреді.

Оқылым тапсырмасы

Берілген сілтемедегі ақпаратпен таныса отырып тапсырмаларды орындайды. Генетикалық өзгерген өнімдер тақырыбында өз ойларын дәлелдейді.

Гендік инженерия

Генетикалық өзгерген өнімдер адамдарға зиян келтірген жағдайлар белгілі. 1989 және 1990 жылдары генетикалық құрылған Л-триптофан, кең таралған тағамдық қоспа, 30-дан астам американдықтарды өлтіріп, 5000-нан астам адамды ұзақ уақыт қатардан шығарды. Өндіруші» Showa Denko K. K.», Жапонияда үшінші химиялық компания рецептсіз сатылатын осы қоспаны жасау үшін генетикалық өзгертілген бактерияны пайдаланды. Бактерия ДНҚ рекомбинациясы процесінде жұқтырған деп саналады. Өнімдерде оның генетикалық өзгергені туралы нұсқаулар қойылмайды. ГИ-өнімдерді Патенттеу және биотехнология өнімдері өндірісінің кең таралуы ежелгі уақыттан бері белгілі фермерді жояды. Егер бұл үрдісті тоқтатпаса, ет-сүт саласындағы трансгендік өсімдіктер мен жануарларды патенттеу көп ұзамай фермерлер биотехнологиялық конгломераттардан өсімдіктер мен жануарларды жалға алып, тұқым мен ұрпақ үшін төлейтін жағдайда жалға алу негізінде егіншілікті дамытуға әкеледі. Сайып келгенде, келесі бірнеше онжылдықтар ішінде ауыл шаруашылығы жер бетінен жойылып, химиялық және биотехнологиялық компаниялар бақылайтын биосинтез өнеркәсіптік фабрикаларының бақылауына өтеді. Ешқашан адамдар табиғи балғын өнімдерді ұнатпайды. Бүкіл әлем бойынша жүздеген миллион фермерлер мен басқа да қызметкерлер өз табыстарын жоғалтады. Тұрақты Ауыл шаруашылығы жүйесі жойылады.

Жұмыс алгоритмі:

  • Жаңа ақпаратпен танысады.
  • Биотехнология саласының артықшылықтарын көрсетеді.
  • Қазіргі кездегі біздің елімізде бұл мәселенің алатын орнын нақты дәлелдемелерге сүйене отырып баяндайды.
  • Ғаламторды пайдалана отырып, хронологиялық кесте құрады. Осы мәселеге қатысты маңызды деректерді кестеге түсіреді.

Үлгі:

1989 және 1990 жылдары

1989 және 1990 жылдары генетикалық құрылған Л-триптофан, кең таралған тағамдық қоспа, 30-дан астам американдықтарды өлтіріп, 5000-нан астам адамды ұзақ уақыт қатардан шығарды.

Оқылымнан кейінгі тапсырма

Оқушылар сабақ барысында өткен барлық ақпараттарды жүйелейді және сол ақпараттар негізінде «Биотехнология және гендік инженерияның келешегі» тақырыбы аясында диалог немесе сұхбат құрады. Диалог барысында шартты, қарсылықты, мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдерді қолданады.

https://kk.wikipedia.org/wiki

Гендік инженерия

Сабақтың соңы

35-40

Кері байланыс

слайд

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу