Биотехнология және гендік инженерия келешегі. Синтаксис. Қазақ тілі, 9 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Биотехнология және гендік инженерия келешегі. Синтаксис

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Тоганакова Рабиға Сулейменовна

Сынып: 9 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

 Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Биотехнология және гендік инженерия келешегі. Синтаксис (1-нұсқа)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.3.1.1 жинақталған материалдар негізінде көзделген мақсатқа сәйкес ауызша және жазбаша мәтіндер үшін күрделі жоспар құру

9.4.4.3 сабақтас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажырата білу, түрлендіріп қолдану.

 Сабақтың мақсаттары

Жинақталған материалдар негізінде аргументативті эссе жазу үшін күрделі жоспар құру

 Бағалау критерийі

Тақырыпқа сай аргументативті эссе жазу үшін материалдар жинақтайды; күрделі жоспар құра алады; сабақтас құрмалас сөйлемдерді түрлендіріп қолдана алады.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

ДНҚ құрамы, ген, биотехнология, гендік инженерия

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Менің ойымша/пікірімше…, Менің көзқарасым тұрғысынан…., Менің көзқарасым бойынша…, Мен сенімдімін…, Мені таңқалдыратыны..., Мен келісемін..., Мен келіспеймін...

Құндылықтарды игерту

Жауапкершілік

Пәнаралық байланыс

Биология пәні

Бастапқы білім

Оқушылар 8-сыныпта алған білім, білік, дағдыларына сүйенеді.

Жоспар

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

0-5

Қызығушылығын ояту

Мұғалім оқушыларға «биологиялық құндылығы жоғалған өнім» деген тіркестің мағынасын ашып, мысалдар келтіру арқылы талқылауды сұрайды.

Мұғалім оқушылардың жауаптарын қорытындылай келе сабақтың тақырыбын хабарлайды. Сабақ мақсатымен таныстырады. Оқушылар мен мұғалім бірлесе отырып, сабақтың бағалау критерийлерін әзірлейді.

Сабақтың ортасы

5-15

15-30

30-35

Жазылымалды тапсырма

«Сұрақ алаңы» әдісі

Сұрақ алаңының тақырыптары:

Адамзат та, ғылым да даму үстінде. Уақыт өткен сайын жаңалықтардың ашылуы өте жиілеп барады. Гендік инженерияның болашағын қалай елестете аласыңдар?

  • «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» демекші, әрбір адам өзінің ұрпақ жалғастыруға қабілетті денсаулығын қалай сақтай алады?

Сынып екі топқа бөлінеді. Бір топ – «Журналистер», екінші топ – «Жас ғалымдар».

«Журналистер» тобындағылар «Жас ғалымдар» тобынан бір оқушыны таңдайды, сұрақ алаңына шақырады.

Қазақстандағы ғылымның дамуы, оның болашағына жауапты жас тұлға ретінде оған сұрақ қояды, екіншісі пәндік біліміне сүйеніп, дәлелдермен жауап береді.

Жазылым тапсырмасы

Мұғалім оқушыларға аргументативті эссе жазу үшін күрделі жоспар құруды ұйымдастыруда «Денотатты граф» əдісін қолдана алады.

1. Ұсынылған тақырыпқа эссе жазуға қажетті тірек сөздер белгіленеді.

2. Тірек сөздер арқылы берілетін ұғымның (тұжырым) қасиеттерін, белгілерін, ерекшеліктерін сипаттайтын етістіктер анықталады.

3. Тармақтарға жіктеледі.

4. Тармақтар арқылы мазмұн болжанады.

5. Тармақтар арқылы жоспар құрылады.

6. Сабақтас құрмалас сөйлемдерді қолданады.

Жоспар құруға үлгі:

І. Кіріспе бөлім.

1. Тезис

2. Тезис

ІІ. Негізгі бөлім.

1.Тезис:

А) сөйлем;

Б) сөйлем;

2.Тезис:

А) сөйлем;

Б) сөйлем;

В) сөйлем.

3. Тезис.

ІІІ.Қорытынды бөлім

Жазылымнан кейінгі тапсырма

«Менің соңғы сөзім» әдісі

Оқушылар жұпта бір-бірінің жоспарларын оқиды. Соңында эссеге қажетті тірек сөздерді тауып астын сызады немесе теріп жазады, содан кейін оқушы өзінің түсіндірмесін береді. Жоспар мәтінінде шартты, қарсылықты бағыныңқы немесе мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемдерді табады, орынды қолданылуын тексереді. «Ұсыныс, пікір, қосар ой» жүйесін басшылыққа алып, сыныптасының жұмысына жетілдіру үшін нақты ұсыныстар айтады. Оқушылар айтылған ұсыныс негізінде жұмыстарын өңдейді, редакциялайды.

Дескриптор:

  • Берілген сұрақтар бойынша материалдар жинақтайды.
  • Эссенің тақырыбын ашатын тірек сөздерді анықтайды.
  • Эссе тармақтары арқылы мазмұнын жоспарлайды.
  • Күрделі жоспар құрады.
  • Сабақтас құрмалас сөйлемнің кем дегенде екі түрін қолданады.

Мұғалімнің сындарлы кері байланысы келесі тіркестерден тұрады:

 Оқушыны бағалау сабақтың өн бойында жүріп отырады. яғни әр тапсырма орындалған сайын мұғалім оқушыға кері байланыс ұсынады. Ұтымды жауаптар мен жіберген қателіктерін талдайды. Кері байланыс нақтылаушы және интерпретация сұрақтар арқылы жүзеге асады:

- жоспардың тармақтары жақсы таңдалған, дегенмен ... назар аударған жөн;

- қателесуім мүмкін, бірақ, менің түсінігім бойынша, сіз ... дедіңіз бе?

- неге...?

МД слайд

https://present5.com/reproduktivti-densauly%D2%9B-zhospar-reproduktivti-densauly%D2%9B-reproduktivti/

1-таратпа

2-таратпа

Сабақтың соңы

35-40

Рефлексия

- Не жақсы өтті?

- Не жақсы өтпеді?

- Нені жақсарту керек?

- Не туралы ойлану керек?

Мұғалім сабақты қорытындылайды.

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу