Қазақстанда биотехнологияның дамуы. Қазақ тілі, 9 сынып, дидактикалық материал.


1-тапсырма. Сұрақтарға жауап бер.

  • Ұлттық биотехнология орталығы туралы не білесің?
  • Заманауи технологияға негізделіп жасалған қандай жаңалықтар/өнімдер туралы естідің?

2-тапсырма. Мұқият тыңда.

«Қазақстанда биотехнология қарқынды дамып келе жатыр» тақырыбындағы бейнематериалды тыңда.

 

 Қазақстанда биотехнология саласы қарқынды дамып келеді. Мәселен, отандық ғалымдар биоүйлесімді желім әзірлеп шығарды. Оның қолданылу аясы - медицина мен биология. Әсіресе, оның көмегімен қарапайым хирургиялық тігістерді алмастыру мүмкін. Бұл жоба бойынша Ұлттық биотехнология орталығының ғалымдары шамамен екі жылдай шұғылданды. Мамандардың сөздерінше, олар төзімділігі жоғары, яғни осыған ұқсас қазіргі материалдардан жүз есе сапалы материалға қол жеткізді. Айтпақшы, бүгінгі күні дүние жүзінде медициналық желім жасап шығарумен бар болғаны бірнеше ғана ғылыми топ айналысады. Қазақстандық ғалымдардың әзірленімі импорттың орнын отандық өніммен алмастыруға және алдағы уақытта шетелдік нарыққа шығуға мүмкіндік береді.

АЛЕКСАНДР ШУСТОВ, ҰЛТТЫҚ БИОТЕХНОЛОГИЯ ОРТАЛЫҒЫ ГЕНЕТИКАЛЫҚ ИНЖЕНЕРИЯ ЗЕРТХАНАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

 - Прототип ретінде біз табиғи адгезивті ақуыздарды алдық және осы жоба аясында бізге ақуыздар алуға мүмкіндік беретін эксперименттік жүйе қалыптастырдық. Зертханада табиғи жабысқақ ақуыздарға ұқсас түріне қол жеткіземіз. Егер де бұл технологияны өнеркәіптік өндіріс деңгейіне дейін көбейтсек, онда біздің ақуызымыз осыған ұқсас табиғи түрлерімен салыстырғанда айтарлықтай арзан болады, әрі оның бағасын заманауи желімді материалдардың құнымен салыстыруға келетін еді.

 Қазір Биотехнология орталығы басқа да бағыттар бойынша жұмыс жүргізуде. Жеке зерттеу блогы ауыл шаруашылығы саласына арналған. Айталық, ғалымдар гербицидке төтеп беретін бактериалды гені егілген мақтаның ерекше сортын жасап шығарды. Мұндай мақта сортын жетілдіру келешекте өнімділіктің артатынына әкеледі. Ұлттық биотехнология орталығы осы жетістіктермен шектелмек емес – ғалымдар өз әзірлемелерін одан әрі де жалғастыра бермек. Айта кетсек, аталмыш институт 2011 жылдан 2015 жылдар аралығындағы Қазақстанның ғылыми ұйымдарының ішіндегі ең көп дәйексөз алынатындардың бірі деп танылды. Импакт-факторы жоғары халықаралық ғылыми жорналдарда басылып шығатын орталық ғалымдары мақалаларының саны жыл сайын артып келеді.

ЕРЛАН РАМАНҚҰЛОВ, ҰЛТТЫҚ БИОТЕХНОЛОГИЯ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:

  - Бидайдың, картоптың жаңа сорттарын, биотехнологиялық әдістердің көмегімен жасап шығарудамыз, олар топырақтың сортаңдануына, құрғақшылыққа, кейбір зиянкестерге төтеп бере алады. Біз өсімдіктер мен жануарлардың ауруларын айқындау мақсатында диагностикалар жасаймыз. Біз медицина үшін диагностикалар әзірлейміз. Медицинада біздің адам генетикасы саласында жүргізген зерттеулеріміз өте көп.

 Елбасының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында айтылған төртінші өнеркәсіптік революция, ғалымдардың пайымынша, биотехнологияның дамуынсыз мүмкін емес. Сондықтан да Орталықтың мамандары адам өмірін жақсартуға мүмкіндік беретін инновациялық шешімдерді одан әрі құрастыруға ниетті. Тағы да бір басты міндеттерінің бірі, олардың сөзінше, осы саланы мол табысты бизнес көзіне айналдыру.

Дереккөз: kazakh-tv.kz

«Түртіп алу» кестесімен жұмыс жаса.

«V» - «Білемін»

«-» «мен үшін түсініксіз»

«+» - «мен үшін жаңа ақпарат»

«?» - «мені таңғалдырады»

3-тапсырма. Тыңдалым мәтінін талда.

Т.

1-топ: мәтіннен айғақтар мен дәлелдерді;

2-топ: ұсыныстар мен шешімдерді;

3-топ: себептер мен салдарды;

4-топ: фактілер мен көзқарастарды анықтайды.

4-тапсырма. Монолог құрастыр.

Ж.

Биотехнология, гендік инженерия тақырыбына сай өздерің анықтаған сөздер мен фразаларды таңдай отырып, орта көлемді монолог құрастыр. Монолог жазу барысында сабақтас құрмалас сөйлемдерді (шартты бағыныңқы сабақтас, қарсылықты бағыныңқы сабақтас, мезгіл бағыныңқы сабақтас) қолдан.

..............................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

..............................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

..............................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

..............................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

Дескриптор

- тыңдалым алдында ойымен бөліседі;

- мәтінді тыңдайды;

- түртіп алу стратегиясын пайдаланады;

- тапсырма шартына сай мәтінді талдайды;

- орта көлемді монолог құрастырады;

- сабақтас құрмалас сөйлем түрлерін кіріктіреді.

 

 

 

 

 

 Монолог - кейіпкердің көпшілікке қарата немесе өзіне арнап айтқан сөзі, толғанысы, өсиет-уағызы. Сөз өнерінде жиі қолданылатын монологтар кейіпкердің ішкі жай-күйін, сырт ортаның өзіне әсер еткен жағдайына байланысты туған толғаныс-тебіренісін бейнелеу мақсатында қолданылады. Монологтың өзге сөйленістерден ерекшелігі - бір адамның ойы ғана көрініс табады. Мысалы, өзіміз күнделікті театрдан тамашалайтын сахналық көріністе кейіпкер өзімен-өзі сырласқандай болып, тыңдаушы немесе көрерменнен ешқандай жауап күтпейді. Ұлы ақын Абай Құнанбайевтің «Болыс болдым, мінеки» өлеңі лирикалық монологқа, Алтай ("Сұлушаш"), Қоңқай ("Ақан сері – Ақтоқты") репликалары эпикалық, драмалық монологтарға мысал бола алады. Монологта кейіпкердің ой-тұжырымы айтылып, оның жай-күйі айқын аңғарылады. Монологтың ғылыми тұрғыдағы атауы – «интраперсоналды сөйлеу».

https://massaget.kz/okushyilarga/uy_tapsyirmasyi/28706/

 Монолог – сөйлеуші өз ойын бір, бірнеше, көп адамдарға арнап айтатын ауызша сөйлеу әрекеті.

 Монолог тек қана ауызша сөйлеу ыңғайында бола бермей, жазбаша түрде де кездеседі. Екі жағдайда да (ауызша және жазбаша) негізгі ерекшелігі - бір адамның сөйлеуі немесе бір адамның ойы. Монологтың өзіне тән байымдау, синтаксистік құрылым, лексикалық бірліктерді (единицаларды) таңдап жұмсау, біршама жинақы пікір сияқты өзгешеліктері болады. Бұл аталған белгілердің сөйлеу немесе жазу жанрларына байланысты (көркем монолог, шешендік сөз, тұрмыстағы әңгіме т. б.), функциональдық-коммуникативтік қызметіне қарай (сипаттау, баяндау, әңгімелеу, сендіру т. б.) әр түрлі монологтар көрініс береді. Жанрішілік айырмашылықтар (автор сөзі, кейіпкерлер тілі, ғылымы баяндама, үгіт-насихат мақсатындағы сез т. б.) монологтың стилистикалық ерекшіліктерін танытады. Кейбір ғалымдардың пікірінше, монологтың белсенді болуы (риторикалық сұрақтардың жиі ұшырасуы, аудиторияға тікелей қарата сөйлеу дәстүрі т. б.) оны "диалогтандыра түседі", яғни адресаттарды (тыңдаушылар мен оқырмандарды) сөйлеуші немесе жазушы өзінің ойына етене араластыра алады. Монологтың бір көрінісі ретінде көркем шығармада, әсіресе, прозалық дүниедегі авторлық баяндау, бір жағынан, әдеби тілді ауызекі сөйлеу тіліне біршама жақындатса, екінші жағынан, тыңдармандар мен оқырмандарды оқиғаға араластырып жіберетін ұлы сөз зергерлері де бар. Демек, монолог туралы сөз болғанда, тек көркем әдебиеттегі мысалдарды келтіру бір жақты болады. Ғылыми баяндамада да, көпшілік алдында сөйлегенде де, екеу, үшеу ара сөйлескенде де, монологтың шебер құрылуы арқылы тыңдармандарымен диалог құрып кететін шешендер де болады.

  https://kk.wikipedia.org/wiki/

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу