Биотехнология және гендік инженерия келешегі. Қазақ тілі, 9 сынып, сабақ жоспары. 4 сабақ.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Биотехнология және гендік инженерия келешегі. Синтаксис. Шартты бағыныңқы сабақтас. Қарсылықты бағыныңқы сабақтас. Мезгіл бағыныңқы сабақтас. | Мектеп: Ақтөбе қаласы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Димисанова Алтынай Батырхановна | |||||||||||||||
Сынып: 9 Т1 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Биотехнология және гендік инженерия келешегі. (2-нұсқа) | |||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 9.2.7.1 Ғаламтор, энциклопедия, газет-журналдар, оқулықтар, ғылыми еңбектерден алынған деректерді дәлел ретінде қолдану, авторына сілтеме жасау. | |||||||||||||||
Сабақтың мақсаттары | Ғаламтор, газет-журналдар мен ғылыми еңбектерден алынған деректерді талқылайды. Сабақ барысында қолданылған деректердің авторларына сілтеме жасайды. | |||||||||||||||
Бағалау критерийі |
| |||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Пәнге тән лексика мен терминология: Биохимия, гендік инженерия, молекулалық құрылым, ГМӨ. Сабақтас құрмалас сөйлем, шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас, қарсылықты бағыныңқылы құрмалас сөйлем, мезгіл бағыныңқылы құрмалас сөйлем. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Менің ойымша/пікірімше…, Менің көзқарасым тұрғысынан…., Менің көзқарасым бойымша…, Мен сенімдімін…, Мені таңқалдыратыны... | |||||||||||||||
Құндылықтарды игерту | Биотехнология және гендік инженерия саласындағы басты мәселелер, және де сабақтас құрмалас сөйлем тақырыбы аясында түсініктерін кеңейту. | |||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Биология, биохимия | |||||||||||||||
Бастапқы білім | Кітаби тіл, сөз дәлдігі | |||||||||||||||
Жоспар | ||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | ||||||||||||||
Сабақтың басы 0-5 | Қызығушылықты ояту.
Оқушылар биотехнология және гендік инженерия ұғымына ассоциация құрады. | слайд | ||||||||||||||
Сабақтың ортасы 5-15 15-30 30-35 | Мағынаны тану кезеңі Тапсырма
Оқылымалды тапсырмасы Оқушылар ережемен таныса отырып, шартты, қарсылықты, мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдерге мысал келтіреді. Оқылым тапсырмасы Берілген мәтінмен толық танысады. Мәтіннен шартты, қарсылықты, мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдерді табады. АШТАН ЕМЕС, АСТАН ӨЛМЕЙІК!ГМӨ бізге қайдан келді? Ғалымдардың болжауынша, жер шары небәрі 12 млрд адамды асырауға есептелген. Қазіргі таңда дүниежүзіндегі халықтың саны 7 миллиардқа жетіп отыр. 2020 жылы бұл сан 8 миллиардқа өсуі мүмкін. Онсыз да қазіргі күні әлемде жыл сайын 1 миллион адам аштықтан қырылатын болса,енді аз уақытта күллі адамзат азық-түлік тапшылығын тартады деген сөз. Осы түйткілді мәселені алдын ала болжап білгеннен кейін, ғалымдар генетикалық құрамы өзгертілген өнімдерді жасап шығарды. Оның түп-тамыры 1952 жылы ДНҚ-ның молекулалық құрылымын ашқан америкалық биологтар Джеймс Уотсон мен Фрэнсис Криктің ғылыми жаңалығынан бастау алады. Олар генетикалық материалдың ұрпақтан-ұрпаққа берілуіне, сақталуына, дамуы мен қызметіне ДНҚ жауапты екенін анықтағаннан кейін, 1972 жылы тағы бір америкалық биохимик Т.Берг екі түрлі организмнің ДНҚ молекулаларын бір-біріне қосып, бұрын-соңды болмаған басқа бір түрін құрастырып шықты. Осылайша, ол жануарлар, өсімдіктер және басқа да организмдерді будандастыру арқылы қолдан көбейтуге, өсіруге болатынын ашты. Гендік инженерия саласында ашылған бұл тәсіл алғашында өсімдіктерді үсіп кетуден сақтау үшін пайдаланылса, кейін астықты бірнеше есеге көбейтуге, тағамды молайтуға қолданыла бастады. Осы әдісті іліп әкеткен Қытай 1992 жылы пестицидтер қосылған темекі өндіріп шығарды. Содан кейін камбала балығының генін қосып, суыққа төзімді қызанақтар өндірді. Осылайша түрлі тәжірибелер жүзеге асқан кезде, әлемде ГМО дәурені жүріп сала берді. 1993 жылы ГМО қосылған жасанды тағамдар жаппай сатылымға түсе бастады. Қазақстанға да трансгендік өнімдер осы кезде таралды. Қымбат ТОҚТАМҰРАТ.«Айқын» 21 ақпан,2017
Оқылымнан кейінгі тапсырма Оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді.
Бағалау. | Нанобиотехнология Гендік модификация немесе өзгеріске ұшыраған өнім Қараңғыда жарқырайтын қояндар Аштан емес, астан өлмейік!ГМӨ бізге қайдан келді? | ||||||||||||||
Сабақтың соңы 35-40 | Кері байланыс «Бағдаршам» әдісі | слайд | ||||||||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау | ||||||||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? | Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?