Болашақ өмірді жоспарлау. Гендік терапия. Қазақ тілі, 9 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Биотехнология және гендік инженерия келешегі.

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9 Т1

Қатысқан оқушылар

саны:

 Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Болашақ өмірді жоспарлау. Гендік терапия.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.2.6.1 белгілі бір мақсат үшін оқылым стратегияларын тиімді қолдана білу

 Сабақтың

 мақсаттары

Белгілі бір мақсат үшін оқылым стратегияларын тиімді қолдана білуге үйрету

 Бағалау критерийі

Белгілі бір мақсат үшін оқылым стратегияларын тиімді қолдана біледі

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология: гендік инженерия, биотехнология, сабақтас құрмалас сөйлем түрлері т.б.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Менің ойымша/пікірімше…, Менің көзқарасым тұрғысынан…., Менің көзқарасым бойымша…

Құндылықтарды игерту

Өмір бойы білім алу

Пәнаралық байланыс

Биология, химия

Бастапқы білім

Оқушылар 8-сыныпта алған білім, білік, дағдыларына сүйенеді.

Жоспар

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 минут

Қызығушылығын ояту.

 Оқушыларға гендік инженерия туралы хабардан үзінді көретіледі. Оқушылар бүгінгі күндегі оның орны туралы ойларын, білетіндерін ортаға салады.

 Мұғалім сабақтың тақырыбын хабарлайды. Сабақ мақсатымен таныстырады. Оқушылар мен мұғалім бірлесе отырып, сабақтың бағалау критерийлерін әзірлейді.

https://www.youtube.com/watch?v=JUuqNChvzA4

Генетикалық зерттеу саласындағы жаңа жетістіктер

1 мин 44 сек

Сабақтың ортасы

7 минут

15 минут

7 минут

Оқылымалды тапсырмасы.

ТЖ «Тілдік орта» әдісі арқылы оқушылар ұсынылған тақырыпшаға қатысты ой-пікірлерін білдіреді.

  • Репродуктивтік денсаулықты сақтау - әр адам үшін маңызды!
  • Дену сау жанұя – болашақ кепілі!
  • Гендік инженерия саласының дамуы (медицина саласын басқа елдермен салыстыру)

Оқушылар жауап берген соң, ұсынылған слайдтар арқылы білімдерін толықтырады.

ЖЖ. Оқылым тапсырмасы

«Шеңберге отырып оқу» стратегиясын қолданып, берілген мәтінді оқиды.

1-мәтін

 Гендік инженерия жетістіктерінің қолданылуы

 Гендік инженерия жетістіктерін қазіргі кезде өнеркәсіптік көлемде жануарлар мен адамның антибиотиктерін, витаминдерін, гормондарын синтездейтін микроорганизмдердің жаңа штамдарын шығаруға пайдалануда. Сондай-ақ, адамның көптеген ауруларына себепші болатын вирустың бөліп алынған гендері бактерия клеткасына енгізіліп жан-жақты зерттелуде. Олай болса, адамзатты бірқатар тұқым қуалайтын аурулардан арылтуда гендік инженерияның болашағы зор деп есептеледі.

 Ауруларды емдеу үшін 1990-шы жылдан бастап гендік терапия қолданылып келеді. Бүгінгі күні гендік терапия арқылы диабет, анемия, Хантингтон ауруын және артерияны тазалай аламыз. Қазіргі таңда 500 астам клиникалық әртүрлі гендік терапиялық зерттеулер жүргізіліп жатыр. Гендік терапияны ең алғаш рет төрт жастағы қыз балаға қолданған. ADA генінің көшірмесі модификацияланған вирус арқылы Ашантидің қан жасушасына енгізілген, жасушалар өздігінен керекті белокты өндіруге қабілетті болған. Алты айдан кейін қыз баланың ақ қан жасушаларының мөлшері қалпына келген.

2-топ

 Гендік терапия

 Гендік инженерия адамдар арасында екі жақты түсінік қалыптастырып келеді: бірі қолдаса, екіншісі мұны дұрыс деп санамайды. Дегенмен барлық бұрыс пікірге қарамастан, гендік инженерия қолданысын тоқтатпады. Керісінше, жылдан-жылға дамып келеді. АҚШ-та гендік инженерия рак ауруымен күрес барысында қолданылды. Фармацевтикалық компания Novartis Пенсильван Университетімен қатар, тамақ және медиакаменттердің сапасын зерттеу және басқару орталығымен (Food and Drug Administration, FDA) бірлесе жұмыс жасайды. FDA балалардағы лейкемияны емдеуге арналған жаңа ем түріне рұқсат етті. Бұл ем шарасы гендік инженериямен тығыз байланысты екенін естен шығармаған дұрыс.

 «Біз медицинаның даму үрдісінің жаңа бөлігіне қадам басып барамыз. Айықпайтын рак дертімен күресу үшін өз жасушамызды қайта өңдеуге мүмкіндік алдық. CAR-T көмегімен емделудің бағасы 475 мың долларды құрайды. Бірақ Novartis Pharmaceuticals компаниясы балаларды тегін емдеуді ұсынып отыр»,– дейді FDA жетекшісі Скотт Готтлиб.

 Гендік терапия алдағы 10 жылдықта ең үздік көрсеткіштерге жетуі мүмкін. Бұл үрдіске 3 пен 25 жас аралығындағы лейкоз ауруына шалдыққан адамдар қатыса алады. Бұл бастама «болашақ медицинаға» жасалған алғашқы қадам болмақ.

«Жағымды, жағымсыз, даулы». Оқылым мәтініндегі авторлар ұсынған ақпараттарды мәселелерге бөліп, автор ойын талқылап, талдап, іріктеп, өз идеяларыңызды ұсыныңыз. Топта ақылдасып, бір мәселеге қатысты қорытынды пікір білдіріңіз.

Жағымды

Жағымсыз

Даулы

Дескрипторлар:

  • Мәтінді талқылап, талдап іріктеп оқиды;
  • Оқылым стратегияларын тиімді қолданады;
  • Мәтіндегі ақпаратты саралап, кестені толтырады.

Оқылымнан кейінгі тапсырма. ЖЖ.

«TED әңгімелері (talks)». «Ел келешегі биотехнологиямен тығыз байланысты, өйткені...». Осы ойды жалғастыра отырып 2 минуттық TED әңгімелерін дайындаңыз. Берілген сабақтас құрмалас сөйлем түрлерін қолданыңыз.

«Өсімпаздық денсаулық»

тақырыбындағы слайд

Таратпа мәтін

https://kazmedic.org/archives/1493

Гендік инженерия жетістіктері

слайд, кесте

https://massaget.kz/layfstayl/Zdorove/47916/

Сабақтың соңы

3 минут

Рефлексия

- Нені үйрендім?

- Не нәрсе түсініксіз болып қалды?

- Немен қайта жұмыс жасау керек?

Оқушылар стикерге пікір жазып қалдырады.

Слайд

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу