Қазақстанда биотехнологияның дамуы. Қазақ тілі, 9 сынып, презентация.
Сауранбаева Мира
Дәрігер акушер-гинеколог
Жасөспірімдер мен
жастардың өсімпаздық
денсаулығының ахуалы,
Қазақстандағы ерте некелер
мәселесі
«Өсімпаздық денсаулық» ұғымы «репродукция» сөзінен шыққан (лат. reproduction сөзі өрбіп – өну, яғни, табиғат сыйлаған бала тудыру мүмкіндігі дегенді білдіреді).
БҰҰ – ың анықтамасы бойынша, Өсімпаздық денсаулық – бұл тек жай аурулар не дерттердің болмауы ғана емес, өсімпаздық жүйе, оның қызметтері әрі процестеріне қатысты барлық мәселелердегі толық тәни, психикалық және әлеуметтік бақуатты тіршілік ету ахуалы болып табылады.
▪ Өсімпаздық кезеңі – организмнің физиологиялық мүмкіндіктері тұрғысынан алғанда, адам балаларды тудыру мүмкіндігіне ие болатын 15 пен 49 жас арасындағы өмір жасы.
▪ Жыныстық денсаулық, ДДҰ – ың анықтамасы бойынша – бұл өсімпаздық денсаулықтың бір бөлігі, ол бақуатты жыныстық дамуды, жауапты қарым – қатынас пен жыныстық жүріс–тұрысты, аурулардан, жұмысқа жарамсыздықтан, күштеуден және басқа зиянды әдеттерден еркіндікті қамтиды. Сонымен бұл жеңсіктікпен (сексуалдық) байланысты тәни, эмоционалдық, ақыл–ой және әлеуметтік бақуатты тіршілік ету ахуалы болып табылады.
Жасөспірімдердің өсімпаздық денсаулығы мен өсімпаздық әлеуетін қалыптастыру салауатты өмір салтының бір бағыты болып табылады.
Келесідей бір ой-пікір жұрт ішінде кеңінен таралған: келешек өмірдің тууымен байланысты барлық нәрселер бүтіндей және толықтай тек болашақ ананың денсаулығына ғана тәуелді болады. Дегенмен, шындығында ол олай емес. Әр 100 баласыз жұптардың 40-60 – ың еркектің бедеулігі себебінен баласы болмай жүргені дәлелденген, бұл әйелдің ғана емес, еркектің де өсімпаздық денсаулығына ұқыпты да мұқият көңіл бөлудің маңыздылығын білдіреді.
Елімізде өсімпаздық денсаулығын қорғау келесіні білдіреді:
– ана болудың қауіпсіздігі;
– отбасын жоспарлау;
– медициналық – генетикалық кеңес беру;
– бедеуліктің алдын алу әрі оны емдеу;
– ЖЖБИ – дің алдын алу әрі оны емдеу.
ДДҰ – ың анықтамасы бойынша, өсімпаздық құқықтар дегеніміз
бұл олардың өздерінің таңдауы бойынша, ерлер мен әйелдердің ақпарат алуға және бала тууды реттеудің қауіпсіз, тиімді, қымбат емес әрі қолжетімді жолдарына қолжетімділігі құқығы, сонымен қатар, әйелдер үшін қауіпсіз болып табылатын екіқабаттық пен босануды қамтамасыз ете алатын және де ерлі–зайыптылар жұптарының дені сау балаға ата – ана болуына ең игі мүмкіндік беруді қамтамасыз ете алатын денсаулық сақтау қызметтеріне қолжетімділігі құқығы.
Басты құқықтар:
▪ барлық ерлі–зайыптылар жұптарының және жеке тұлғалардың өздерінің балаларының саны мен оларды туулары арасындағы уақыт аралығына қатысты еркін түрде жауапты шешім қабылдай алу құқығы;
▪ осы үшін қажет ақпаратқа, сауатты (білім алу арқылы нығайтылған) даярлыққа әрі құралдарға ие болу;
▪ сексуалды және өсімпаздық денсаулықтың ең жоғары деңгейіне жету құқығы;
▪ ешқандай кемсітушілік, мәжбүрлеу мен күштеусіз ұрпағының қайта өсіп – өнуіне қатысты шешімдер қабылдау құқығы.
НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗ
▪ Қазақстанда тұрғын халықтың өсімпаздық денсаулығын қорғау мәселелері 2008ж. 18 қыркүйегіндегі Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексімен реттеледі.
