Болашақ өмірді жоспарлау. Гендік терапия. Қазақ тілі, 9 сынып, дидактикалық материал.


1-мәтін

 

 Гендік инженерия жетістіктерінің қолданылуы

 

 Гендік инженерия жетістіктерін қазіргі кезде өнеркәсіптік көлемде жануарлар мен адамның антибиотиктерін, витаминдерін, гормондарын синтездейтін микроорганизмдердің жаңа штамдарын шығаруға пайдалануда. Сондай-ақ, адамның көптеген ауруларына себепші болатын вирустың бөліп алынған гендері бактерия клеткасына енгізіліп жан-жақты зерттелуде. Олай болса, адамзатты бірқатар тұқым қуалайтын аурулардан арылтуда гендік инженерияның болашағы зор деп есептеледі.

 Ауруларды емдеу үшін 1990-шы жылдан бастап гендік терапия қолданылып келеді. Бүгінгі күні гендік терапия арқылы диабет, анемия, Хантингтон ауруын және артерияны тазалай аламыз. Қазіргі таңда 500 астам клиникалық әртүрлі гендік терапиялық зерттеулер жүргізіліп жатыр. Гендік терапияны ең алғаш рет төрт жастағы қыз балаға қолданған. ADA генінің көшірмесі модификацияланған вирус арқылы Ашантидің қан жасушасына енгізілген, жасушалар өздігінен керекті белокты өндіруге қабілетті болған. Алты айдан кейін қыз баланың ақ қан жасушаларының мөлшері қалпына келген.

 

2-мәтін

 

 Гендік терапия

 

 Гендік инженерия адамдар арасында екі жақты түсінік қалыптастырып келеді: бірі қолдаса, екіншісі мұны дұрыс деп санамайды. Дегенмен барлық бұрыс пікірге қарамастан, гендік инженерия қолданысын тоқтатпады. Керісінше, жылдан-жылға дамып келеді. АҚШ-та гендік инженерия рак ауруымен күрес барысында қолданылды. Фармацевтикалық компания Novartis Пенсильван Университетімен қатар, тамақ және медиакаменттердің сапасын зерттеу және басқару орталығымен (Food and Drug Administration, FDA) бірлесе жұмыс жасайды. FDA балалардағы лейкемияны емдеуге арналған жаңа ем түріне рұқсат етті. Бұл ем шарасы гендік инженериямен тығыз байланысты екенін естен шығармаған дұрыс.

 «Біз медицинаның даму үрдісінің жаңа бөлігіне қадам басып барамыз. Айықпайтын рак дертімен күресу үшін өз жасушамызды қайта өңдеуге мүмкіндік алдық. CAR-T көмегімен емделудің бағасы 475 мың долларды құрайды. Бірақ Novartis Pharmaceuticals компаниясы балаларды тегін емдеуді ұсынып отыр»,– дейді FDA жетекшісі Скотт Готтлиб.

 Гендік терапия алдағы 10 жылдықта ең үздік көрсеткіштерге жетуі мүмкін. Бұл үрдіске 3 пен 25 жас аралығындағы лейкоз ауруына шалдыққан адамдар қатыса алады. Бұл бастама «болашақ медицинаға» жасалған алғашқы қадам болмақ.

 

«Жағымды, жағымсыз, даулы»

 Оқылым мәтініндегі авторлар ұсынған ақпараттарды мәселелерге бөліп, автор ойын талқылап, талдап, іріктеп, өз идеяларыңызды ұсыныңыз. Топта ақылдасып, бір мәселеге қатысты қорытынды пікір білдіріңіз.

Жағымды

Жағымсыз

Даулы

Дескрипторлар:

  • Мәтінді талқылап, талдап іріктеп оқиды;
  • Оқылым стратегияларын тиімді қолданады;
  • Мәтіндегі ақпаратты саралап, кестені толтырады.

Рефлексия

Нені үйрендім?

Не нәрсе түсініксіз болып қалды?

Немен қайта жұмыс жасау керек?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
Пікір жазу