Қазақстанда биотехнологияның дамуы. Қазақ тілі, 9 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Биотехнология және гендік инженерия келешегі» Мектеп: Уақыты: Мұғалімнің аты-жөні: Сыныбы: 9 Т1 Қатысқаны: Қатыспағаны: | |
Сабақтың тақырыбы: | Қазақстанда биотехнологияның дамуы |
Грамматикалық материал | Синтаксис Шартты бағыныңқы сабақтас. Қарсылықты бағыныңқы сабақтас. Мезгіл бағыныңқы сабақтас |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты (оқу бағдарламасына сілтеме) | 9.1.6.1 қоғамдық-саяси, ғылыми, коммуникативтік жағдаятқа сай тиісті сөздер мен фразаларды таңдау, орта көлемді монолог дайындау |
Сабақ мақсаты | Қоғамдық-саяси, ғылыми, коммуникативтік жағдаятқа сай тиісті сөздер мен фразаларды таңдай отырып, орта көлемді монолог дайындау, сөйлеу мәдениетін дамыту. |
Бағалау критерийлері | - түрліше коммуникативтік жағдаятқа сай тиісті сөздер мен фразаларды таңдай алады; - орта көлемді монолог дайындайды. |
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: тақырыпқа сай сөздер мен фразаларды іріктей алады. Пән ерекшелігіне сай лексика мен терминология: биотехнология, гендік инженерия, заманауи технология, экологиялық таза т.б. Диалог пен жазылым үшін қажетті тіркестер: менің ойымша, мен ... ойлаймын... т.б. |
Құндылықтарды дарыту | Сабақ мазмұны арқылы академиялық адалдық, жеке/жұпта/топта жұмыс жасау, өзінің және өзгенің оқуына жауапкершілікпен қарау, көшбасшылық сияқты құндылықтар сіңіріледі. Жаһандық азаматтық ұғымы «Биотехнология және гендік инженерия» мәселесіне қатысты көрініс табады. |
Пәнаралық байланыс | Биология, гендік инженерия |
Алдыңғы білім | Оқушылардың төменгі сыныптан Гендік модификацияланған өнімдер туралы түсінігі бар. |
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер | Ресурс тар | ||
Сабақтың басы 0-5 | Жаттығу-тренинг. Оқушыларды шағын жұмыс топтарына бөлу. Жаңа сабаққа оқушы назарын аудару. Биотехнология, гендік инженерия тақырыбына қатысты суреттер көрсетіліп, болжам жасалады.
Сабақ тақырыбы, мақсаты таныстырылады. Бағалау критерийін оқушылар өздері құрастырады. | МД слайд | ||
Сабақтың ортасы 5-15 15-25 25-27
27-37 | Мағынаны тану кезеңі Т. Тыңдалым алдындағы тапсырма Әр топ бір сұрақты талқылап, жауап ұсынады. Оқушылар сыныптың төрт бұрышына ілінген сұрақтармен танысып, өз топтарында 1-2 минут талқылап, жауаптарымен ортақ шеңберге тұрып, бөліседі.
А+ деңгейіндегі оқушылар «дені сау ұрпақ» және «ғылым жетістіктері» екі тақырыпты байланыстырып, ой-пікірлерін қосады. Мұғалім оқушылардың жауаптарын мұқият тыңдап, кері байланыс береді. Сонымен қатар оқушылардың назарын слайдтағы қосымша ақпаратқа аударады.
С. Тыңдалым тапсырмасы «Қазақстанда биотехнология қарқынды дамып келе жатыр» тақырыбындағы бейнематериалды тыңдайды. «Түртіп алу» кестесімен жұмыс жасайды. 1-топ: мәтіннен айғақтар мен дәлелдерді; 2-топ: ұсыныстар мен шешімдерді; 3-топ: себептер мен салдарды; 4-топ: фактілер мен көзқарастарды анықтайды. Таныстырылым. Бағалау. Стикерлер Оқытуды бағалау үшін стикерлер қолданылады. Оқушылар топпен, жұппен немесе жеке жауап береді:
Тақырып бойынша нақты ақпарат жазулары қадағаланады. Тыңдалымнан кейінгі тапсырма Ж. Биотехнология, гендік инженерия тақырыбына сай өздерің анықтаған сөздер мен фразаларды таңдай отырып, орта көлемді монолог құрастыр. Монолог жазу барысында сабақтас құрмалас сөйлемдерді (шартты бағыныңқы сабақтас, қарсылықты бағыныңқы сабақтас, мезгіл бағыныңқы сабақтас) қолдан. Дескрипторлар: - тыңдалым алдында ойымен бөліседі; - мәтінді тыңдайды; - түртіп алу стратегиясын пайдаланады; - тапсырма шартына сай мәтінді талдайды; - орта көлемді монолог құрастырады; - сабақтас құрмалас сөйлем түрлерін кіріктіреді. Топтар бір-бірінің жауабын критерийге сай дескриптор арқылы бағалайды. Оқушылар жұптары мен серіктестерінің жұмыстарын талқылауды, пікір айтуды ауызша жүргізеді, яғни бағалайды. Жұмыс тиімді болу үшін оқушылар оқу мақсаттары мен табыс критерийлерін білуі керек. Сонымен қатар олар оқу мақсаттарына оң және сындарлы пікір ұсынуы арқылы бір-бірінің рөлін бағалауы керек. Мұғалім кері байланыс береді. | слайд http://www.biocenter.kz/kz/zha-aly-tar/gbo-turaly-bak/530 01:57 мин. | ||
Сабақтың аяғы 37-40 | Рефлексия «3-2-1» Сабақтан алған 3 маңызды ақпарат. Қиындық келтірген 2 мәселе. Сабақта ұнаған 1 аспект. | слайд | ||
Дифференциация Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Денсаулық және техникалық қауіпсіздікті сақтау | ||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?