▪ Кодекс мазмұнына 2004 ж. 16 маусымда қабылданған № 565-II «Азаматтардың ұрпақты болу (өсімпаздық) құқықтары мен оларды іс жүзіне асыру кепілдіктері туралы» ҚР Заңының ережелері ендірілген. Кодекстің 87 бабы Қазақстанның барлық азаматтарына өсімпаздық (ұрпақты болу) таңдау еркіндігіне, өсімпаздық (ұрпақты болу) денсаулығын қорғауға және өсімпаздық құқықтар сақтауға кепілдік береді.
11-бап. Кәмелетке толмағандардың өсімпаздық (ұрпақты болу)
денсаулығын сақтау құқықтарыКәмелетке толмағандардың өсімпаздық (ұрпақты болу) денсаулығын сақтауға, сондай-ақ имандылық және жыныстық тәрбие мен бiлiм алуға құқықтары бар. Кәмелетке толмағандарға жыныстық бiлiм берудi бiлiм беру ұйымдарында арнайы әзiрленген бағдарлама бойынша арнайы дайындықтан өткен адамдар кәмелетке толмағандардың жынысын, жасын, психофизикалық дамуының ерекшелiктерiн және ата-аналарының пiкiрiн ескере отырып, жүзеге асырады. Кәмелетке толмағандарға имандылық және жыныстық бiлiм мен тәрбие беру, өсімпаздық (ұрпақты болу) денсаулығын сақтау, оларды отбасылық өмiрге дайындау жөнiндегi білiм беру бағдарламаларын әзiрлеудi бiлiм беру саласындағы уәкілетті орган уәкiлеттi органмен бiрлесе отырып қамтамасыз етедi.
Кәмелетке толмағандарға арналған ӨӨД жөніндегі қызметтерге қолжетімділік.
▪ кәмелетке толмаған азаматтар (өмір жасы 18 жас мөлшеріне толмағандар, яғни, заң жүзінде жауапты әрекет істеуге қабілетті деп таныла алмайтындар) өздерінің өсімпаздық денсаулығын қорғау жөніндегі барлық құқықтарды өз бетінше пайдалана алмайды (мысалы, ӨӨД қорғау жөніндегі қызметтерге қол жеткізе алу, өзінің өсімпаздық денсаулығының ахуалы жайлы шын әрі толық ақпаратты алу, контрацепция тәсілдерін пайдалану әрі еркін таңдау т.б.).
▪ медициналық араласуға келісімді олардың ата – аналары не заңды өкілдері береді, бұл өмір жасының айрықша ерекшеліктерін есепке алғанда, жасөспірімдердің өсімпаздық қызметтеріне қол жеткізе алуын айтарлықтай шектейді.
Кәмелетке толмағандарға арналған ӨӨД жөніндегі қызметтерге қолжетімділік.
Қазақстанның заңнамасында кей құқықтық қатынастарға түсу үшін міндетті жас мөлшерін 16 жасқа дейін төмендетудің мысалдары, мәселенки:
▪ Жасы 16 –ға жеткен кәмелетке толмаған адам, егер ол еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн болса немесе оның заңды өкілдерінің келiсiмiмен кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын болса, толығымен әрекетке қабiлеттi деп жариялануы мүмкiн (ҚР Азаматтық Кодексінің 22-1-бабы).
▪ Келесідей дәлелді себептер болған жайтта неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу орны бойынша тіркеуші органдар неке (ерлі-зайыптылық) жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендетеді – екіқабаттық (жүкті болу), ортақ бала тууы. («Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР Кодексінің 10 – бабы).
Қазақстан Республикасындағы кәмелетке толмағандардың құқықтық қабілеті
UNICEF/WHO/UNFPA жүйелеуі бойынша ҚР – дағы тұрғын халықтың жас бөлігінің жекелеген топтарының саны
(01.01.2014ж. ) қарағандағы дерек
Өмірінің 17 жасына қарай жасөспірімдердің 75% – ының созылмалы соматикалық аурулары болады, ал 18%– ында өсімпаздық жүйесінің патологиясынан қиыншылық көрген не көріп келеді.
Және де бүйткенде, контрацепция, АИТВ/ЖИТС – ің, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың (ЖЖБИ) алдын алу, нашақорлық, маскүнемдік және т.б. мәселелері жөнінен жасөспірімдердің мағлұматы аз және тиісті дағдылары жоқ.
