Биотехнология және гендік инженерия келешегі. Қазақ тілі, 9 сынып, дидактикалық материал. 4 сабақ.
ГМО: АШТАН ЕМЕС, АСТАН ӨЛМЕЙІКБізге қайдан келді?
Ғалымдардың болжауынша, жер шары небәрі 12 млрд адамды асырауға есептелген. Қазіргі таңда дүниежүзіндегі халықтың саны 7 миллиардқа жетіп отыр. 2020 жылы бұл сан 8 миллиардқа өсуі мүмкін. Онсыз да қазіргі күні әлемде жыл сайын 1 миллион адам аштықтан қырылатын болса, енді аз уақытта күллі адамзат азық-түлік тапшылығын тартады деген сөз. Осы түйткілді мәселені алдын ала болжап білгеннен кейін, ғалымдар генетикалық құрамы өзгертілген өнімдерді жасап шығарды. Оның түп-тамыры 1952 жылы ДНҚ-ның молекулалық құрылымын ашқан америкалық биологтар Джеймс Уотсон мен Фрэнсис Криктің ғылыми жаңалығынан бастау алады. Олар генетикалық материалдың ұрпақтан-ұрпаққа берілуіне, сақталуына, дамуы мен қызметіне ДНҚ жауапты екенін анықтағаннан кейін, 1972 жылы тағы бір америкалық биохимик Т.Берг екі түрлі организмнің ДНҚ молекулаларын бір-біріне қосып, бұрын-соңды болмаған басқа бір түрін құрастырып шықты. Осылайша, ол жануарлар, өсімдіктер және басқа да организмдерді будандастыру арқылы қолдан көбейтуге, өсіруге болатынын ашты. Гендік инженерия саласында ашылған бұл тәсіл алғашында өсімдіктерді үсіп кетуден сақтау үшін пайдаланылса, кейін астықты бірнеше есеге көбейтуге, тағамды молайтуға қолданыла бастады.
Осы әдісті іліп әкеткен Қытай 1992 жылы пестицидтер қосылған темекі өндіріп шығарды. Содан кейін камбала балығының генін қосып, суыққа төзімді қызанақтар өндірді. Осылайша түрлі тәжірибелер жүзеге асқан кезде, әлемде ГМО дәурені жүріп сала берді. 1993 жылы ГМО қосылған жасанды тағамдар жаппай сатылымға түсе бастады. Қазақстанға да трансгендік өнімдер осы кезде таралды.
Қымбат ТОҚТАМҰРАТ.«Айқын» 21 ақпан,2017
Қазіргі таңда дүниежүзіндегі халықтың саны | 1992 жылы пестицидтер қосылған темекі өндіріп шығарды. |
1952 жылы ДНҚ-ның молекулалық құрылымын ашқан | 7 миллиардқа жетіп отыр |
Осы әдісті іліп әкеткен Қытай | америкалық биохимик Т.Берг. |
Осылайша, ол жануарлар, өсімдіктер және басқа да организмдерді будандастыру арқылы | америкалық биологтар Джеймс Уотсон мен Фрэнсис Крик |
1972 жылы екі түрлі организмнің ДНҚ молекулаларын бір-біріне қосып, бұрын-соңды болмаған басқа бір түрін құрастырып шыққан | қолдан көбейтуге, өсіруге болатынын ашты |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?