15-19 жастағы жастар мен жасөспірімдердің өсімпаздық денсаулығының ахуалын, олардың хабардарлығының деңгейі мен қауіпсіз жүріс–тұрысының дағдыларын Ұлттық сараптамалық зерттеу, ЮНФПА, 2012 жыл
Барлық жастардың 64,6% – ы жыныстық қатынастарға мектепке бару жасында, кәмелетке толмай тұрып түседі, және де бүйткенде:
● жастардың 13,6% – ы бірінші рет жыныстық қатынастарға түсу тәжірибесін 15 жасқа толмай тұрып басынан өткерген;
● 15 жаста – 27,2%– ы;
● 16 жаста – шамамен 30%– ы;
● 17 жаста – 19%– ы.
● жыныстық өмір тәжірибесі бар жасөспірімдердің шамамен 40%– ның 2 және одан да көп жыныстық серіктестері бар болған.
● 2 және одан да көп жыныстық серіктестері болған жасөспірімдердің тек 25% – ы ғана мүшеқап (презерватив) қолданған.
● қыздардың 12,4%– ы қорғалмаған жыныстық қатынастар жасасқан.
● жыныстық қатынастар жасаған 15-19 жастағы жасөспірім қыздар арасындағы әрбір бесіншісі (21,3%) өзінің екіқабат болғанын хабарлаған;
екіқабат болған қыздар арасында ең көп үлес 19 жастағы қыздар еншісіне тиеді (28%), 16 мен 17 жас арасындағыларда – тиісінше 21% мен 23%.
Сауал қойылған қыздар арасында екіқабаттық 61,9% – нда абортпен, 38,1% – нда босанумен аяқталған (17 жастағыларда аборт жайттардың 100% – нда, 16 жастағыларда – 50%–нда, 18 жастағыларда – 66,7%–нда, 19 жастағыларда – 58,6%–нда жасалған).
Статистика жөніндегі ҚР Агенттігі деректері бойынша (2015ж.)Өмір жасы топтары бойынша туу
коэффициенті (1000 әйелге шаққандағы туғандар саны)
Өмір жасы топтары бойынша туукоэффициенті
ҚР бойынша жасөспірімдер екіқабаттығы
2013-2015жж. ішіндегі Алматы қаласындағы
жасөспірімдер арасындағы аборттар
Әлеуметтік жетімдік медициналық мәселе ретінде
▪ 2014ж. - республикамызда 32 мың жетім не бөтен адамның қамқорлығындағы бала болды,
▪ Және тек екі мыңының шынында әке не шешесі жоқ (6,5%), қалғаны маскүнемдігі, нашақорлығы, қылмыстылығы үшін ата – аналық құқығынан айрылған не өз балаларын тастап кеткендігінің себебінен ата – анасының көзі тірі кезінде жетім қалған.
2008-2010 жж. балаларынан бас тартып, оларды Алматы қ. Балалар үйіне өткізген әйелдердің мамандығы:
● үй шаруашылығында -237-59,7%;
● мамандығы белгісіз -85-21,4%;
● мектеп оқушылары -3-0,8%;
● институт, колледж студенттері -38-9,6%;
● мұғалім -6-1,5%;
● медбибілер (мейірбикелер) -2-0,5%;
● даяшылар -5-1,3%;
● аспаздар -5-1,3%;
● Операторлар, бас мамандар, әдіскерлер (методистер), санитар қыздар, нан пісіруші, менеджер, кондитер, әкімші (администратор), зертханашы, кір жуушылар
Алматы қ. 2015 жылдың 9 айы ішіндегі 18 жасқа дейінгі жасөспірім қыздардың «Д» тобының өкілдерінің гинекологиялық аурушаңдығының құрылымы (590 қыз)
2015 жылдың 9 айы ішінде ауруханаға аса ауыр халде келіп түскен 75 қыз бала балиғатқа толмаған организмнен қан кету диагнозы бойынша ҚАӨО стационарында емделген.
ЖЖБИ – ің басты нозологиялық түрлерінің Қазақстандағы 15-17 жастағы жасөспірімдер арасында 2004-2013жж. таралуының құрылымы, %– бен
РГП на ПХВ «Научно-исследовательский кожно-венерологический институт» МЗ и СР РК 2014-2015г.
ЖЖБИ жайттарының жалпы саны – 5009
aуыл/қала арақатынасы – 3:1
Ауыл жасөспірімдерімен салыстырғанда қала жасөспірімдері арасындағы, әсіресе «жаңа буын» инфекцияларымен , ЖЖБИ – мен ауруының үрдісінің азаюы интенсивтірек жүруде. Бұл ауылдық жерлерде тұратын жасөспірімдер арасында ЖЖБИ эпидемиологиялық ахуалына бақылау орнату жөніндегі қосымша ұйымдастырушылық – методикалық іс-шараларды қабылдаудың қажеттілігін көрсетеді.
15-17 жастағы жасөспірімдер арасындағы аурушаңдық құрылымы (100 мың тұрғын халыққа шаққанда)
РГП на ПХВ «Научно-исследовательский кожно-венерологический институт» МЗ и СР РК 2014-2015г.
ҚР -дағы АИТВ жөнінен ағымдағы ахуал
АӨА тобының сипаттамасы
АИТВ инфекциясының берілуінің жыныстық және парентералдық жолдарының үлес салмағы 2001 - 2015жж., тіркелу құрылымындағы (%) –бен
Жынысы бойынша бөліп алып қарастырғанда
АӨА арасындағы АИТВ берілуінің жолдары, 2015ж. N=17726, %
АИТВ жұқтырғандардың жылдар бойынша өмір жасы жөнінен құрылымы (%), 2001-2015жж.
Социологиялық зерттеу (қараша 2013 ж.)
Сексуалды және өсімпаздық денсаулық мәселелері жөнінен ШҚО колледждері оқушылары арасындағы оқытудың тиімділігін бағалау
Сынамалық жоба шеңберінде.
МАҚСАТЫ: СӨД мәселелері жөнінен хабардарлық деңгейін бағалау.
Зерттеу міндеттері:
▪ Қаланылмаған екіқабаттықтың, АИТВ-инфекциясын қоса алғанда ЖЖБИ – ың алдын алу жөніндегі білімдегі өзгерістердің салыстырмалы бағалауы;
▪ респонденттерге арналған СРД сферасы саласындағы хабардарлық пен қызметтердің қолжетімділігіндегі;
▪ жыныстық өмір басын кейінге қалдыруды, жалғыз жыныстық серіктеске адал болуды және мүшеқапты (презервативтерді) пайдалануды қоса алғанда респонденттердің жыныстық жүріс–тұрысындағы;
▪ ЖЖБИ – ың белгілерінің таралғандығы мен аталған белгілер бойынша медициналық көмекті алудағы.
Зерттеу дизайні
Оқытудан кейінгі нәтижелер:
Жыныстық өмір туралы тәжірибесінің барлығы:
АИТВ туралы айқын білімі:
Презервативтер туралы білімі:
:
ЖЖБИ – ді емдеу туралы хабардарлық:
Зерттеу нәтижелері
●Зерттеу тоғыз көрсеткіш ішінен бесеуіне оқытудың оң әсер еткенін көрсетті
● Күшейтілген СӨД компоненті бар «Валеология» пәні бойынша оқыту сынамалық колледждерде өзінің жоғары тиімділігін көрсетті
● КОЛЛЕДЖДЕРГЕ АРНАЛҒАН «ВАЛЕОЛОГИЯ» КУРСЫ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫН елдегі барлық колледждерге тарату ұсынылады
Басты мәселелер:
Жалпы білім беретін мекемелерде жасөспірімдердің өсімпаздық денсаулықты қорғау жөніндегі қызметтер бойынша білім алу мүмкіндіктері жоқ, ал елдегі негізінен үкіметтік емес ұйымдар күшімен іс жүзіне асырылатын ағартушылық, ақпараттық бағдарламалар, іс-шаралары мен қызметтер ауылдық жерлерде, шағын қалаларда және аудан орталықтарында тұратын балалар мен жасөспірімдердің басым көпшілігіне жетпейді.
Сонымен қатар, денсаулық сақтау
жүйесіндегі ӨДОЖ қызметтеріне
де қолжетімділік шектеулі
болып табылады.
Не істеу керек?
● Шешім қабылдау жасын 16 жас мөлшеріне дейін төмендетіп, жасөспірімдер үшін ӨДОЖ саласындағы медициналық қызметтердің қолжетімді болуын қамтамасыз ету;
● Көрсетілетін қызметтер сапасын жақсарта отырып, ОЖ мәселелері жөнінен кепілдендірілген тегін көмек беру;
● «Тең теңге» ұстанымы бойынша ӨДОЖ мәселелері жөнінен жасөспірімдердің хабардарлығын арттыру, сонымен қатар, БАҚ – ты жұмылдыру;
●Туындайтын мәселелерді қанағаттанарлық жолмен және жауапты түрде шешу үшін қажет өмір сүру дағдыларын дамытуға арналған ахлақтық – жыныстық тәрбиелеу жөнінен білім беру іс-шараларын өткізу;
● Жасөспірімдер – болашақ ата–аналарды сауықтыруды жүргізу.
Бiз әлемдi жақсарта
аламыз!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?